Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары


«Невропатология (балалар, ересектер)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары



бет11/36
Дата18.04.2023
өлшемі1,2 Mb.
#84046
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36
Байланысты:
±9@K››0 ›>AK

17. «Невропатология (балалар, ересектер)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары

62. Қосымша медициналық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдыңғы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім.


63. Оқыту ұзақтығы:

  1. «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Жалпы практика дәрігері» мамандықтары бойынша интернатура және жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклінде – 864 сағат/16 апта; ересектер невропатологиясы бойынша қайта даярлау циклінде – 432 сағат/8 апта балалар бейіні бойынша; балалар невропатологиясы бойынша қайта даярлау циклінде – 432 сағат/8 апта ересектер бейіні бойынша;

2) Біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) Оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
64. «Невропатология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Жүйке жүйесінің тұқым қуалайтын аурулары»;
«Жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары»;
«Ересектер эпилепсия және эпилептика түріндегі синдромдар»;
«ЭЭГ және ЭЭГ-мониторинг негізімен бала жастағы эпилепсия»;
«Ересектерде жүйке жүйесінің инфекциялық аурулары»;
«Балалар жүйке жүйесінің инфекциялық, қабыну және диемиелинсізденген аурулары»;
18. «Психиатрия (наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология, сот-психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық сараптама)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары

62. Қосымша медициналық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдыңғы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім.


66. Оқыту ұзақтығы:
1) «Педиатрия», «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицинасы» мамандығы бойынша интернатура және жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде 864 сағат/16 апта;
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) Оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы), 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
67. «Психиатрия (наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология, сот-психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық сараптама)» мамандығы бойынша мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Балалық-жасөспірімдік шақтағы психикалық аурулар ағымының жалпы заңдылығы»;
«Балалық-жасөспірімдік шақтағы эндогендік психикалық бұзылыстар»;
«Балалық-жасөспірімдік шақтағы экзогендік психикалық бұзылыстар»;
«Балалар мен жасөспірімдердегі шектеулі (неврологиялық) психикалық бұзылулар»;
«Балалар мен жасөспірімдердегі психофармакология»;
«Балалар мен жасөспірімдердегі суицидтік мінез-құлық»;
«Балалар-жасөспірімдік шақтағы суицидтік мінез-құлық»;
«Науқастармен және олардың отбасыларымен психологиялық әлеуметтік және психологиялық оңалту жұмыстары»
«Балалар мен жасөспірімдердегі алғашқы психикалық бұзылулардың алдын алу»;
«Балалар мен жасөспірімдердегі нашақорлық».
19. «Медициналық реабилитология, қалпына келтіру емі (физиотерапия, емдік дене шынықтыру, курорттану) (ересектердің, балалардың)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары

68. Қосымша медициналық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдыңғы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім.


69. Оқыту ұзақтығы:
1) «Педиария», «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша интернатура және жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде 864 сағат/16 апта; емдік дене шынықтыру бойынша қайта даярлау циклдерінде 432 сағат/8 апта физиотерапия және куроттану бойынша, оның ішінде балалар; физиотерапия және куротология бойынша қайта даярлау циклдерінде 432 сағат/8 апта емдік дене шынықтыру бойынша, оның ішінде балалар.
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) Оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
70. «Медициналық реабилиотология, қалпына келтіру емі. (физиотерапия, емдік дене шынықтыру, курорттану) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Медициналық реабилитологиядағы инновациялық технологиялар»;
«Медициналық реабилитологиядағы, соның ішінде балалардың медициналық реабилитологиясындағы физиотерапия, емдік дене шынықтыру, массаж, куроротология бөлімдері бойынша өзекті мәселелер»;
«Медициналық реабилитациядағы дәлелді медицина мәселесі»;
«Медициналық реабилитация, кардиологиядағы, соның ішінде бала жасындағы өзекті мәселелер»;
«Медициналық реабилитацияның дәлелді медицина мәселелері»;
«Гастроэнрерологиядағы медициналық реабилитацияның өзекті мәселелері»;
«Неврологиядағы, соның ішінде бала жасындағы неврологиядағы медициналық реабилитацияның өзекті мәселелер»;
«Хирургиядағы медициналық реабилитацияның өзекті мәселелері»;
«Акушерия-гинекологиядағы медициналық реабилитацияның өзекті мәселелері»;
«Нейрохирургиядағы медициналық реабилитацияның өзекті мәселелері»;
«Педиатриядағы медициналық реабилитацияның өзекті мәселелері»;
«Травмотология мен ортопедиядағы медициналық реабилитацияның өзекті мәселелері».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет