Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары


«Соттық-медициналық сараптама» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары



бет24/36
Дата18.04.2023
өлшемі1,2 Mb.
#84046
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36
Байланысты:
±9@K››0 ›>AK

43. «Соттық-медициналық сараптама» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары
140. Қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдығңы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім, интернатура.
141. Оқыту ұзақтығы:
1) қайта дайындау циклдерінде – 864 сағат/ 16 апта;
- медициналық емес жоғарғы кәсіби білімі бар мамандар үшін – 864 сағат.
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) Оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
142. «Соттық-медициналық сараптама» мамандығы бойынша біліктілікті жетілдіру және қайта дайындау циклдарының негізгі тақырыптары (бағыттары) төмендегідей:
«Соттық медицинадағы инновациялық технологиялар»;
«Соттық медицинаның, соттық биологияның, соттық гистологияның, медициналық-криминалистикалық және химиялық-токсикологиялық зерттеулердің өзекті мәселелері»;
«Патологиялық анатомия және соттық медицинаның теориясы мен практикасының ұйымдастырушылық-әдістемелік мәселелері»;
«Соттық медицинадағы тұлғаны ұқсастыру әдістемелері»;
«Жәбірленушілердің, айыпталушылардың және басқа адамдардың соттық-медициналық сараптамасы»;
«Жалпы патологиялық процестер патоморфологиясындағы соттық-медициналық мәселелер»;
«Биологиялық шығу тегіне қарай айғақтық заттардың соттық-медициналық сараптамасы»;
«Соттық медицинадағы медициналық-криминалистикалық және фотографиялық тексеру әдістері»;
«Химиялық-токсикологиялық сараптамада хроматографиялық тексеру әдістерін қолдану»;
«Соттық медицинадағы соттық-гистологиялық зерттеулер»;
«Соттық медицинадағы химиялық-токсикологиялық зерттеулер»;
«Төтенше жағдайлардағы соттық-медициналық сараптама мәселелері»;
«Сарапшы қорытындысын толтыру және тұжырымдарды құрастыру мәселелері» және тағы басқалар;
«Патологиялық анатомияның өзекті мәселелері»;
«Клиникалық патоморфология. Диагнозды құру қағидаттары. Диагноздардың алшақтық категориясын анықтау және себептерін бағалау. Клиникалық диагностика сапасын бағалау»;
«Емқателік түсінігі. Емқателік санаттарын жіктеу қағидаттары».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет