Оңалтудың әлеуметтік бөлігінен (жергілікті атқару органдарының мамандарымен жүргізілетін мүгедектің өмірінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын тексеру актінен).
Оңалтудың кәсіптік бөлігінен (жұмыс істейтін мүгедектердің өндірістегі еңбек сипаты мен жағдайы туралы мәліметтерден).
Медициналық оңалту нені қамтиды?
Оңалтудың медициналық бөлігін медициналық ұйымдар мен басқа да мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.
қалпына келтіру терапиясын (дәрi-дәрмекпен, физикалық, санаторий-курорттық және ағзаның бұзылған немесе жоғалған функциялары мен денсаулықты қалпына келтiруге бағытталған басқа да емдеу әдiстерiн);
2. Медициналық оңалту жөнiндегi iс-шараларды денсаулық сақтау ұйымдары мен меншiк нысанына қарамастан басқа да мамандандырылған ұйымдар жүргiзедi.
3. Санаторий-курорттық емдеу халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган анықтайтын тәртiпте, жеке оңалту бағдарламарына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға ұсынылады.
4. Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедекке санаторий-курорттық емделуге жолдама Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушiнiң есебiнен берiледi.
5. Жұмыс берушi - жеке кәсiпкердiң қызметi тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда, жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедекті санаторий-курорттық емдеу осы баптың 3-тармағына сәйкес ұсынылады.
Әлеуметтік оңалту нені қамтиды?
Жауап:Оңалтудың әлеуметтік бөлігін халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдары, арнайы білім беру ұйымдары (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері) және басқа да мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.
мүгедектердi жеке бас гигиенасының, өзiн-өзi қарап-күтудiң, жүріп-тұрудың, қарым-қатынастың негiзгі әлеуметтік машықтарына үйрету;
мүгедектердi техникалық көмекшi (орнын толтырушы) және арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;
бөгде адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж мүгедектерге, соның iшiнде мүгедек балаларға үйде арнайы әлеуметтiк қызметтер ұсыну;
оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтік қызметтер ұсыну:
жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшi;
есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тiлi маманын – жылына алпыс сағатқа.
5. медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнайы әлеуметтiк қызметтер ұсыну;
6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық көмек көрсету;
7. оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтік оңалтудың өзге түрлері.