Медициналық Әлеуметтік оңалту” ПӘнінен теориялық сабақҚа арналған әдістемелік өҢдеу тақырыбы: Егде жас және қартайған шақтағы науқастармен медико-әлеуметтік оңалтудың жұмыс технологиялары. Мамандығы: 09130200 «Акушер іс»



бет5/14
Дата06.02.2023
өлшемі2,83 Mb.
#65540
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
оңалту 2-тақырып (копия)

6. Мүгедектіктің аңықтамасы?
Жауап:Бұл өмірлік қызметіне шек келтіріп, оның әлеуметтік қорғалуын қажет ететін ағза қызметінің бұзылуы, аурулар, жарақаттар, олардың зардабынан болған дефектілері бар денсаулығы бұзылған тұлға.
7. Мүгедектің құқықтары қандай?

  • әлеуметтік қорғалу, соның ішінде сауықтыру, қоғамға бейімделу

  • әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына кірумен қамтамасыз етілу

  • ақпаратты алуға мүмкіндік берумен қамтамасыз етілу

  • білім беру, қызмет түрін еркін таңдау, соның ішінде еңбекке байланысты

  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталатын тәртіппен көрсетілетін тегін медициналық көмектің кепілденген көлеміне ие болу

  • кәсіби дайындық және қайта дайындау, еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру және жұмысқа орналасу

  • Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес үй алу

  • Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда, соның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет саласында бірінші кезекте қызмет көрсетіледі

  • Мүгедектердің шығармашылық мүмкіндіктерін қолдау. 

8. Мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік көмектердің түрлері?

  • Мемлекеттік жәрдемақы, өтемақы және басқа да төлемдер

  • Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін қосымша әлеуметтік төлемдер

  • Жұмыс берушілердің көрсететін қосымша әлеуметтік көмек түрлері және өзге де ұйымдармен.

9. Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңы?
Жауап:Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 Заңы.
Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты:
1) мүгедектіктің алдын алуға;
2) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғауға, соның ішінде оңалтуға;
3) мүгедектігі бар адамдардың қоғаммен етене араласуына бағытталған.
10.Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау принциптері?
Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты:
1) заңдылық, ізгілік, адам құқықтарының сақталуы;
2) әлеуметтік қорғауға кепілдік берілу, медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалтуға қолжетімділікті қамтамасыз ету;
3) мүгедектігі бар адамдардың денсаулық сақтауға, білім алуға және қызмет түрін, соның ішінде еңбек қызметі түрін еркін таңдауға басқа азаматтармен қатар қол жеткізуі мен тең құқылы болуы;
4) мемлекеттік органдардың мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктермен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауы;
5) мүгедектік белгісі бойынша кемсітуге тыйым салу принциптері негізінде жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет