Медициналық-әлеуметтік оңалтуды ұйымдастыру


Мүгедектерге протезді-ортопедтік көмек пен техникалық жәрдемші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету



бет49/56
Дата16.05.2023
өлшемі0,61 Mb.
#93655
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   56
Байланысты:
реабилитация умк docx

Мүгедектерге протезді-ортопедтік көмек пен техникалық жәрдемші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету


Мүгедектердi протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидалары "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (3 қосымша 22.01.2015 ж № 26 бұйрық) құралдармен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
Протездiк-ортопедиялық көмек протездеу, мүгедектердi протездiк- ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету бойынша медициналық қызметтер көрсетуден, сондай-ақ оларды пайдалануды үйретуден тұрады. Протездік-ортопедиялық көрсетілген көмек ҚР мемлекеттік сатып алу туралы заң шығаруымен сәйкес мемлекеттік бюджет қаржысы есебімен жүзеге асады. Протездік-ортопедиялық көмекті қажет ететін мүгедектер қалалық, аудандық жұмыспен қамтамасыз ету және тұрғылықты орны бойынша әлеуметтік бағдарламаға өтініш шығарады. Жұмысқа қамту үйлестіру басқармасы және әлеуметтік бағдарлама аймағындағы, және ОЖБ негізінде, МӘС бөлімшелерімен өнделген, протездік-ортопедиялық құралдар олардың тізімі мен санның көрсетумен анықталады.
Протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету, және де оларды мемлекеттік бюджет қаржысы есебімен жөндеу жүргізіледі:

  1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, сондай-ақ жеңілдiктер мен кепiлдiктер бойынша соларға теңестiрiлген адамдарға;

  2. мүгедектiгi Қазақстан Республикасының Қарулы күштерiнде әскери қызмет мiндеттерiн атқарумен байланысты туындаған әскери қызметшiлерге;

  3. мүгедектiгi қызмет мiндеттерiн атқарумен байланысты туындаған ішкі істер органдары басқару және қатардағы құрамының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң адамдарына;

  4. әлеуметтiк қорғау жүйесiнiң ұйымдарында тұратын, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес толығынан мемлекет қарауындағы адамдарға;

  5. жалпы аурулардан және бала кезден мүгедектерге;

  6. 16 жасқа дейiнгi мүгедек балаларға тегiн жүргiзiледi.

Мүгедектер таңғыш-былғары, аралас протездер, заманауи технологиялар арқылы дайындалған протездермен, құрал-саймандар, сынық жерлеріне тысқабы, ортопедиялық аппараттармен, тізе астына салғыштар, қосымша кебіспен, тіреуіштері бар протездермен, былғары орындықтарымен, былғары шалбары, жылжыма, қолғап, таяқпен, балдақпен, жүріс арбасымен қамтамасыз етеді.
Таңғыш қалақты былғары протездер олар жарамсыз болғаннан кейін, бірақ оларды алған күннен бір жылдан ерте емес мерзімде ауыстырылады. Қазіргі заманғы технология бойынша жасалған модульдер мен бөлшектер негізіндегі қол және аяқ протездерін ауыстыру үш жылдан ерте емес, мүгедек- балаларға - алғаннан бастап екі жылдан ерте емес ауыстырылады.
Көкірек бездері протездерін ауыстыру оларды алған күннен бастап екі жылдан кейін жүргізіледі.





        1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет