Медициналық көрсеткіштерімен жеке көмекшінің әлеуметтік
қызметтерінұсынуға:
толық соқырлық;
түзетумен екі көзінің де 0,03-ке дейін көру жітілігі;
елеулі немесе айқын түрде білінетін вестибулярлық мишықтың бұзылуы;
елеулі немесе айқын түрде білінетін гиперкинетикалық амиостатикалық синдром;
паркинсонизм (елеулі немесе айқын түрде білінетін акинетикалық- регидтік түрі);
елеулі немесе айқын түрде білінетін: ауру немесе жарақаттар салдарынан туындаған гемипарез, төменгі парапарез, трипарез;
гемиплегия, триплегия, параплегия;
елеулі немесе айқын түрде білінетін қанайналымы және тыныс қызметтерінің бұзылуы (III кезеңдегі қанайналым жеткіліксіздігі, IV функционалдық сыныпты стенокардияға сәйкес қан тамыр жеткіліксіздігі, ІІ- ІІІ және III кезеңдегі өкпе-жүрек жеткіліксіздігімен қосарланған III дәрежелі тыныс жеткіліксіздігі және т.б.);
елеулі немесе айқын түрде білінетін несеп шығару жүйесі қызметінің бұзылуы (ІІІ-ІV дәрежедегі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі);
буын қызметтерінің ІІІ-ІV дәрежеде бұзылуымен қатар ағзаның статикалық-динамикалық қызметтерінің елеулі немесе айқын түрде білініп бұзылуы;
қолдардың екеуінің де протездеуге жарамсыз және жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындататын ампутациялық тұқылдары;
қолдардың екеуінде де протездеуге жарамсыз және жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындататын туа біткен ауытқулардың болуы;
екі санның протездеуге жарамсыз ампутациялық тұқылдары;
протездеуге жарамсыз жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын, қолдардың білінетін функционалдық бұзушылықтары бар балтырлардың ампутациялық тұқылдары;
жүріп-тұрудың III дәрежеде бұзылуымен қоса, аяқтардың дамуындағы туа біткен ауытқулар;
қолдардың жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындатып айқын білінетін функционалдық бұзылушылықтарымен қосарланған буындар қызметтерінің ІІІ-IV дәрежеде бұзылуымен қоса жамбастың және тізе буындарының екеуінің де функционалдық тұрғыдан қолайсыз қалыптағы анкилоздары;
қолдардың жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындатып айқын білінетін функционалдық бұзылушылықтарымен қосарланған буындар қызметтерінің ІІІ-ІV дәрежеде бұзылуымен қоса, жамбастың және тізе буындарының екеуінің де елеулі немесе айқын білінетін контрактуралары медициналық көрсетілімдер болып табылады.