адамның имундық тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауру;
неврозды, невроз тәріздес жай-күйлерді, жеңіл дәрежедегі қауқарсыздығы, ұстамалары сирек (2-3 айда бір реттен аспайтын) түрлі этиологиядағы тырыспа синдромдарын қоспағанда, ақыл ой кемістіксіз және жеке тұлғаның білініп бұзылуынсыз орны алатын психикалық бұзушылықтар жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсынуға медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылады.
Ымдық тіл дағдыларын меңгерген, мүгедекке ымдық тіл мамандарының әлеуметтік қызметін ұсынуға медициналық көрсеткіштері болып табылады
керең-мылқаулық;
есту протезін қолдануға жарамсыз толық кереңдік;
есту протезін қолдануға жарамсыз ІV дәрежедегі құлақ мүкістігі;
қимылдық афазия;
көмекейдің болмауы медициналық көрсетілімдер болып табылады.
Мүгедектер мен мүгедек-балаларға шипажай-курорттық емдеуді ұсыну
Мүгедектер мен мүгедек-балаларға шипажай-курорттық емдеуді алу, шипажай – курорттық емдеу мүгедектер мен мүгедек балаларға (2-қосымша 22.01.2015 ж № 26 бұйрыққа.) ҚР Заңына сәйкес «Қазақстан Республикасының мүгедектерін әлеуметтік қорғау», олардың медициналық оңалту, ағзаның бұзылған немесе жоғалтқан қызметтері мен денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған және мүгедектер мен мүгедек балаларға шипажай – курорттық емдеу ұсыну тәртібін орнатады.
Шипажай-куроттық емдеуді қамтамасыз ету ОЖБ сәйкес мүгедек- балалар және мүгедектерге шипажай-курортты жолдама ұсыну жолымен жергілікті орындаушы мүшелерімен жүзеге асады.
Жолдамаларды облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармалары, жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы, мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен сатып алады.