Өндірістікжарақат – жұмыскердің жұмыс міндеттерін орындау барысында, еңбек жарамдылығының жоғалуына алып келетін жұмыскер денсаулығының зақымдануы.
Мамандық – жұмыс дағдысы барысында және арнайы дайындық қорытындысы кезінде пайда болған арнайы теориялық біліммен тәжірибелік дағдылар кешенің игере алатын адамның еңбек қызметінің түрі.
Кәсібиауру – өзінің жұмыс міндеттерін орындау барысында зиянды өндіріс факторларының әсерлерінен пайда болған жұмыскердің созылмалы немесе шұғыл ауруға шалдығуы.
Кәсібиеңбекқабілеттілік- жұмыскердің белгілі бір көлемде сапалы және біліктілікті жұмысты атқара алуы.
Алғашқы медициналық – санитарлық көмек көрсету – қоғам, адам және отбасы деңгейінде көрсетілетін қолжетімді медициналық қызметтер кешенімен бірге тәулік бойы медициналық бақылауынсыз, дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмектің түрі.
Мүгедек бала– тыныс-тіршіліктің шектелуіне алып келетін ауру немесе жарақат салдарымен сипатталатын ақаулар және оны әлеуметтік қорғауды қажет ететін, денсаулығында ағза қызметінің тұрақты бұзылысы бар 18 жасқа дейінгі тұлғалар.
Оңалту – қызметтің ұтымды болуын физикалық, интеллектуалды, психикалық және әлеуметтік деңгейге жетуін және оны қолдауын, олардың өмірін өзгерту үшін жабдықтарды ұсыну және тәуелсіздігінің шекарасын кеңейтуге бағытталған мүгедектерге көмек көрсету мақсатымен жүргізілген үрдіс.
Оңалту потенциалы ––адамның биологиялық және психофизиологиялық сипаттарының, сонымен қатар әлеуметтік-қоршаған орта факторларың жиынтығы, белгілі бір жағдайды қалыптастырған кезде осы немесе басқа деңгейде тіршілік қызметінің бұзылған аясында қалыпқа келтіру барысында оның потенциалдық мүмкіндіктерін іске асыруға мүмкіндік береді. Мүгедектіоңалту – ағза қызметінің тұрақты өзгерісінен туындаған денсаулықтың бұзылысын, шектеулі тыныс – тіршілікті жоюға немесе мүмкіндігінше толықтай орнын толтыруға бағытталған медициналық,
әлеуметтік және кәсіби іс шаралардың кешені.