Ағзақызметініңбұзылуы – қалыпты жағдайдан ауытқу ретінде қарастырылатын ағза қызметінде немесе құрылымында пайда болған мәселелер.
Жағымсызболжам – бұл өндірістік қызмет көлемінің немесе біліктіліктің төмендеуіне алып келетін жұмысты біршама өзгертудің қажеттілігі немесе кәсіби еңбекті жалғастыра алмауы.
Тыныс-тіршіліктіңшектелуі - адамның өзіне-өзі қызмет етуі, еркін қозғалу, бейімделу, қарым-қатынас жасау, өзінің мінез-құлқын бақылау, білім алу және еңбек қызметімен айналысу мүмкіндіктерін толық немесе ішінара жоғалтуы.
Куәландыру – болжам мен оңалту потенциалын мен анықтап және ескере отырып МӘС жүргізу.
Куәландырылатынадам – сол адамға қатысты жүргізілетін МӘС.
МӘСбақылаужәнеәдіснамабөлімі – МӘС сұрақтары бойынша бақылауды және әдіснаманы жүзеге асыратын территориялық бөлімшенің бөлімі.
Мүгедектікәсібиоңалту – мүгедектің білімі мен дағдысын, олардың бейімделуін және жұмыспен қамтылуын, бұзылған немесе жоғалтылған кәсіби дағдыларды алуға немесе қалыптастыруға бағытталған кешенді іс – шаралар.
Толықуақытшаеңбеккежарамсыздық – бұл науқас өзінің кәсіби жұмысын ары қарай жалғастыра алмауы немесе уақытша қызмет атқара алмайтын жағдайы. Уақытша толық еңбекке жарамсыздық – науқастың кәсіби жұмысты ғана емес, сонымен қатар кез келген жұмысты атқаруға болмайтын жағдайымен анықталады.
Тұрақтытолықеңбеккежарамсыздық – бұл қалыпты өндіріс жағдайында қызмет атқара алмауы. Бұл 1 және 2 топ мүгедектері. Бірақ қазіргі замаңғы тұжырымдамаға сәйкес аурудың салдары мен мүгедекті анықтаудың қазіргі замаңғы критерилері, тұрақты толық еңбек етуге жарамсыздық – бұл ауру және жарақат салдарынан, туа пайда болған ақаулармен түсіндірілетін тыныс-тіршілік қызметінің шұғыл шектеулігі, ол білім ала алмауы, қарым – қатынас жасай алмауы, бейімделе алмауы, өз мінез құлқын бақылай алмауы, қозғалыс жасай алмауы және еңбек қызметіне қатыса алмауы салдарынан айқын байқалатын әлеуметтік бейімсізденуге алып келеді. 1 топ мүгедектері үшін көрсетілген бұзылыстар басқа жандардың көмегіне мұқтаждығын анықтайды. 2 топ мүгедектері үшін жоғарыда көрсетілген тыныс – тіршіліктің елеулі шектеулігі кезінде еңбек ету тек қана арнайы жасалынған жағдайында ғана мүмкін.