Медициналық-әлеуметтік оңалтуды ұйымдастыру


Жеке оңалту бағдарламасы-



бет5/56
Дата16.05.2023
өлшемі0,61 Mb.
#93655
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
реабилитация умк docx

Жеке оңалту бағдарламасы- мүгедектіктің оңалту мерзімін, нақты көлемін және түрін анықтайтын құжат.
Біліктілік – белгілі бір күрделі жұмыс деңгейін орындауға арналған жұмыскердің білімі, дағдысы және кәсіби дайындық деңгейі.
Өмір сапасы – өзінің жағдайына сәйкес қоғамда жеке қызмет атқара алуы және содан рахат алу.
Клиникалық болжам – клиникалық-қызметтік сараптама мәліметтеріне, этиология ерекшеліктеріне, патогенездің және ауру ағымына негізделген қызметтік ақау және жарақат салдарынан тыныс –тіршіліктің шектелуіне алып келетін, тиімді емдеу мүмкіндіктері бар аурудың даму болжамы және аурудың шығуы.
Медициналық әлеуметтік сараптама ағза қызметінің тұрақты бұзылысынан туындаған, шектеулі тыныс-тіршіліктің бағалануы және әлеуметтік қорғау негізінде куәландырылатын адамның мұқтаждығын бекітілген тәртіппен анықтау.
Медициналық оңалту - науқас жандардың денсаулығы мен мүгедектердің жоғалтылған ағза қызметінің немесе қызметтің қалыпқа келуіне бағытталған емдік іс – шаралардың кешені.
Медициналық кәсіби оңалту кәсіби маңызды қызметтердің жаттығуы және оған бейімделуін анықтайтын медициналық оңалтумен бірге жүретін еңбекке жарамдылық жағдайын қалыпқа келтіру үрдісі.
Мультидисциплинарлы топ – денсаулық сақтау ұйымының басшылығымен медициналық оңалтудың барлық кезеңдерінде құралған медициналық оңалту бойынша дайындығы бар және координатор – дәрігердің басшылығымен кешендік оңалту қызметін көрсететін, әртүрлі мамандардың тобы.
Денсаулықтың бұзылуы бұл органика деңгейінде бұзылыспен сипатталатын және патологиялық жағдайдың сыртқы көрінісі ретінде
қарастырылатын (аурулар, жарақат, ақау) жеке адамның биомедициналық жағдайында кейбір қалыпты нормалардан ауытқуы.
Еңбек етуге қабілетсіздік еңбек қабілетінің жоғалуы, яғни жарақатпен ауру салдарынан атқарылатын жұмыспен ағза мүмкіндігінің арасында сәйкестіктің болмауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет