Кариесті қуыстарды препарилеу кезінде ассистент болу Стоматологиялық қондырғыны желіге қосады
Компрессордың жұмыс істейтіндігін және резервуарларда сұйықтықтың бар-жоқтығын тексереді
Құрал—саймандардың, ұштықтардың, креслоның жұмысқа жарамдылығын тексереді
Терапиялық стоматологиялық қабылдауға арналған құрал-саймандар бар (стоматологиялық айна, қысқыш, сүңгі, тегістеуіш, штопфер, қалақша, бұрғылар) зарарсыздандырылған науаны дайындайды
Пациентті креслоға ыңғайлы етіп отырғызады
Пациенттің киімін бүлінбес үшін арнайы салфеткамен (алжапқыш) жабады
Ассистент болу үшін жұмыс істеуге ыңғайлы қалырты таңдайды: науқастың сол жағына тұрады
Науқастың аллергологиялық анамнезін анықтайды
Карпульді шприцті дайындайды: шприцті 70% этил спиртінің ертіндісіне батырылыған мақта шарикпен сүртеді, анестетикпен (убистезин, сентонест және т.б.) карпульді қояды, карпульді шприцке арналған инені емдеуші дәрігерге (практика жетекшісіне) жергілікті анестезия өткізу үшін береді
Емдеуші дәрігермен (практика жетекшісі) бірге стоматологиялық айнаның көмегімен көру арқылы кариесті қуыстың орналасуын, көлемін бағалайды, стоматологиялық сүңгімен зақымдану тереңдігін анықтайды, препарирлеу үшін бұрғыларды таңдайды
Емдеуші дәрігермен (практика жетекшісі) бірге кариесті қуысты препарирлеу кезінде пациенттің аузына сілекей сорғышты ұстап тұрады, манипуляция барысын, ұштыққа судың берілуін бақылайды, қажет болған жағдайда пациенттің ұртын немесе ернін cтоматологиялық айнамен бекітеді немесе жылжытады, айнаны кептіріп, сүртеді
Емдеуші дәрігермен (практика жетекшісі) бірге препарирлеу сапасын көру арқылы және стоматологиялық сүңгінің көмегімен бақылайды (пигментті тіндердің бар-жоқтығын, ауызды сүңгілеу кезінде сүңгінің тіреліп қалуын)
Препарирлеу сапасын тексеру үшін кариес детекторын пайдаланады: кариес – маркеріне («Caries Marker» және т.б.) ұзақ батырылған мақта тампонды препарирленген және кептірілген қуысқа 5-10 сек. енгізеді, сосын препаратты ағын суға жуады және препарирлеу сапасын бағалайды
Емшара барысында науқасқа өзінің әрекетін шыдамды, байсалды үнмен түсіндіреді
Кариесті қуысты препарирлеп болған соң кариесті қуысқа дәрі-дәрмекпен өңдеу жүргізеді: шприцпен аз концентрациялы антисептика ертіндісімен (0,1%-дық хлоргексидин ертіндісі, сутектің асқын тотығының 3%-дық ертіндісі, 0,02%-дық фурациллин ертіндіс) қуысты сулайды