Информатикадан білім негіздерін меңгеру оқушылардың жалпы ақыл-ойын дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін нығайтуға елеулі әсер етеді



Дата07.01.2022
өлшемі23,57 Kb.
#17474
түріСабақ
Байланысты:
4-тақырып — копия


Информатикадан білім негіздерін меңгеру оқушылардың жалпы ақыл-ойын дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін нығайтуға елеулі әсер етеді. Информатикадан білім беру негізін түсіну педагогикалық тәжірибенің атап айтқанда, информатикадан сабақ беру кезінде актив және интерактив әдістемелерді қолдануда көптеген маңызды мәселелерін шешу үшін сілтемелер жасайды. Соңғы жылдары информатикадан сабақ берудің тиімділігін айтарлықтай жоғарылатуға мүмкіндік беретін әдістемелерді іздеу және кеңінен қолданыла бастады.  Оқу үрдісінде оқу пәнінің мазмұнының көлемін анықтаумен және сабаққа қажетті материалды іріктеумен қатар оқыту әдістері де ерекше маңызға ие. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен пәннің мазмұнына сәйкес таңдалған әдіс білімінің саналы да, баянды болуын қамтамасыз етеді. Информатика курсының басқа пәндермен салыстырғандағы негізгі ерекшелігі — ол оқушылардың компьютермен жүйелi жұмыс істеуі болып табылады. «Әдіске» қатысты анықтамаларда бәріне ортақ пікір: “белгілі бір мақсатты көздеген мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас және іс-әрекет”. Олай болса оқыту әдістері — оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады [1].

Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амалтәсілдерімен қатар оның құралдарын да пайдаланады. Оқу құралдарына оқу кітаптары, көрнекі және техникалық құралдар жатады. Оқу кітаптары — оқулықтар, оқу-әдістемелік кітаптар, анықтамалар, сөздіктер, есептер жинағы т.б. Көрнекі құралдар — кестелер, сызбалар, чертеждар, суреттер, фотосуреттер, альбомдар, тарихи, экономикалықгеографиялық карталар т.б. жатса, ал техникалық құралдарға компьютер, интерактивті тақта және т.б. мультимедиа құралдары жатады [2]. Оқушылардың танымдық белсенділігін құруда сабақтардың дәстүрлі емес түрлері үлкен мәнге ие, қазіргі білім беруді дамыту үрдісі сабақтың түрлі модельдерін және қарқынды дамитын білім берудің әдістерін қолдануды талап етеді. Информатика пәнінің кез келген мұғалімі өз қызметінде оқушыларды оқытудың дәстүрлі емес әдістерін қолданады Информатика пәнін оқытуда да жаңа идеялар, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану керек-ақ. Оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасап, жеке тұлғаны дамытуда жаңашыл әдіс- тәсілдерді қолдану – оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, шығармашыық қабілетін дамытып, оқу материалын толық игеріп, қазіргі ақпараттық заманда оқушылардың компьютермен жұмыс істеуде сауаттылығы мен шеберлігін арттырады. В. М. Монаховтың «Технологиялық жобалау тәсілімен оқыту» технологиясымен оқытудың тиімділігі мен ерекшелігі сөз болмақ.

Информатика пәнін оқытудың негізгі мақсаттары жалпы білім беру, тәрбиелік, дамытушылық және практикалық болып бөлінеді. Осы мақсаттарға сәйкес негізгі мынадай екі талапты атап көрсетуге болады:

  • оқушыларға ақпаратты өңдеу, беру және қолдану процестері туралы білімдерді меңгерту;

  • оқушылардың оқу процесінде компьютерлік технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде, сонымен бірге кәсіптік қызметтерге пайдалану дағдыларын қалыптастыру.

Қазіргі заманғы  білім берудің және тәрбиелеудің сапасын көтеру, әрбір пәнді жоғары ғылыми деңгейде оқытуды қамтамасыз ету талаптары қойылған талаптарды орындау үшін оқытылатын пәндер материалдың көлемін және тізбесін нақтылау, оқулықтағы және оқу бағдарламасындағы артық жүктемеден арылу, оқу пәндеріндегі идея мен негізгі ұғымдарды нақты жеткізуді қамтамасыз ету. Оқу процесінің жобасын жүзеге асыру барысындағы оқушылардың ұйымдасқан түрдегі әрекеттері оқыту технологиясының маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады.

  1. Оқушылардың тақырыпты, тарауды оқу жобасымен таныстыру. Бұл жұмыс кабинетіндегі хабарлар тақтасына қарастырылатын тараудың шағын мақсаттарының мазмұны, болжау жұмысының жүргізілетін уақыты анықталған технологиялық картасын іліп қою арқылы жүзеге асады. Осы хабарлар арқылы оқушы өзінің алдағы  жұмыс әрекеттерін жоспарлап, тексеру жұмысына алдын – ала дайындалып жүреді. Мұндай жұмыс оқушының оқу процесіндегі белсенділігін қалыптастырады  және оқуға ынтасына оң әсер етеді.

  2. Технологиялық карта арқылы оқушы берілген шағын мақсат бойынша түзетуден кейінгі бақылау жұмысы қашан болатынын біледі. Мұның әдеттегі әдістемеден айырмашылығы, оқушыға өз білімін алғашқы деңгейге қарағанда жоғары деңгейде тексеріп көруге мүмкіндік бере отырып, оның дайындық әрекетін жандандыра түсетіндігінде.

  3. Оқытушы, технологиялық картада түзету бөлігі арқылы тақырыптағы кездесетін қиындықтарды жоюға бағытталған жұмыстар жүргізеді. Түзету оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалады. Түзету бөлігінде жазудың негізсіз болмауы және кеңестердің нақты болуы шарт.

Технологиялық жобалау тәсіл негізінде жобалаудың келесі кезеңі, жобаның негізгі ойын жүзеге асыратын – сабақтың ақпараттық картасын дайындау. Сабақтың ақпараттық картасы – технологиялық картадағы көрсетілген шағын мақсаттарды, ондағы сағат санына байланысты жіктеп жазуға арналған. Сабақтың ақпараттық картасында оқу материалдарының толық мазмұны сабақтың мақсаты мен міндеттері оқытушымен оқушы арасындағы қарым – қатынас нәтежесі, оқыту құралдарын қолдану кезеңдері қарастырылады. Сонымен қатар, сабақтың ақпараттық картасы – оқытушыге әістемелік құрал болып табылады және оның саны тақырыпқа берілген сағат санына байланысты болады.  Сондай –ақ  информатика сабағын оқытуда интерактивті әдістерді қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырады, өздігінен оқу ынтасын дамытады, ұжыммен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады, қарым-қатынас дағдысын қалыпастырады және дамытады, ал ең бастысы оқуға деген белсенділікті көтереді. Сонымен қатар компьютерлік интерактивті оқыту әдістері білім алушы мен оқыту жүйесі арасында өзара қарымқатынасты тудырады. Осының негізінде оқыту жүйесі ретінде видео (аудио) сабақтарды, бұрын алған білімдерін жетілдіру үшін мультимедиалық тренажер мен компьютерлік тестерді қарастыруға болады. Осыларды қолдану барысында білім алушылардың белсенділіктерінің артуын байқауға болады [3]. Шындығында қандай да бір тақырып бойынша видео сабақтың материалын көру арқылы білім алушының есте сақтау қабілеті артып, сабақ барысында мұғалім берген тапсырманы қатар орындау мүмкіндігі туады. Сонымен қатар, пән бойынша білімін жетілдіру үшін білім алушы мультимедиалық тренажерды қолдану арқылы берілген сұрақтарға жауап береді және дұрыс берілмеген жауапқа қайта оралып барлық сұрақтардың жауаптары дұрыс болғанша орындайды.

Интерактивті оқыту әдістерінің артықшылығы:

  • ақпаратты терең игереді, өйткені оны ой елегінен өткізеді;

  • тыңдау дағдысын қалыптастырып, өзгені тыңдай алады;

  • ойлауды белсендіреді;

  • әлеуметтік қарым- қатынас тәжірибесін қалыптастырады;

  • өз іс-әрекетін талдайды;

  • ынтымақтастықпен әрекет етуге уйренеді;

  • оқушылардың қызығушылығын туғызады;

  • әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;

  • әрбір оқушының сезіміне назар аударады;

  • оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;

  • оқушыларға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;

  • кері байланысты (аудиторияның жауап беру реакциясын) жүзеге асырады;

  • оқушылардың пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады; — өмірлік машықтарды қалыптастырады; — мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.

 Интерактивті оқыту әдістерінің кемшіліктері:

  • ұзақ уақытты қажет етеді; — ойынға мейілінше беріліп, қорытынды жасай алмауы;

  • жеке бастық “менің” қақтығысу қаупі;

  • оқушылардың белгілі санымен өткізгенде ғана тиімді болады [4].

Информатика сабағын жүргізуде дидактикалық тапсырмаларға сәйкес әдістерді таңдау өте маңызды. Сабақта қолданылып жүрген рөлдік ойындар, іскерлік ойындар, пікір-талас, оқушылардың баяндамалары мен ақпараттық хабарлары, дәріс, диалог, тренинг, дөңгелек үстелдер, ұжымдық-танымдық оқу, иммитация әдістері осы жоғары белсенділікті дамыту әдісінің белгілері болып табылады. Бұл әдіс бойынша үйретуші де үйренуші де өте белсенді. Белгілі бір тақырыптың негізінде сұхбаттасып, ондағы проблемаларды жеңу жолында бір-бірімен сөз сайысына түсіп, әрі өз ойларын ортаға салады. Мұндай жағдайда бір-бірін тыңдайды, өздерінің ойларын, пікірлерін, білімін өзара қарым-қатынас арқылы әңгіме тақырыбына қолданады. Сабақ үнемі көтеріңкі көңілде, оқушының сұраққа дұрыс жауап беруіне, белсенділік танытуына әсер ететіндей болуы қажет. Міне, осындай жайларды айта келе, информатика пәнін оқытуда  жаңа технологиялық әдістерін қолдана отырып, тартымды өткізе білгенде, тиімді ұйыдастыра білгенде ғана осындай қиындықтарды жеңуге болады және оқушылардың білім сапасының артатыны сөзсіз екендігі айқындалды.  Информатика пәні -басқа пәндерден алған білімдерді пайдаланушы және оны дамытушы пән. Демек, оқушылардың ғылыми дүние танымының, көзқарастарының негізі олардың басқа пәндерден алған білімдерін жинақтау нәтижесінде қалыптасуы керек. Бұл пәнаралық байланыс арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс — күрделі педагогикалық проблемалардың бірі. Информатика сабағына интерактивтік әдісті қолданудан оқушылардың білімі тиянақталады, білімі тереңдейді, өздігінен кітап оқуға дағдыланады, өмірмен байланылыстығын, информатика пәнінің түрлі пәндермен байланысты екендігіне көздері жетеді. Компьютерді экологияны, табиғатты қорғауға, экономиканы жобалауға, мәдениетті дамытуға, информатиканы география, физика, химия, еңбек, құқық, математика пәндерімен, медицина ғылымдарымен байланыстыруға болады. Міне осындай тәсілдермен өзгермелі ортада тиімді шешімді жылдам қабылдай алатын, өзіндік ойлау қабілеті бар, өзін өзі жетілдіре алатын, жаңа типтегі адамды қалыптастыруға, тәрбиелеп шығаруға болады. Осындай қасиеттері бар адам әлеуметтік жағынан да өзін өзі жақсы қорғай алады. Ендеше қоғам талабына сай білім беру үшін жаңа педагогикалық технологияларды әр түрлі оқыту әдістерімен сабақтастыра жүйелеп, заманауи тиімді білім беру жүйесін жасақтай білуіміз керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Садықов Т.С., Әбілқасымова А.Е. Қазіргі заманғы сабақ. Оқу процесін ұйымдастыру. Алматы, 2004. – 218 б.

  2. Дидактикалық материалдар пайдалану арқылы оқушылардың өз бетімен білім алуға дағдыландыру. Информатика негіздері журналы. №4-2006 ж.

  3. Мұхамеджанова С.Т. Мектеп информатикасын оқыту әдістемесі. – Алматы, 2006.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет