Медициналық коледж «Шапағат» Әдістемелік кеңестің



бет6/13
Дата05.06.2023
өлшемі302,47 Kb.
#98828
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Хаттама метод совет

Шешім қабылданды:

  1. Баяндама «ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары» әр әдістемелік бірлестікте талқыланып, оқылсын.

  2. Баяндама «Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі бұйрықтары». әр әдістемелік бірлестікте талқыланып, оқылсын.

  3. Пәннің оқу –әдістемелік кешені туралы мәлімет (П- ОӘК ережесімен танысу), ақпараттық, аудиториялық электрондық кітаптар жинақтау және пайдалану мәселесі бойынша әр аудитория толықтай электрондық оқулықтармен толықтырылсын.

  4. Сабаққа қатысу және оқытушылардың сабақтарға өзара қатысу ережелері» баяндама қанағаттанарлық деп есептелінсін.

  5. Медициналық пәндер үйірмесі жұмысыны қанағаттанарлық деп есептелінсін.

Әдіскер : Кузембаева Г.А. ____


Хатшы :Жакупова Д. _____


Медициналық коледж «Шапағат»
Әдістемелік кеңестің
3 хаттамасы
«23» қазан 2019 жыл
әдіскер – Кузембаева Гульназис Алтынбековна
Қатысқандар:
Әдістемелік кеңес төрайымы:
Кузембаева Гульназис Алтынбековна
Мүшелері:
1. Б. Керимбекова
2. Б..Нуртазина
3. Ж.О.Мамытханова
Күн тәртібінде:

  1. Баяндама «2011-2020 жылдарға арналған ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

  2. Озық іс-тәжірибе мектебі: Баяндама: «Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы арқылы оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру»

  3. Баяндама: «Мейірбике ісінің Халықаралық аренадағы дамуы»

  4. Студенттердің аралық аттестаттау материалын қарау (қысқы сессия)

  5. Жалпы білім беру пәндері үйірмелері жұмыстарын қарау.

Тыңдалды
1.Бірінші мәселе бойынша оқытушы Ж.О.Мамытханова сөз алды. Ж.О.Мамытханова «2011-2020 жылдарға арналған ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» бойынша баяндама жасап, оқытушыларға бағдарлама туралы толық түсіндіріп берді. Оқытушылар өздерін толғандырған мәселе бойынша сұрақтар қойып өз жауаптарын алды. Сонымен қатар заманауи үрдіс бойынша білім беру семинарларын ашық сабақтарын сонымен қатар жас мамандарға мастер класс өткізу туралы ұсыныстар жасалды.Білім беруді дамытудағы мемлекеттік бағдарламаның әрбір пунктері талқылынды.
2.Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша . Б..Нуртазина «Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы арқылы оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру» тақырыбында баяндама жасады.Баяндамада оқытушылардың оқушылармен жұмыс істеу методикасын талқылады.Онда «Мыиға шабуыл» «Топпен жұмыс» «Аквриум» тағы басқада өз бетімен жұмыс істеу жолдарына тоқталып өтті. Оқушы білімін бағалау деңгейлерін,сонымен қатар үй тапсырмасымен жұмыс жасау әдістерін талқылады.
Сөйледі:
Оқытушы Гусманов С.З.:- Оқушылардың практика сабақтарын қалай тексеруімізге болады.
Гусманов С.З:- Әр оқушыға жеке кесте жасап уақытында барып сонымен қатар практика нұсқаушысымен кездесіп мағлұмат алып отыру керек.
3. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша колледж оқытушысы Ж.О.Мамытханова «Мейірбике ісінің Халықаралық аренадағы дамуы» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз баяндамасында бүгінгі таңда мейірбике жұмысының маңыздылығын, оның маңыздылығын атап өтті: - Халықаралық аренада мейірбике ісінің дамуы бойынша істелініп жатқан жұмыстар аз емес. Осы орайда конференциялар, форумдар, іс тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізіледі. Біздің еліміз Финляндия, Қытай елдерімен тығыз байланыс жасап, тәжірибе алмасып отырыды. Болашақта халықаралық арена аймағын кеңейтуіміз керек.
Сөйледі:- колледж оқытушысы Б. Керимбекова. – Бізді арине осы мәселе қатты толғандырады. Біз Қытай, Финляндия мемлекеттерімен тәжірибе алмасу толғандырады. Қазіргі заманда тек оқытушылар ғана шет мемлекеттерге шығып жүр болашақта білімгерлерді де жібере аламызба.
Ж.О.Мамытханова.:- Бұл мәселе арине болашақта іс жүзіне асады. Ол үшін біз білімгерлеріміздің білім деңгейін халықаралық деңгейде көтеруіміз керек.
4.Күн тәртібіндегі төртінші мәселе білімгерлердің аралық аттестациялау материалын қарау (қысқы сессия) мәселесі бойынша ПЦК төрайымдары алды: - Қысқы сессия бойынша білімгерлердің аралық аттестациялауға әр пән бойынша аттестациялау құжаттары дайындалды. Тестік сұрақтар, билеттер жасалып бекітілді. Алдын ала білімгерлермен қосымша сабақтар, концультациялар, нұсқаулар жүргізілуде. Сессия күнтізбесі жасалып, ілінді.
5. Күн тәртібіндегі бесінші мәселе бойынша жалпы білім беру пәндері үйірмелері жұмысы туралы Б. Керимбекова. сөйледі:- Біздің жалпы білім беру пәндері бойынша үйірмелер құрылып, жұмыс жоспары жасалған. Онда « Менің құқығым», «Біз қазақ тілін үйренейік», «Математика», «Өлкетану», «Мұражай» үйірмелермен жұмыс жүргіземіз. Әр үйірмеге сабақ кестесі жасалып білімгерлер уақытылы қатысып тұрады. Әр ай сайын ғылыми- конференциялар, дөңгелек отырыстар, тәрбие сағаттары өткізіледі. Сонымен қатар білімгерлердің бос уақытында шахмат, шашки, валейбол ойындары жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет