Медициналық коледж «Шапағат» Әдістемелік кеңестің



бет5/13
Дата05.06.2023
өлшемі302,47 Kb.
#98828
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Хаттама метод совет

Тыңдалды
Әдіскер Кузембаева Г.А. ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары» арналған Мемлекеттік бағдарламасын орындау барысында оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Онда ПЦК жетекшілерімен бірлесе отырып семинар –сабақтарын және тақырыпқа сай талдау әңгімесін жүргізді.

  • Тақырыпқа сай хабарламаны Бибекина Н.П.–сай жасады.

  • Тақырыпқа сай ашық сабақтарды Гусманов С.З өткізді.

Сөйлеушілер:

  • Жумабаева Б.С..– Колледж директоры өз сөзінде «кәсіби шеберлікке мемлекеттік бағдарлама негізінде лайықты маман етіп даярлауда біздерге үлкен міндет жүктеледі. Күнделікті жұмысымызда заман талабына сай техникалық оқыту жүйесін игеру және жүзеге асыру үшін өзіміздің біліміз бен біліктілігімізді арттыру мақсатында озық тәжірибелерді оқып үйрену болып табылады».

  • Бибекина Н.П.– директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары «Мемлекеттік бағдарламаны орындау барысында жоғарыдан келетін оқу жоспарларымен оқу бағдарламалары енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды әрдайым мұқыят ақпарат жүйесінен қарап отырумыз керек»

  1. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі бұйрықтары» туралы Жумабаева Б.С. таныстырып өтті. Оқытушылар баяндамаға байланысты сұрақтар қойып жауаптарын алып отырды.

  2. Үшінші мәселе бойынша Ж.О.Мамытханова «Пәннің оқу –әдістемелік кешені туралы мәлімет (П- ОӘК ережесімен танысу), ақпараттық, аудиториялық электрондық кітаптар жинақтау және пайдалану».туралы баяндама жасады.:- Бүгінгі күні әр оқытушы өз пәнін білімгерлерге толыққанды түсіндіру үшін тек оқулықтарды ғана қолдануға болмайды. Бүгін техниканың дамыған кезі. Сол үшін әр оқу аудиторияларында электрондық оқулықтар жинақталуы керек. Білімгерлер ақпараттық жүйені пайдалана білуі тиіс. Кітап қоры, әдістемелік құралдарымыздың қорын барынша толықтыру керек.

  3. Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша колледж оқытушысы Абижанов Е «Сабаққа қатысу және оқытушылардың сабақтарға өзара қатысу ережелері» бойынша баяндама жасады:- ӘЦК жетекшілері және оның мүшелері арасында өз ара сабаққа қатысу жұмысы ұйымдастырылды. Әр оқытушы сабаққа қатысу кестесін жасап сол бойынша жұмыс жүргізді. Міндетті түрде жас мамандар тәжірибелі оқытушылардың сабақтарына өз ара тәжірибе алмасу, жаңа инновациялық технологияны меңгеру үшін өзара тәжірибе алмасу мақсатында сабақтарға кіріп тұруы керек. Тек арнайы пән сабақтарына ғана емес сабақтан тыс тәрбие жұмыстарына да уақытылы қатысып тұру керек.Дегенмен де бұл жұмыс жоспарда көрсетілгендей толыққанды жүзеге аспады. Болашақта осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

  1. Күн тәртібіндегі бесінші мәселе бойынша колледж психологы Преснова Л.П. оқытушылармен психологиялық тренинг өткізді. Оқытушыларға оқытушының бір күні, бос уақытымды қалай өткіземін, менің білімгерлермен қарым қатынасым т.б. сұрақтар бойынша психологиялық сұрақтар қойып, ойындар өткізді. Оқытушылар өз ойларын білдіріп рахметтерін айтты.

  2. Күн тәртібіндегі алтыншы мәселе бойынша медициналық пәндер үйірмесі жұмысынының жұмысы туралы колледж оқытушысы Ж.О.Мамытханова сөз алды:- Оқу жылы басында медицина пәндері бойынша келесі «Милосердия», «Волентер», «Анатом» үйірмелері құрылды. Барлық үйірмелер бойынша жұмыс жоспарлары жасалынып, бекітілді. Оқытушылар үйірме өткізілу кестесі тізілді, қатысатын оқытушылардың тізімі жасалынды.

  3. Үйірмелер өз деңгейі бойынша уақытылы және дұрыс жүргізіліп тұрады. «Милосердия» үйірмесі жетекшісі Ж.О.Мамытханова колледжішілік «Болашағымыз біздің қолымызда атты іс-шара өткізді. «Волентер» үйірмесі жетекшісі Гусманов С.З. қарттар күніне қарсы 3 курс білімгерлерімен қарттар үйіне барып қан қысымдарын өлшеп медициналық күтімдер жасады. Жоспар бойынша қаңтар, наурыз айларында медициналық тақырыптарда білімгерлер арасында танымдық баяндамалар оқылу жоспарланып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет