«медициналық-профилактикалық іс» мамандығЫ Үшін дәрістер жинағЫ



бет6/23
Дата14.10.2023
өлшемі202,29 Kb.
#114553
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
МПФ-лекция-каз

Жедел кезеңнің жауабы немесе иммундық жауап – зақымдануға организмнің бейнақты серпілісі, жүйелік қабынулық жауаптың бір құрамбөлшегі.
Жедел кезең жауабы бактериялық, саңырауқұлақтар, вирустық жұқпалар, қабыну, жарақат, күйік, өспелер, тіндердің ишемиясы, иммундық дерттік үрдістерге дамиды. Клиникалық жағынан аурудың бейнақты белгілері: ауыру сезімі, жайсыз сезіну, буындардағы ауыру сезімі, ұйқышылдық, тәбеттің төмендеуі, жүдеу хабаршы кезеңнің көріністеріне сәйкес келеді. Бұл өзгерістердің патогенезінде «жедел кезең жауабы» дәнекерлері – цитокиндердің жүйелі әсерінің және гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесінің (стресс) әсерленуінің маңызды орны бар.


Жедел кезең жауабының негізгі әсері

Гипоталамус

Дене қызуының жоғарылауы ( қызба)

Гипоталамус гипофиз – бүйрек үсті бездері жүйесі

Кортиколиберин сөлденісінің жоғарылауы – АКТГ ↑ → глюкокортикоидтардың ↑ ( стресс)

Зат алмасу

Катаболизмнің күшеюі, теріс азоттық тепе –теңдік, несеп арқылы фосфаттар, сульфаттар, калий және амин қышқылдарын, креатинин және несеп қышқылын жоғалту. Май, гликогеннің ыдырауы, глюконеогенездің күшеюі. Энергияның ішкі қайнар көзін пайдалану.

Иммундық жүйе

Т және В лимфоциттерінің әсерленуі

Қан плазмасы

- Калликреин – кинин, комплемент, қан ұйытатын, ұюға қарсы жүйелердің әсерленуі
- Диспротеинемия
- Сиал қышқылдарының көбеюі (гликопротеидтердің құрамбөлшектері)
- ЭТЖ –ң жоғарылауы

Қан түзу жүйесі
( сүйек кемігі)

Нейтрофилдік лейкоцитоз
Ретикулоцитоз

Нейтрофилдер

Лактофериннің шығуы → қанда темірді байланыстыру ( трансферин-нен,бактериялардан) → гипосидеремия

Бауыр

«Жедел кезеңнің жауабы» глобулиндерінің түзілуінің күшеюі: фибриноген, С - әсерлі нәруыз (қалыпты жағдайда болмайды), А және Р амилоидтар, гаптоглобин, церулоплазмин, орозо-мукоид, ферритин, антигемофилиялық глобулин, қан уюының ҮІІ, ІХ факторлары, қан уюына қарсы С және $ нәруыздарының, антитромбин ІІІ, плазминоген, а 2 – макроглобулиннің, барлығы 30 жуық).
«Жедел кезеңнің жауабы» глобулиндерінің қызметі:

  • антиоксиданттық (церулоплазмин, амилоид, гаптоглобин, С - әсерлі нәруыз, транскобаламин, а2 – макроглобулин)

  • микробтарға қарсы (С - әсерлі нәруыз, лактоферрин, комплемент факторлары). Олар темір және цинктің тінге түсуін азайтады → бактериялардың өсіп - өнуі төмендейді

  • гемостазға қатысуы (қан ұйытқыш және ұюға қарсы жайттар).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет