«медициналық-профилактикалық іс» мамандығЫ Үшін дәрістер жинағЫ


«ЖЕДЕЛ КЕЗЕҢ ЖАУАБЫНЫҢ» ОРГАНИЗМ ҮШІН МАҢЫЗЫ



бет7/23
Дата14.10.2023
өлшемі202,29 Kb.
#114553
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
МПФ-лекция-каз

«ЖЕДЕЛ КЕЗЕҢ ЖАУАБЫНЫҢ» ОРГАНИЗМ ҮШІН МАҢЫЗЫ

  • Қорғаныстық

Жедел кезеңнің нәруыздары микробтарға қарсы, антиоксидантты әсер көрсетеді. Цитокиндер ағзалар мен жүйелердің қызметін өзгертеді, қызбаны тудырады, фагоцитозды әсерлейді, стресс дамытады. Цитокиндер зақымдануға жедел жауап беретін бөліктерге қордағы метаболиттердің (аминқышқылдары сүйек кемігіне, лимфа тіндеріне, бауырға бағытталады) қайта бөлінуін қамтамасыз ете отырып зат алмасуының түбегейлі қайта құрады. Соның нәтижесінде бұзылған гомеостаз қалпына келіп, өліеттенген тіндер шығарылып, артық тіндік протеазалар байланыстырылып, жойылады, тіндердің қалпына келуіне жағдай жасалады.



  • Патогендік

Цитокиндердің артық әсері организмге теріс әсер етеді. Әсіресе ішек қимылы мен мембраналық асқорытуды тежейтін ИЛ-1 мен ӨТЖЖ біріккен әсерінен құсу, іш өту, гепатоциттердің құрылымдық бұзылысы дамып, гиперкалиемия мен ацидозды күшейте түседі. Бұл цитокиндердің көп мөлшерде бөлінуі және қанағымында ұзақ айналып жүруі ауыр бактериялық жұқпаларда дамитын сепсистік сілейменің дамуын тудырады. ИЛ-1 мен ӨТЖЖ АҚ төмендеуін, микроциркуляцияның жүйелік бұзылыстары, көпағзалық жеткіліксіздік. ИЛ-1 миокардтың жиырылғыштық қасиетіне теріс әсер етеді, тромбопластин түзілуін арттырып, ТШҚҰ-синдромы дамуына әкеледі.
Цитокиндердің жүйелі әсері жүйелік қабынулық жауап синдромын тудырады (Чикаго, 1991 ж.).
Жүйелік қабынулық жауап синдромының клиникалық критерилері:

  • Дене қызымы 380 немесе 360-дан төмен

  • Жүрек соғу жиілігі 90

  • Тыныс жиілігі 20 немесе артериалық гипокапния 32 мм с.б.-нан төмен

  • лейкоцитоз 12 х 109 /л-ден артық немесе лейкопения 4х109 /л аз немесе 10%-дан артық лейкоциттердің жетілген түрлері болуы

Жүйелік қабынулық жауап синдромы кемінде екі клиникалық – зертханалық критериі болуы тиіс.
СТРЕСС

СТРЕСС (анг. stress – напряжение) – жағымсыз тітіркендіргіштердің әсерінен дамитын және бейімделудің бейнақты тетіктерінің әсерленуімен қабаттасатын организмнің бейнақты серпілісі. Терминді Г.Селье (Selye) енгізген.

Стресстің себебі – стрессорлар:


физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік жайттар.
Стресс жалпы адаптациялық синдром түрінде көрінеді
Селье үштігі:

  1. тимус пен лимфоидты тіннің кері дамуы;

  2. бүйрекүсті бездерінің гипертрофиясы;

  3. асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет