Меңдігүл шындалиева



бет20/76
Дата22.12.2023
өлшемі1,76 Mb.
#142883
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   76
Байланысты:
Шындалиева М.Б. Публ.жанрлары мен пішіндері

ДАТА: 05.04.10
БИН: Балабақша
ПЛАШКА: Астаналық ата-ана бүгін таңғы алтыдан балабақша кезегіне таласты.
АВТОР: Айбар Олжай
ОПЕРАТОР: Еркін Жолымбетов
СНХ: Нұртай Игембаев - Астана қаласының тұрғыны
СНХ: Кәмила Байысқақова – Астана қаласы Білім басқармасы аттестациялау және лицензиялау бөлімінің бас маманы /2 рет/
СНХ: Азамат Қожахметов - Астана қаласының тұрғыны
ШУ: Жақында ғана 2 ата-ана балаларына 2 мың доллардан орын сатып алды.
СНХ: Кәмила Байысқақова – Астана қаласы Білім басқармасы аттестациялау және лицензиялау бөлімінің бас маманы
ЖҮР: Астаналық 800-ге жуық ата-анада таңғы алтыдан бастап балабақша кезегіне таласты. Ұзақ жылдар бойы кезекте тұрғындар қолданысқа енді берілетін 12 балабақшадан орын алуға үмітті. Ғимаратқа кезекпен кіру тізіміне қарамастан, іштегілерден жауап алуға тырмысқан топты тәртіп сақшылары да тоқтата алмады. Ал іріктеу жүргізіп, кезек тәртібін түсіндіріп жатқан арнайы комиссияның жұмысы қиындай түсті.
Тілші: Иық тірескен ата-ана жаңа балабақшалардан биыл үйлестірілетін 2120 орыннан үмітті. Таң елеңмен жиылған тұрғындар өз кезегін біле-алмай әлек.
СНХ: Нұртай Игембаев - Астана қаласының тұрғыны
- Осының бәрін ЦОН-да ұйымдастыруға болады ғой... Мынау не масқара...
СНХ: Кәмила Байысқақова – Астана қаласы Білім басқармасы аттестациялау және лицензиялау бөлімінің бас маманы
- Кезекке тұру үшін азаматтар құжаттарын алдымен ЦОН-ға өткізеді. Сосын бізге келеді тіркелуге. Сондықтан ЦОН-да да жұмыс жүріп жатыр.
Тілші: Кәмила Байысқақованың айтуынша, тұрғындар қарбаласқан келеңсіз жәйтті өздері жасап отыр. Өйткені ашылатын жаңа балабақшадағы орындарды үйлестірудің тәртібі алдын-ала хабарланған.
СНХ: Кәмила Байысқақова – Астана қаласы Білім басқармасы аттестациялау және лицензиялау бөлімінің бас маманы
- Біз алдын-ала кесте жасадық. Оны газет пен сайтқа шығарды. Мысалы бүгін түске дейін 140-шы кезекке дейін, ал түстен кейін 140-тан 300-ге дейінгілерді қабылдаймыз. Ал оны ата-аналар қаперіне де алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет