Megamozg. Kz образовательный портал Казахстана. Ент, воуд, кта тақырыптық тест



бет4/9
Дата17.02.2022
өлшемі0,7 Mb.
#25795
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
k ent2013373megamozg.kz

Қыста ... күзде күн суық болады.

А) Бірақ.. В) Және. С) Арқылы. Д) Әйтпесе. Е) Мен.

10. «Дейін, шейін, кейін» шылауларының түрін ажыратыңыз.

А) Демеулік шылаулар. В) Септеулік шылаулар. С) Жалғаулық шылаулар. Д) Одағай сөздер.

Е) Қыстырма сөздер.

11. Мына сөйлемге қай шылау лайық , көрсетіңіз.

Кейбір өсімдіктердің өзінен сүт бөліп шығаратыны ертеден- ... белгілі.

А) –ді. В) –мыс. С) –ақ . Д) –ай. Е) –ау.

12. Ыңғаластық қатынасты білдіретін жалғаулық шылауды көрсетіңіз.

А) От(пен) ойнама! В) Машина(мен) келген еді. С) Марат (пен) Қанат келді. Д) Марат(пенен)

сөйлесті. Е) Марат(пен) барып кел.

13. Жалғаулық шылау арқылы байланысып тұрған сөзді көрсетіңіз.

А) Орманға таман. В) Мал мен бас. С) Мектепке қарай. Д) Мен келдім. Е) Сен отыр.

14. Септеулік шылаумен байланысып тұрған тіркесті көрсетіңіз.

А) Бекерге қиналу. В) Орта мектеп. С) Қазыбектің жоспары. Д) Жиналыстан кейін. Е) Дәл өзі.

15. Жалғаулық шылауды көрсетіңіз.

А) Сенен гөрі. В) Көлге шейін. С) Көрген-ді. Д) Сен бе? Е) Қарыз бен парыз.

16. Шылау қатысқан сөйлемді белгілеңіз.

А) Марат үйде жоқ . В) Мен кешке барамын. С) Ол кешке ойнайды. Д) Олар туралы бұдан кейін де еститін шығармыз. Е) Балам, сабаққа дайындал.

17. Барыс септікпен келген шылаулы сөйлемді анықтаңыз.

А) Жұмыста Болат туралы әңгіме болды. В) Қазақша жүзге дейін санайды. С) Алғаш сөз болған Бораш болды. Д) Қабыш үшін бәріміз ұялдық . Е) Жиналыс ай сайын өтіп тұрады.

18. Мына сөйлемге қай шылау лайық , көрсетіңіз.

Алтынсары қадалған ... , оның кескіні құбыла бастады.

А) Таман. В) Туралы. С) Қарай. Д) Сайын. Е) Тарта.

19. Себеп –салдар салаластың шылауларын табыңыз.

А) Өйткені, сондықтан, сол себепті. В) Сондықтан, және, әрі. С) Өйткені, сол себепті, бірақ .

Д) Дегенмен, әйтсе де, ал. Е) Немесе, бірде, кейде.

20. Шылауды табыңыз.

А) Басты мәселе-оқу үлгірімі. В) Сөз өмірдің үлкен қаруы. С) Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады.

Д) Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Е) Ой жетпейтін жер болмайды.

21. Сұраулық шылау қатысып тұрған қатарды көрсетіңіз.

А) Сен әкел(ме). В) Өтірік айт(па). С) Сенейін(бе), сенбейін(бе). Д) Жаман әдетке үйрен(бе).

Е) Сен сен(бе).

22. «Дейін, шейін, таман» шылаудың қай түрі екенін белгілеңіз

А) Жалғаулық . В) Септеулік. С) Болжалдық демеулік. Д) Демеулік. Е) Шектік демеулік.

23. Демеулік шылаулы тіркесті көрсетіңіз.

А)Жүйрік-ақ екен. В)Сең үстінде кету. С)Ақ көбейді. Д)Жаңбырдан соң. Е)Ойға таман жылжу

24. Шылау сөздер қатарын табыңыз.

А) Үй, жер, тал, тас. В) Екі, он, үш, бес. С) Үшін, және, ғана, түгіл. Д) Тез, тым, сонша, оңаша.

Е) Кел, тұр, жүр, кет.

25. Мен, бен, пен тұлғасымен келген шылауды табыңыз.

А) Қайрат(пен) ақыл жол табар, қашқанға да қуғанға. В) Ағаш тамыры(мен), адам ұрпағы(мен) мықты. С) Машина(мен) келдім. Д) Ықылас(пен) тоқылық . Е) Жарбаңдасып жас күлер құрбысы(мен).


Оқшау сөздер. Қыстырма сөздер.

1- нұсқа.

1. Сөйлемнің ортасында келген қыстырма сөзді табыңыз.

А) Бүгін күн ашық екен, әйтеуір. В) Біріншіден, Асқардың жасы кіші. С) Қысқасы, сен үйде отырасың. Д) Мен, сірә, киноға бармайтын шығармын. Е) Әлбетте, сенікі дұрыс.

2. Қыстырма сөз қай сөйлемде екенін белгілеңіз.

А)Сабақтан келемін де үй жинаймын. В)Сабақтан келіп, үй жинадым. С)Сабақтан келген соң, үй жинаймын. Д)Қысқасы, сабақтан келген соң үй жинаймын. Е)Сабақтан келдім де, үй жинадым.

3. Қыстырма сөзді табыңыз.

А) Ей. В) Қызыл. С) Балам. Д) Жеті. Е) Сірә.

4. Қыстырма сөзі бар сөйлемді табыңыз.

А) Жыламашы, күнім. В) Жұмаш, бері келші, қалқам. С) Меніңше, бұл-өте мықты адам.

Д) Шырағым, сен абыржыма. Е) Балалар, аманбысың, шырақтарым.

5. Сөйлемнің басында келген қыстырма сөзді табыңыз.

А) Күн ыстық.. В) Астана-жас қала. С) Сен кітапты, әрине, көп оқисың. Д) Ол, бәлкім, бүгін келмейді. Е) Меніңше, сен кітапты көп оқисың.

6. Қыстырма сөзден кейін қандай тыныс белгісі қойылатынын белгілеңіз.

А) Үтір В) Леп белгісі С) Сызықша Д) Қос нүкте Е) Үтірлі нүкте

7. Қыстырма сөздің тыныс белгісі дұрыс қойылғанын табыңыз.

А) Шіркін, озық техникаға еш нәрсе жетпейді. В) Озық техникаға еш нәрсе, шіркін жетпейді.

С) Озық техникаға еш, шіркін нәрсе жетпейді. Д) Озық шіркін, техникаға еш нәрсе жетпейді.

Е) Озық техникаға шіркін, еш нәрсе жетпейді.

8. Әрине, әлбетте, рас, шынында деген сөздердің сөз табын анықтаңыз.

А) Есімдік. В) Оқшау сөздер. С) Сан есім. Д) Сын есім. Е) Етістік.

9. Қыстырма сөзді табыңыз.

А) Қажеттілік. В) Қалам. С) Сөзсіз. Д) Қашу. Е) Марат.

10. Қыстырма сөйлем қолданылған жай сөйлемді анықтаңыз.

А) Ойбай, Жақа, ол Жоламанның ісі ғой! В) Шынында да, халіміз онша мәз емес. С) Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат. Д) Ұялма ,балам, төрге шық! Е) Менің жеңгем-Айсұлу.

11. Оқшау сөздердің белгісін көрсетіңіз.

А) Тұрлаулы мүше қызметінде жұмсалады. В)Тек бас әріппен жазылады. С)Сөйлем мүшесі бола алады. Д) Сөйлем мүшесі бола алмайды. Е) Қабысу, меңгеру, қиысу байланысына түсе алады.

12. Қыстырма сөзі бар сөйлемді табыңыз.

А) Үлкенді сыйлау-асыл қасиет. В) Тұрмыс құр, балам. С) Көктем айларында біресе жаңбыр, біресе қар жауады. Д) Мен, шынымды айтайын, қорқудамын. Е) Жаман айтпай, жақсы жоқ .

13. Үтірдің қойылу себебі, дұрысын белгілеңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет