«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»



Pdf көрінісі
бет58/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   115
 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. 
Х.И.Ибрашев, Ш.Т.Еркеғұлов. Математикалық анализ курсы. 1-2 том. А., 
«Қазақтың мемлекеттік оқу-педагогика баспасы», -1963. 
2. 
Фихтенгольц Г. М. Математикалық анализ негіздері, 2 Том. 
3. 
Н.Темірғалиев. Математикалық анализ. А., «Мектеп», 1987. 
 


158 
БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ 
 
Тиыштыкбаева Г.М. 
«Биология» мамандығының 1 курс студенті  
Ғылыми жетекші: оқытушы Хамитова Қ.К. 
 
Қазіргі таңда білім беру жүйелері дамыған. Мектептерде білікті маман ӛз 
оқушыларын білімге деген қызығушылығын арттыруда түрлі амалдар қолдана 
алады.
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр 
түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, 
оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім 
беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді 
басқару органдары жүйесінің жиыны. 
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр 
мұғалім, ӛз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гӛрі, жаңа талапқа 
сай инновациялық технологияларды ӛз сабақтарында күнделікті пайдаланса
сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сӛзсіз. Бұл жӛнінде 
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру 
жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, 
білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық 
желілерге шығу» деп атап кӛрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында 
айтқандай: «Болашақта ӛркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман 
талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, 
терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру 
жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. 
Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – 
тәжірибесі зерттеліп, мектеп ӛміріне енуде.
Әлемдік қоғамдастықтың қазіргі заманғы үдерістері, халықаралық қарым-
қатынастың және мәдени аралық арақатынастың, соның ішінде тәуелсіз 
Қазақстанның тіл мәртебесін ғаламдық адами құндылықтың таратушысы 
дәрежесіне дейін кӛтеруі, шет тілін оқыту білім саласындағы саясаттың 
басымшылдығына ие болып отыр. Жас ұрпақ халықаралық әрекеттестіктің 
және ынтымақтастықтың жаңа талаптарына сай келу үшін шет тілін меңгеру 
қазіргі замандағы кез келген мамандық иесінің міндетті құзырлығына айналды. 
[1]. 
Қазіргі уақытта біз, қоғамда болып жатқан түрлі ӛзгерістерді 
бақылаудамыз, елімізде шетелдік қарым – қатынастар дамып, түрлі 
технологиялар даму үстінде. Сол себептен, білім саласында да, әр алуан 
ӛзгерістер, оқыту, білім беру бағдарламалары пайда болуда, шет тілін оқытуда 
да жаңа әдістер мен шет тілін оқыту технологиялары пайда болуда. 
«Технология» деген сӛзбен «оқыту әдістемесі» деген түсінік ӛзара араласып, 
қолданысқа ие болуда, оқыту әдіс-тәсілдерін біз инновациялық технология деп 


159 
атап жүрміз. Оқыту әдістемесі мен оқыту технологиясын ӛзара салыстырсақ, 
оқыту технологиясын біз мынадай ерекшеліктермен сипаттар едік: 
1)бірнеше процестерді қамтуға бағытталған; 
2)жеке тұлғаның кәсіби қасиеттерін қалыптастыруға, тәрбиелеуге бағытталған 
оқыту; 
3)ғылымилығы, яғни, технологияның әдіснамалық және теориялық процестерге 
негізделуі; 
4)соның 
нәтижесінде 
жаңа 
процестерге 
түрткі 
болуы 
(мысалы, 
шығармашылыққа); 
5)оқыту процесінің маңыздылығы мен тиімділігіне кӛбірек бағытталғандығы. 
Қазақ мектебінің бүгінгі жайы мен ертеңі, оқушылардың білімділік және 
тәрбиелік деңгейі шешуші дәрежеде мұғалімге, ата-анаға және қоғам 
қауымдастығына жүргізілген жұмыстарға, ізденісіне байланысты. Бастауыш 
сыныптарға арналған бағдарламалар педагогикалық үрдісті жаңаша қарауды 
талап етеді. Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты – 
жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру болса, оқытудағы негізгі мақсат 
– ӛздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлғаның 
дамуында маңызды роль атқаратын оқушының ӛз бетінше жұмысын тиімді 
ұйымдастыра білу; 
сол арқылы материалды саналы меңгертудің жүйесін жасау;
оқушының түрлі дара қабілеттерін арттыру.Ӛз бетінше жұмыс қазіргі жеке 
тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеуде, білім берудің приоритетін түбегейлі 
ӛзгертуде, яғни бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір 
жиынтығымен қаруландыруды түбегейлі ӛзгертуде. 
Ӛзіндік жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін 
қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, 
білімге қүштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс - тісілдерді пайдалана отырып, 
балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және 
ӛздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс – 
тәсілдер арқылы ӛткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына 
негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сӛйлетуге 
үйретеді [2]. 
Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балардың 
ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан - 
жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру 
әрбір мұғалімнің міндеті. 
Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет. 
Қазіргі мұғалім: 
 Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын; 
 Педагогикалық ӛзгерістерге тез тӛселетін; 
 Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын; 
 Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын; 
 Білімді, іскер, шебер болу керек; 


160 
Егеменді еліміздің ең басты мақсаты ӛркениетті елдер қатарына кӛтерілу 
болса, ал ӛркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын 
орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, 
рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады [3]. 
Рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиет тердің 
бірі - тіл байлығы, ӛз ойын нақты, терең мағыналы әрі кӛркем жеткізе білетін, 
шешен де ойлы сӛйлей білетін, Абайша сӛйлегенде сӛзі жүрекке жылы тиетін, 
сӛз құдіретін игерген адамдарда да тұлғалық қасиет болады. Рухани 
адамгершілікке тәрбиелеудің басты мақсаты оқушылардың белсенді ӛмірлік 
жолын, қоғамдық борышқа саналы кӛзқарасын, сӛз бен істің бірлігін 
қамтамасыз етіп, адамгершілік нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді 
қалыптастыру болып табылады. 
Ушинский К.Д. айтқандай, «Мұғалім тек ӛз пәнінен сабақ беріп қана 
қоймауы керек, сонымен қатар тәрбиеші адал, әділетті, шыншыл адам болуы 
керек». Оқушылардың білімін кӛтеру оқуға деген ынта жігерімен 
қызығушылығын арттыру әр мұғалімнің міндеті. Осы мақсатта мұғалімдер әр 
түрлі әдістермен тәсілдерді пайдаланып отырса, оқушылардың пәнге деген 
қызығушылығы артып, ӛздігінен ізденуіне мүмкіндік жасалады. Бұл орайда 
адамзат баласының ӛз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық, тиімді 
әдістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, классикалық 
педагогиканың ұзақ үлгілерін жаңашылдықпен дамыту қашан да жалғаса 
береді.Олай болса, әр мұғалім сабаққа қойған үш мақсатының үшеуіне де жетіп, 
білім мен тәрбиені ұштастыруымыз қажет. Ӛз елінің сауатты, сапалы азаматы 
Жан – жақты дамыған Барлық жағдайларға тез арада шешім қабылдай 
алатын креативті мұғалім. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. 
«Қазақстан мектебі» журнал №12(2014) 
2. 
«Республика Ұстаздары» педагогикалық газет, №9-10(310)мамыр, 2016ж. 
2б. 
3. 
«Биология және салауаттылық» 2013жылы 12б 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет