152
баянды етуде білімнің маңыздылығын жоғары бағалап, экономикалық және
қаржылық қиындықтарға қарамастан осы салаға барынша қолдау кӛрсетті [2].
«Қазақстан – 2030» Стратегиясында: ―Ел келешегі жас ұрпақ тәрбиесіне
тікелей байланысты‖, – деп айрықша атап айтылған. Бүгінгі кезеңде отандық
білім берудің ұлттық моделін құруға байланысты
қыруар шаруалар атқарылу
үстінде. Ал, бұл мәселе тӛңірегінде іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарының
жүргізіліп жатқанына он шақты жыл болды. Қазір осыған орай
Республикамызда заңнамалық және нормативтік-құқықтық база қайтадан
құрылу
жолында.
Нақтылай
түссек,
халықаралық
стандарттарға
сәйкестендірілген қазақстандық білім беру жүйесіндегі реформалар жүзеге аса
бастады.
―Ертеңін ойламаған ел азады‖ дейді халық даналығы. Барын бағалап
отыратын, ұрпағына үмітке сай білім беріп, тәрбиелейтін ел озады.
Ел кӛңілін аударған ―Интеллектуалды ұлт – 2020‖
ұлттық
бағдар-ламасының басты мақсаты да осы – қазақстандықтардың жаңа буынын
тәрбиелеу, сӛйтіп бүгінгі ғаламдық дамудың арқа сүйейтін негізгі байлығы –
бәсекелестікке қабілетті адам капиталын қалыптастыруға негізделген. Білімі
қаншалықты
жоғары
мемлекеттің
бүгінгі
әлемдік
қауымдастықта
бәсекелестікке қабілеттілігі соншалықты биік болмақ. Осы жағдайда ерте
бастан ӛркениетті мемлекеттерде интеллектуалдық бәсекелестік жүріп жатқаны
даусыз.
Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің ендігі бір міндеті – жастардың білім
алып қана қоймай, алған білімін үздіксіз дамытып, оны бойына сіңіріп,
тәрбиелі, әдепті, бір сӛзбен
айтқанда, интеллектуалды-үйлесімді болуын
қамтамасыз ету. Жаңа кӛзқарас ұлтты ойлануға, ойлауға үйрету арқылы
қалыптан тыс кӛкжиекке кӛз жіберуге тәрбиелеу, білімді ӛз бетінше зерделеу,
технологиялар мен инновациялардағы жаңалықтарды жүзеге асыра білу
бейімділігімен бағаланады. Жастарымызды осындай мақсатта тәрбиелеуге
біздің зор мүмкіндігіміз бар екендігіне дау жоқ. Міне, бүгінгі интеллектуалдық
мектептерге қойылатын талаптар осыларға негізделген.
Ағымдағы ғасыр адамзат баласының алдына шешімі күрделі
әрі іргелі
мәселелерді қойып отыр. Әлем жаһандану дәуіріне қадам басумен бірге
тұтастану, бірігу, кірігу үдерісіне батыл бет бұруда. Соны ерте түсінген әлем
елдері мен олардың білім жүйелері жаһандану үдерісіне үн қосып, бұдан әрі
дамудың жаңа стратегиялары мен жобаларын ұсынуда. Мұны Мемлекет
басшысы біліп, кӛріп, сол күрделі қиын кезеңнен елімізді қайткенде аман алып
шығудың қамын ойластырып жүргені жалпақ жаһанға аян [3].
Кез келген білімнің айқын мақсат-мүддесі болады. Біздің қазіргі
жағдайымыздағы оның негізгі мақсаты – елдік сана мен мемлекетшілдік рухты
қалыптастыру, ұлтсыздықпен күресу, Тәуелсіздікті баянды ету болуы керек.
Пайдаланылылған әдебиеттер тізімі:
1.
«Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға
арналған Мемлекеттік бағдарламасы» Астана, 2010 ж