«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»


МӘІГІЛІК ЕЛ БОЛАШАҒЫ –ЖАСТАР



Pdf көрінісі
бет105/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   115
Байланысты:
Conference 1.(30.11.2016) (1)

 
МӘІГІЛІК ЕЛ БОЛАШАҒЫ –ЖАСТАР 
 
Тҧрсынбек А. 
«Физика» мамандығының 3 курс студенті  
Ғылыми жетекші аға оқытушы, магистр Жумабаева С. Б. 
Тәуелсіздік таңы атып, егемен ел атанып, шекарамызды шегендеген сәттен 
бастап ұлттық идея мәселесі белсенді қолға алынды. Бұл тұрғыда кӛптеген 
ұсыныстар ортаға салынып, қоғамда қызу пікірталастар болғаны белгілі. Шын 
мәнісінде, ұлттық идея – ұлттың сол тарихи кезеңде ӛзін-ӛзі тануынан кӛрініс 
табатын ұлттық санада басымдыққа ие кӛзқарастар болып табылады. 
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты 
2015 жылға арналған Қазақстан халқына Жолдауында: «Мәңгілік Ел» 
идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкӛк абыз 
«Tүркі жұртының мұраты – Мәңгі ел» деп ӛсиет қалдырған. Бұл біздің 


269 
жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты кӛне тарихтан бастау 
алатынын кӛрсетеді»- деп қадап айтты.Ұлттық идея мәселесі бүгінде барлық 
посткеңестік мемлекеттер үшін маңызды болып отыр.
Бүгінде қоғамымызда «мемлекетіміздің болашақ даму бағытына қатысты 
ұлттық идея мен мемлекеттік идеология қандай болуы?» тиіс деген 
пікірталастың жүріп жатқандығын аңғаруға болады. Бұл туралы Қазақстан 
Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев ӛзінің «Қазақстан жолы – 
2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: 
«Мен қоғамда: «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал 
жиі талқыға түсетінін кӛріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, 
ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – «Мәңгілік Ел» 
идеясы». Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. 
Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. 
Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге 
арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің 
ұлттық идеясы – «Мәңгілік ел» деді. Н. Назарбаев ӛз тәуелсіздігімізді кӛздің 
қарашығындай сақтау арқылы Мәңгілік ел бола алатынымызды атап ӛтті [1]. 
Ұлттық идея – туған жер, ӛскен орта әсерлерінен қалыптасып, халықтың 
тілі, ауыз әдебиеті, салт-санасы, әдет-ғұрпы, ырымдары мен тыйымдары 
арқылы жүйеленген этностық сезім. Ол – ұлттың болмысы, психологиялық 
ӛзіндік ерекшелігі. Ұлт бар жерде ол да бар. Ұлтпен бірге ӛмір сүреді, 
жойылмайды, құбылып ӛзгермейді. Ол бірнеше ғасыр бойы отаршылдық пен 
тоталитаризмнің ықпалымен мәдени деградация мен трансформацияға 
ұшыраған ұлттық мәдениетті қайта ӛркендету, мемлекеттік деңгейде ұлттық 
идеяның негізін құрайтын түбегейлі құндылықтарды қайтару, осы уақытқа 
дейін тыйым салынып келген халықтың тарихи ӛткенін толығымен, жан-жақты 
зерттеулер арқылы қалпына келтіру және ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ 
халқының асыл қазынасы – мәдени-рухани мол мұраны игеру сияқты 
міндеттерді шешуді жүктейді.
Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға 
жетелейтін идея бар. Ол – мәңгілік ел идеясы.Мәңгілік ел ата бабаларымыздың 
мәңгілік арманы, мәңгілік аңсары болатын. Ертеңгі аймаңдай күннен үмітті 
біздің елдің ұраны да, жыр-әні де сол болуға тиіс. Алайда, байлық пен абырой, 
жаңарулар мен жаңғырулар аспаннан жаумайды. Оған жетуден үміткер елдің 
еңкейген кәрісі мен жел кӛкірек жасы тек нәтижелі Еңбек пен тұғырлы 
Ғылымға ғана арқа сүйеуі қажет. Осы екеуіне тәу еткен жұрт мұратына жетеді.
Бүгінгі таңда мемлекеттің қарыштап дамуының басты кӛрсеткіші – оның 
Экономикалық Ынтымақтастық пен Даму ұйымына мүшелігімен ӛлшенеді. 
Республика халқының 70 пайызы қалалықтарға айналуы шарт. Қазақстан 
Еуразиядағы алдыңғы қатарлы медициналық туризм елі болады. Ұлттық білім 
беру жүйесін қалыптастыру аяқталады. Біздің еліміз әлемдегі нағыз қой үстіне 
бозторғай ұя салар жұмаққа айналады. Бұл мұраттарға жету оңай емес. Әр бес 
жылдықтың мойнына артылар жүк аса ауқымды. Берілген тапсырмалар дер 
кезінде орындалғанда ғана біз мақсаттарымызға жетеміз [2]. 


270 
Осы айтылған міндеттер мен шаруаларды орындау еңбек адамдарының 
қолында. Сондықтан, мемлекет ең алдымен солардың жағдайын жасауға тиіс. 
Сапалы еңбекәлеуметтік уайымы аз адамдардың шаруасы. Әлеуметтің әлеуеті 
– толымды жалақы. Жуық арада Үкімет осы бір толғақты шараны қолға алуы 
керек. Қоғам болған соң онда мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандар да кӛптеп 
кездеседі.Мемлекеттің де, онда тірлік кешіп жатқан халықтың да 
ғұмырлылығы, мәңгіліктігі тек барлықпен, байлықпен, тоқтық пен 
ӛлшенбейтінін 
толғайды 
Елбасымыз 
Нұрсұлтан 
Назарбаев. 
Рухани 
құндылықтарын жоғалтқан жұрттың болашағы бұлыңғыр екендігін, 
мемлекеттің негізін құрайтын халық – қазақ болса, оның тілінің, ділінің, салт-
дәстүрінің басқа этностарды тӛңірегіне топтастыратынын үлкен рухани тірек 
болуы 
керектігін 
ескертеді... 
Міне, 
«Мәңгілік 
ел» 
тұғырнамасы 
философиясының кейбір тараулары осындай тереңге тартады. Елбасының 
Жолдауында әдеттегідей әлеуметтік салаға айрықша кӛңіл бӛлінді. Ал ең 
бастысы, еліміздің рухын кӛтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» 
ұлттық идеясы жарияланды.
Жолдауда айтылғандай, бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында 
Елбасының айналасына бірігу «Мәңгілік ел» мұратымызға жетудің берік негізі 
болып табылады. Жолдау «Қазақстан-2050» Стратегиясында айқындалған 
ерекше ауқымды міндеттерді іске асыру жолдарын ашып, дамыта түседі. 
Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие болды. Бір мақсат 
– бұл «Мәңгілік Елді» нығайту, біздің Отанымыз – Қазақстанның Тәуелсіздігін 
нығайту! Бір мүдде – бұл біздің ортақ құндылықтарымыз, еркін және 
ӛркендеген елде ӛмір сүруге деген талпынысымыз! Бір болашақ – бұл Мәңгілік 
Елдің, біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының ӛркендеуі!.
«Мәңгілік Елдің» жеті қағидасы біздің дамуымыздың арқаулық 
құндылықтарын, Қазақстан халқының ортақ мүддесі мен тарихи тағдырын 
айшықтайды. Себебі «Мәңгілік Ел» мұратына жету ұрпақтар бірлігі мен 
сабақтастығының 
кӛрінісі 
арқылы 
жүзеге 
асатындықтан 
да 
Ұлт 
кӛшбасшысының халықтың үш буынына үн қатуы кешегі тарих қойнауындағы 
бабалар үнін тағы да жаңғыртқандай әсер қалдырды. Елбасы тарих қатпарынан 
белгілі бір атаның ұлдары бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және 
жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, «Мәңгілік 
Елге» даңғыл жол ашылатынын, Жаңа Стратегияны жүзеге асыруда қазақ 
халқына айрықша жауапкершілік жүктелетінін, бабалар ӛсиетіне адал, іс-
қимылда ірілік кӛрсету қажеттігін тұжырымдай келе, бейбітшілік, тұрақтылық 
және гүлдену арқылы ғана XXI ғасыр Қазақстанның «алтын ғасырына» айнала 
алатындығы туралы пайымын ел-жұртына жеткізіп қойған жоқ, оған сенімді де. 
Қандай шаруаны болсын қолға алып, нендей мәселені кӛтерсе де оларды 
кешенді түрде қарастыратын, Үкіметтен де, қазақстандықтардан да сондай 
әрекетті талап ететін Елбасы бұл Жолдауында да сол ұстанымын жарқырата 
дәлелдеді. Барлық Жолдаулары түгелдей осы «Мәңгілік ел» идеясына қызмет 
ететін шаралар кешені екен. Яғни, Жолдау – мәңгіліктік ұстанымы. Ұлы 
мұраттардың сабақтастығы дегеніміз осы. Ал, біздің міндет – Елбасы 


271 
кӛрегендігіне, үлкен тұлғаның кемеңгерлігіне таңырқаушы ғана боп отырмай, 
Жолдаудың әрбір баптарын тиянақты орындау. Ендеше алдағы уақыттағы 
әлеуметтік, саяси жаңғыртуларды жүзеге асыруда ауызбіршілік, адалдық, 
біліктілік қана тиімділік әкелері сӛзсіз. Бұл Жолдау біздің дамыған 30 елдің 
қатарына кіру мақсатымызға жаңа серпін беретініне сенімдімін. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

Мәңгілік ел –халықаралық ғылыми – кӛпшілік журналы,.egemen.kz 

Елбасы Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы Қазақстан жолы-
2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ.- Қостанай,-2014


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет