«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҦЙЫМНЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҤРДІСІНДЕ ҦЛТТЫҚ



Pdf көрінісі
бет106/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   115
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҦЙЫМНЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҤРДІСІНДЕ ҦЛТТЫҚ 
ҚОЗҒАЛМАЛЫ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ 
НЕГІЗДЕРІ 
 
Хамзин С.Б 
«Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4 курс студенті
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Құлтанов Д.
Дене тәрбиесі оқу – тәрбие ісінің бӛлігі болғандықтан балаларды ӛмірге 
даярлаумен қоғамдық – пайдалы жұмысқа даярлайтындықтан оның маңызы ӛте 
зор. Дене тәрбиесі жұмысы баланының ұйымшылдығын, ӛздігнен шешім 
қабылдау және алдыңғы қатарда болуын қажет етеді. Сондықтан балалардың 
бойында ұйымдастырушылық дағдысының дамуына, екпінді және тапқыр 
болуына кӛп әсерін тигізеді. 
Мектепке дейінгі ұйымның балалардына дене тәрбиесіндегі негізгі 
міндеттері мыналар: 
Денсаулықты нығайтып, дұрыс физикалық дамуға ат салысу және 
балалардың денесін шынықтыру бұл міндет балабақшадағы дене тәрбиесімен 
спортқа байланысты жұмыстың ең басты және маңыздысы болып табылады, 
сондықтан ол әрбір нұсқаушынің назарында болып бүкіл педагогикалық 
ұжымның ат салысқаны қажет етеді. М.И. Калинин бойынша тіл ғылымдар мен 
математикадан кейін маңызды пәндердің бірі денешынықтыру болып 
табылады. Егер тілді сауатты және математиканы жақсы білетін адам ӛзінің 
физикалық дұрыс дамуына байланысты жинақтаған білімнің жемісін жей 
алмаса ол қандай бақыт болмақ [1]. 
Балаларға дене тәрбиесі мен спорт саласында арнаулы білім беру және 
гигеналық білім мен дағдыларды қалыптастыру бұл міндеттің негізі мынада: 
балалар қоғам, жанұя және мектептің кӛмегімен баланың денсаулығын нығайту 
үшін арнаулы гигеналық талаптарды білу және орындау, сонымен қатар 
жаттығулардың пайдасымен таныстыру болып табылады. Балалардың қимыл 
қозғалыс дағдылармен машықтарын жетілдіру және қалыптастыру жаңа 
қозғалыс түрлерімен қимыл әрекеттерін үйрету.Бұл міндет арқылы балалар 


272 
жан-жақты дамып еңбекке дайындалуымен қамтамасыз етеді. Нұсқаушынің 
міндеті барлық балалар жүйелі түрде жаттығуларды жасау керек. Егер бала 
спортқа байланысты барлық жаңалықтарды біліп, рекорттың сандық мәндерін, 
рекортшылардың аттарын біліп, бірақ ӛзі спортпен шұғылданбаса мұндай 
қызығушылықтың пайдасы шамалы және мұны зиянға теңестіру керек [2]. 
Жасқа байланысты негізгі іс -әректеттің санасын дамыту. Негізгі іс-әрекет, 
қозғалысқа жылдамдық, күш және тӛзімділік жатады. Бұл қабілеттердің әрбір 
адам үшін маңызы зор.
Достық, ұжымдық және мәдениеттілік машықтарын тәрбиелеу. Бұл іс-
әрекет арқылы сабақ барысында бір-біріне кӛмектесу арқылы балалардың 
негізгі қасиеттерін дамыту жүзеге асырылады.
Дене тәрбиесі ішінде ойын ерекше орын алады. Оның келтіретін пайдасы 
да ӛте зор. Дұрыс басшылықпен жүргізілген ойындар арқылы баланы жан-
жақты дамытуда ғажайып жетістіктерге жетеді [3]. 
Ойын балалар үшін қызықтығы ғана әрекет емес, ол білім мен әдет 
дағдыларды игеруге мүмкіндік берерлік тамаша тәсіл. Ойын арқылы жалқау 
баладан іскер, олақ баладан шебер, менменшіл баладан ұйымшыл, белсенді 
бала тәрбиелеуге болады.
Педагогикалық процесте ойын оқу тәрбие құралы ретінде де 
пайдаланылады.
Мұғалім ойын кезінде әр бір баланың мінез құлқын, шығармашылық 
ұйымдастырғыш қабілеттерін байқайды, балалар коллективтің тұрмыс 
тіршілігін ұйымдастырады.
Бүгінгі заманымыздағы күрделі мәселенің бірі – адамның қимылдау 
мӛлшерінің азаюы гиподиномия деген аптасына үш рет жүргізілетін 
денешынықтыру сабақтары, қимыл-қозғалыс әрекеттерін мұқтаждығының тек 
16,5% ғана қанағатандыра алады екен. Ендеше, бұдан денешынықтырудың 
қаншалықты қажет екенінің айқын біле аламыз. Қимылды ойындар адамға тән 
қимылдарға негізделген. Олар: жүру, жүгіру, секіру, лақтырып, қағып алып, 
еңбектеу, күресу заттармен жаттығу жасау. 
Ойындар бала ӛмірінде басқа әрекет түрлерімен қатар жүргізіліп отырады. 
Оны мұғалім ӛзіне таптырмайтын кӛмекші ретінде қолданады.
Сондықтан нұсқаушы ӛзі білетін, керекті ойындардың қорын күнделікті 
толтырып отыру керек. Ойынды таңдағанда мына жағдайларды ескерген жӛн.
-Жас ерекшіліктері. 
-Ӛткізетін орны. 
-Ойнаушылырдың саны. 
-Қолданылатын құралдар. 
Ойынды түсіндірген де мұғалім барлық балалар кӛрсететіндей жерде 
тұрып, әуелі жұмбақ, тақпақ айтады. Ал ережелеріне келгенде, кей жерлерінде 
балаларды қатыстырады.
Ойындардың қызықты ӛтуі ойын жүргізушіге байланысты. Сондықтан 
оларды дұрыс тандау, ойын шартарының бірі.


273 
Жас баланың дене және психикалық жағынан дамып, жетілуінде миынның 
маңызы орасан зор. Атақты педагог А.Макаренко:
«Үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, 
балалардың ойыныда сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, ӛскен кезде 
жұмыста да кӛбінесе сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер ең 
алдымен ойын арқылы тәрбие алады», - дейді Н.К.Крупская да ойынның ӛсіп 
келе жатқан организм үшін қажет екенін айта отырып, ойын баланың 
қызығарлық, 
тапқырлық, 
сезімталдық, 
ұстамлыдық, 
бағдарлағыштық, 
аңғарымпаздық қасиеттерін дамытады деп кӛрсетеді.
Сондықтан да ойын сабақтарын ӛткізгенде бала организмінің белсенді іс-
әрекетке деген қажетін қанағаттандыру, әр түрлі бұлшықеттерін жетілдіру, 
қиялдай, елестете білушілік, тапқырлық, аңғарпаздық қабелтін дамыту, 
ережелерді бұлжытпай орындап, ӛз әрекетін ӛзгелердің әрекетімен үйлестіре 
білу шеберліктерін, ептілік, батылдық, сенімділік дағдыларын т.б. 
қалыптастыру кӛзделді [4]. 
Мектепке дейінгі ұйымның балаларларын оқыту, тәрбиелеуде және 
дамуында нәтижеге жету үшін аталған үрдістер олардың жалпы және 
индивидуалдық ерекшіліктерін ескерумен ұйымдастыруы қажет.
Олардың дене шынықтыру сабақтарына жылдам үйрену, жаңа оқыту 
әрекетін игеру үшін оқыту үрдісінде маңызды роль – оқу әдістемлерімен 
түрлеріне байланысты.
Баланының ойынға деген ынтасын, құштарлығын арттыру үшін әртүрлі 
оқыту әдістемелерін қолдана білу қажет ал, мұндай әдістермен оқыту түрлері, 
дене шынықтыруда кӛп – ақ. Дене тәрбиесінің нұсқаушысы үшін әр бала оның 
сабағын, қызығушылықпен үйренсе ол ең қымбат баға болмақ. Ал, балалар 
тарапына осындай әрекет болу үшін әрбір сабаққа үлкен мән беріп, әртүрлі 
қызықты да әсерлерлі әдістемелерді қолдануымыз қажет. Қызықты және оңай 
орындалатын тапсырмалары арқылы ғана балалардың қажетті жұмыстары 
дағдысын қалыптастыруға болады.
 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 

Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы: Рауан, 1991. 

Тӛтенаев Б. Қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы: «Қазақстан», 1978. 

Ахмет Жүнісов. Бабалар дәстүрі. Алматы, 1992ж. 

«Қазақтың ұлттық ойындары» Е.Сағындықов,Алматы «Рауан», 1993. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет