«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»


ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ДАМУЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАР



Pdf көрінісі
бет18/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   115
Байланысты:
Conference 1.(30.11.2016) (1)

ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ДАМУЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАР 
 
Әбілхайр Ә. 
«Педагогика және психология» мамандығының 3 курс студенті
Ғылыми жетекші аға оқытушы, магистр Бижанова Ғ.Қ 
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Ұлттық 
бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» 
деп айтылған.Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік ӛркениетке 
жетудегі бірден-бір дара жолы- білім жүйесі [1]. 
Қазіргі кезеңде Республикасызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, 
Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт 
алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі ӛзгерістерге 
байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы ӛзгерді, білім берудің 
мазмұны жаңарып, жаңа кӛзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. 
Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін 
ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең 
негізгі қызметі - адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық 
қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз ӛзінің дамуының 
ең басты алғы шарты - білім беру жүйесінің білім ғасырындағы міндеті мен 
мазмұнын айқындап берді [2]. 
Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты – ұлттық білім 
моделін жасау.Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты — адамды қоғамның ең 
негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рӛліне, әлеуметтік 
жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани 


49 
жан-дүниесінің баюына, саяси кӛзқарасының, шығармашылық еркіндігі мен 
белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік 
беру. Яғни, XXI ғасырдың маманы – жаратылыстану мен гуманитарлық 
ғылымдар бойынша ой-ӛрісі кең, жан-дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары, 
кәсіби білікті маман, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын, 
басқаның пікірімен санасатын, кез келген ситуациядан шығудың жолын таба 
алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рӛл атқаратын, 
қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс. Ал мұндай мүмкіндіктің негізі - жоғары 
білімде. Ӛйткені жоғары білім – үздіксіз білім беру жүйесінің шешуші тетігі. 
Сондықтан, білімгерді тек маман ретінде ғана қарамай, оны ӛз қоғамының 
азаматы, жеке тұлға, келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік 
жасау қажет. Ұлттық үлгідегі жаңа парадигманың негізгі бір мәселесі – 
білімгерге іргелі де терең, тиянақты да жүйелі білім беру. Іргелі білім берудің 
міндеті – адамды ғылыми ойлауға, болмысты тану, оны қабылдаудың әдіс-
тәсілдерін білуге, ӛзін-ӛзі дамытуға, ӛз бетімен білім алуға, ізденуге іштей 
қажеттілігін туғызу. 
Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау 
қабілеттерінің 
дамуымен, 
ғылымдағы 
шығармашылық 
және 
нарық 
жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде.
Атап айтқанда: 
Есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді 
пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын
оқуға кӛшу; 
Білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық 
құрылым жүйесіне кӛшу; 
Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап 
оқыту бағдарламасына кӛшу. 
Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының ӛмір сүру деңгейінің 
жоғарлығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің 
технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа 
технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға 
қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі.
Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі экономика, ғылым және 
мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін кӛрсетіп отыр. Ендеше 
қазіргі заманның ақпараттық технологиясын игеру міндетіміз. 
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық ӛмірдің барлық, соның ішінде білім 
беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгіліктендіру мектепті 
осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. 
Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, 
әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен 
оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі ӛзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру 
парадигмасы ӛзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда: 


50 
•білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің 
дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру 
бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде; 
•ақпараттық дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон және 
радиобайланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын 
беруде; 
•баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жандүниесінің рухани баюына, 
азамат, тұлға ретінде қалыптасуына кӛңіл бӛлінуде; 
•мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі 
бірлігіне ұмтылыс жасалуда; 
қоғамдық біліммен бара-бар педагогикалық технологияның кеңінен 
қолданылуына және ғылымның рӛліне мән берілуде. 
Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық, педагогикалық 
бағыттағы негізгі ой-тұжырымдары тӛмендегіше сипатталады 
• есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді 
пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға кӛшу; 
• білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық 
құрылым жүйесіне кӛшу; 
• оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап 
оқыту бағдарламасына ӛту. 
Қазір Республикада оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып 
отырған кӛпнұсқалыққа байланысты ӛздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі 
бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі 
нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа 
идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын 
оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай 
таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор [3]. 
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын 
меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа 
технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, 
рухани, азаматтық және де басқа кӛптеген адами келбетінің қалыптасуына игі 
әсерін тигізеді, ӛзін-ӛзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына 
кӛмектеседі. 
Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының ӛмір сүру деңгейінің 
жоғарылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің 
технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа 
технологияны енгізу сапалылығы осы елдегі білім беру ісінің жолға 
қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі.
Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі білім жүйесін 
ақпараттандыру экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының 
негізгі кілті екендігін кӛрсетіп отыр.Ендеше қазіргі заманның ақпараттық 
технологиясын игеру міндетіміз. 


51 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. 
Қазақстан Республикасының «Білім беру» туралы заңы //Егеменді 
Қазақстан, 1999. 11.06. - 2 б. 
2. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан 
халқына жолдауы //Талдықорған газеті, 2005. 25. 02, - 4 б. 
3. 
Жұмабаев М. Педагогика.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет