«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»


ОҚУ ҤРДІСІНДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ



Pdf көрінісі
бет32/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   115
ОҚУ ҤРДІСІНДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 
 
Кәрім Т. С 
«Биология» мамандығының 3 курс студенті
Ғылыми жетекшісі: Абдрахманова М.Т 
 
Қазақстан әлемдік білім кеңістігіне енуге бағыт алды. Қазіргі заман 
ақпараттар тасқыны заманы, сондықтан әлемдегі ӛмір бойы білім беру 
саясатының ең бірінші міндеті – жоғары сапалы білім беруге қол жеткізіп, оны 
әр тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің ӛзекті де,ӛміршең қажеттілігіне 
сәйкестендіру. 
Әлемдік білім беру жүйесі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны 
қалыптастыруға бағытталған. Бұл ұстаным Қазақстан Республикасының Білім 
туралы Заңында толыққанды сипатталған: «Білім беру жүйесінің басты міндеті 
– ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе 
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға 
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа 
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық 
коммуникацияларға шығу» Осы мәселелерді айқындап, жетілдіру мақсатында 
білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми-технологиялық негізде 
оқыту мақсаттары алға қойылуда [1]. 
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі міндеттеріне білім беру жүйелерін 
ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз 
ету, білім беруді ақпараттандыру бойынша тәжірибелік шараларды анықтап, 
жүзеге асыру және ғылыми ізденумен 


91 
жаңа оқу-әдістемелік жұмыстарды жүргізе білу, педагог мамандарды жаңа 
ақпараттық технологияларды ӛз қызметтеріне еркін пайдалана білуге даярлау, 
жүйелі түрде ӛз біліктіліктерін үнемі кӛтеріп отыру және т.б. жатады.
Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың тиімділігі: 
 оқушының ӛз бетімен жұмысы; 
 аз уақытта кӛп білім алып, уақытты үнемдеу; 
 білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру; 
 шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды 
түсіндіру арқылы жүзеге асырау; 
 қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы; 
 қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі; 
 қарапайым кӛзбен кӛріп, қолмен ұстап, сезіну немесе құлақпен есту 
мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестері мен әртүрлі 
тәжірибие нәтижелерін кӛріп, сезіну мүмкіндігі; 
 оқушының ой-ӛрісін, дүниетанымын кеңейту мүмкіндігі; 
Соңғы жылдары ақпараттық коммуникациялық заман ағымына сай 
күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақтаны 
пайдалану айтарлықтай нәтиже беруде. Электрондық оқулық дегеніміз – 
мультимедиялық оқулық. Білім берудің кез келген саласында электрондық 
оқулықтарды пайдалану оқушылардың таным белсенділіктерін арттырып қана 
қоймай, логикалық ойлау қабілетін арттырады. Электрондық оқулықпен 
оқытудың негізгі мақсаты: оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейінде 
бақылау. Сонымен қатар ақпараттық ізденіс қаблетін дамыту. Электрондық 
оқулық оқушының уақытын үнемдеуіне, бұрын алған білімдерін кеңейтуіне 
мүмкіндік береді. Әрбір оқушы қалаған тақырып- 
тары бойынша тапсырмалар орындап, тестке жауап беріп, зертханалық 
жұмыстарды орындауға дағдыланады. 
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын 
немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. 
Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай 
алға жылжу мүмкін емес.
Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын 
іздеп отырмай, ӛтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске 
түсіруге зор ықпал етеді. Электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану 
барысында оқушылар әртүрлі карталар мен сызбалармен жұмыс жасауға 
дағдыланады. Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бӛліктерін ӛткенде 
қосымша бейнехабар және клиптер – қажетті элементтер болып табылады. 
Бейнеклиптер уақыт масштабын ӛзгертуге және кӛріністерді тез және жай 
түрде кӛрсетуге мүмкіндік береді. Электрондық оқулық таңдап алынған 
хабарды кӛшіруге мүмкіншілік туғызады. Электрондық оқулықтың ең қажетті 
мүмкіндігі аудиохабарлар. Мысалы биология сабағында адамның жүрек 
қағысының жиілігін байқау. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, 
видеокӛріністер, дыбыс және музыка тыңдатып кӛрсетуге болады. Бұл, әрине 
мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. 


92 
Меңгерілуі қиын сабақтарды электрондық оқулықтың кӛмегімен бӛлімдерге 
бӛліп түсіндірсе, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады. 
Электрондық оқулық – бұл дидактикалық әдіс-тәсілдер мен ақпараттық 
технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе.Электрондық оқулық 
оқушының білім сапасын бақылау жүйесін ӛзгертуге мүмкіндік жасайды [2]. 
Дәстүрлі оқытуда әр оқушыға оқытушы тарапынан бақылау ӛте жиі 
болмай қалуы мүмкін, ал электрондық оқулықтың кӛмегімен оқыту үрдісінің әр 
кезеңін бақылай алады. Тіпті кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана 
қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керекті 
тақырыбына немесе қажет ақпаратқа сілтеме жасап отырады. Бұл оқушы үшін, 
біріншіден үлкен кӛмек, жеңілдіктер туғызады, екіншіден, сол материалды 
автоматты түрде бақылап, әділ бағасын беруге, сол жайында барынша мәлімет 
алуға мүмкіндік жасайды. 
Биологиядан оқушы үшін электрондық оқулықты пайдаланудың
тиімділігі: 
 Ӛтілетін материалдарды дұрыс және жеңіл түрде түсінуге; 
 Оқушының ӛздігінен дайындалып, жұмыстың барлық кезеңдерінде ӛзін-
ӛзі тексеруге; 
 Жұмысты тиянақты түрде орыдап, мұғалімге файл түрінде тапсыруға; 
 Түсінбеген тақырыпты қайта қайталауға; 
 Оқулықты сабақтарда қолданып, оқушының ӛз деңгейінде 
тапсырмаларды таңдауға; 
 Қажетті материалдарды жылдам іздеп табуға мүмкіндік туғызады. 
Электрондық оқулықтарды биология сабақтарында пайдаланудың 
артықшылықтары: 
 Ӛтіліп отырған тақырыпты жан-жақты меңгеруі; 
 Оқыту үрдісінің әртүрлілігі мен оқушының қызығушылығының артуы 
және жеке тұлға ретінде шығармашылығының артуы; 
 Оқушының шығармашылық қаблетінің артуына кӛмектеседі; 
 Мұғалімнің тиімді оқыту әдістерін таңдап алу мүмкіншілігін кеңейтеді;
Электрондық оқулықтар ұстаздар мен оқушылар үшін білім беру жүйесін 
ақпараттандыруда зор тиімділіктер мен мүмкіндіктер беретін құрал . 
Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты«оқушыларды ақпараттық 
қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне 
толық, тиімді араластыру» болып табылады [3]. 
Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін 
арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және 
техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, 
телекоммуникациялық желілер).
Оқытудың ақпараттық технологиясы–білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін 
жасау. 
Қорыта айтқанда, еліміздің болашағы жастар десек, оларды саналы 
тәрбиемен, сапалы біліммен қаруландырып, білімі озық елдердің әлемдік озық 
үлгі-ӛнегесін меңгерген, заман ағымына қатар ілескен жан-жақты дамыған 


93 
коммуникативті тұлға етіп тәрбиелеу қазіргі білім беру жүйесінің басты 
мақсаты болып отыр. 
Жан – жақты дамыған барлық жағдайларға тез арада шешім қабылдай 
алатын құзыретті мұғалім! 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. 
«Биология және салауаттылық негізі» №1(73),2015. 3бет. 
2. 
«Биология және салауаттылық негізі» №1(67),2014. 51бет. 
3. 
«Компьютерлік технологияны пайдаланудың оңтайлы ӛлшемдері» 
Қазақстан мектебі 2009ж 24бет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет