100
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ТӘРБИЕШІНІҢ МАҢЫЗЫ
Қансейіт М.Ә.
«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 3 курс студенті
Ғылыми жетекшісі: Темирханова Қ.Ш.
Бүгінгі таңда XXI ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-
тәрбие мен адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеуде білім берудің айқын
жолдарын жетілдірудегі басым бағыттарын айқындауда, ұлттық санамен
адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру кӛкейкесті мәселелердің бірі
болып отырғаны анық. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық
тұрғыдан тәрбиелеу қажет. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы
идеялары еліміздің Призиденті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: Бір
мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Толық ӛркениетті ел болу
үшін алдымен ӛз мәдениетімізді, ӛз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан
кейін ӛзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жӛн»,- деген талапты білдіреді. Олай
болса, басты мақсат- жас ұрпаққа тәрбие беруде бірінші осы балабақшада
қалануы керек. Сол себепті мектепке дейінгі тәрбиешінің тәрбие беруде
маңызы зор болып келеді [1].
Тәрбие адамның және адамзат қоғамының дүниеге келгенінен бастап пайда
болды. Бала тәрбиесі адамзат қоғамының дамуымен байланысты жалпы
мәңгілік ұғым болып табылады. Қоғам бар жерде тәрбие де болады. Тәрбие
ұрпақтар арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді. Адамзат қоғамы
дамуының алғашқы сатысында тәрбиенің мақсаты еңбекке араласқан балаларға
үлкендер қарапайым еңбек құралдарын қалай дайындау және қалай пайдалану
керектігін үйретті және түсіндірді. Алғашқы қауымдық құрылыста отбасы
болмаған кезде, балалар руға ортақ болды. Балаларды тәрбиелеу мәселесімен ру
мүшелерінің ерекше тәжірибелі, құрметті адамдары, ақсақалдар айналысты.
Кейіннен моногамиялық отбасы пайда болғанда, балаларды тәрбиелеу
мәселесімен отбасы айналысты. Дегенмен отбасы тәрбиесінің нәтижелерін ру,
тайпаның ақсақалдары бақылап отырды. Тапсыз қоғамда барлық балаларды
бірдей тәрбиеледі, ӛздеріне лайықты іс-әрекетке ерте қатыстырды. Жас кезінен
бастап олар азық ӛндіруге қатысты-жеуге болатын жемістерді, ӛсімдіктерді
жинады. Жекеменшіктің, құл иеленушіліктің және моногамиялық отбасының
пайда болуымен алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы басталды. Отбасы
ең негізгі қоғамдық құрылыстардың бірі болды, ӛз бетімен шаруашылықты
жүргізді, сонымен қатар бала тәрбиесімен айналыса бастады. Бұл кезеңде бала
тәрбиесінде тәрбиелеуге маңызды фактор отбасы ғана болған еді. Дегенмен
қазіргі қоғам дамуына байланысты балабақша мен мектепте маңызды роль
ойнайды. Мұндағы баланы мектепке дайындау немесе балабақша –
педагогиканың, заманауи білім берудің аса бір маңызды және ӛзекті
мәселелерінің бірі [2].
Баланың адамгершілік-еріктік тұрғыда тәрбиеленгендігінен оның мектепте
жақсы оқуы ғана емес, ӛмірлік ұстанымның қалыптасуы да байланысты.
Дегенмен мектепке дайын болу ұғымы баланың тек қана адамгершілік-еріктік
қасиеттерінің қалыптасқандығын қамтып қана қоймайды, басқа элементтерді де
101
қатыстыратын білім, білік, дағдылардың белгілі бір жиынының болуын да
қарастырады. Басты нәрсе кӛптеген ата-аналар үй жағдайында баланы
балабақша тәрбиешілеріндей мектепке дайындай алмайды. Кӛбінесе ата-аналар
баланы мектепке дайындаймын деп тәртіптің «қате сценарийін» таңдайды,
соның салдарынан балаларда мектепке деген дұрыс кӛзқарас қалыптаспайды,
қорқыныш пен күйзеліс пайда болады. Үйде тәрбиеленген балалар бірінші
сыныпқа оқушының ішкі ұстанымының оқуға құлықсыз және оқу іс-әрекеті
жӛніндегі дұрыс емес түсініктермен келеді.
Сонымен, баланың мектепке дайын болуының ең оңтайлы нұсқасы отбасы
мен мектепке дейінгі мекеменің ӛзара тығыз әрекеті, баланы мектепке
дайындаудың барлық аспектілері бойынша серіктестігі болып саналады.
Тәрбиеші ӛз жұмысында отбасы кӛмегіне, ал ата-аналар- ӛз жұмысын жалпы
нәтижеге-баланы мектепке дұрыс және толық дайындауға жету үшін балабақша
жұмысымен келісіп жүргізуі тиіс, ӛйткені бұл тек ата-ана мен балабақша
жұмысының бірлігі мен серіктестігі жағдайында ғана мүмкін болады [3]. Және
де балабақшаға бала берген жағдайда, ондағы тәрбиешілердің де маңызы зор.
Себебі, бала тал шыбық тәрізді әлсіз болғандықтан, қоғамда кӛптеген
еліктеулерге әуес болады десек те болады. Баланы бала бақшаға берердің
алдында ондағы тәрбиешіге кӛңіл бӛлу қажет. Бұлай деуіміз әр тәрбиешінің ӛз
үлгісі мен қайталанбас тұлғалық маңызды қасиеттерімен талаптары болады.
Тәрбиешінің жеке басының үлгісі дегеніміз -жас ұрпақ тәрбиесінде ең әсерлі
әдістердің бірі, ӛйткені балалар тәрбиешіге барлық жағынан еліктейді. Сол
себептен де ол үнемі жинақы, таза, ұқыпты жүріп, сӛйлеген сӛзі мәнді, ойлы,
әдемі, салмақты келіп, асықпай, байыппен сӛйлеуі керек. Бала еліктегіш
болғандықтан, жақсыны да, жаманды да тез қабылдайды. Айтып ӛткеніміздей
тәрбиешіге қойылатын бірнеше талаптарымызды қарастырып кетсек. Оларға:
1.
Тәрбиеші болатын адам ӛзінің мінезін, жүріс-тұрысын жӛнге салып,
балалар іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуі керек;
2.
Арнаулы білім, білік пеніскерлік-дағдыны меңгеруі керек;
3.
Баламен еркін, жақын тарта сӛйлесе білуі керек;
4.
Ол ӛзінің кӛзқарасымен, ым-ишарасымен де ӛз ойын балаға
жеткізіп, түсіндіре алуы керек.
Жұмысты ұйымдастыра білетін, тиісті жерінде қатал талап қоя алатын
болуы, кейде әзілдесіп, тиісті жерде кӛңіл аудара алатын болуы шарт [4].
Тәрбиешінің әрбір қимылы, жүріс тұрысының ӛзі балаларға ӛнеге, тәлім-
тәрбие берерліктей болуы тиіс. Оның ішінде қажеттіліктерін қанағаттандыру
үшін жағдай жасау керек. Сонда ғана бала жан-жақты болып ӛседі. Бұл туралы
XX ғасырдың 30-жылдары Л.С. Выготский: «Тек қана ғылыми кӛзқарастарды
түсіндірумен біреудің екінші біреуді тәрбиелеуі мүмкін емес»- деп жазған
болатын. Бұдан келіп тәрбиешінің қызметі жайлы бірнеше тұжырымдама
шығады.
Тәрбиеші баланың негізгі табиғи даму заңдылықтарын білуі керек.
Ол тәрбиеленуші үшін сыйлы, мейрімді адам болуы қажет.
Тәрбие технологиясын меңгеріп, баланың ӛзін-ӛзі тәрбиелеуіне
педагогикалық жағдай жасай алатын болуы тиіс [4].
102
Қорыта айтсақ, жаңашыл педагог Ш.А. Амонашвили тәрбиешіге
тӛмендегідей талап қояды: педагог-тәрбиеші әріптестеріне мейрімді, жылы
шырайлы, ықыласты, болуы керек, әріптестермен қарым-қатынас жасаудың
әдебін білуі керек. Бала қоғамда тәрбиеленеді, бірақ ол ӛздігінен рухани ӛмірін
байытып, дене күшін арттырып, жан-жақты білім ала алмайды, сондықтан
баланы тәрбиелейтін тәрбиеші міндетті түрде керек. Тәрбиеші кӛмекші,
қорғаушы, кеңесші, қалыптастырушы мүсінші емес. Оның міндеті-баланың
саналы, тәрбиелі болып қалыптасуына жағдай жасау. Бала да ӛсіп келе жатқан
гүл сияқты, оған күтім керек [5].
Халықта «Ағаш түзу ӛсу үшін оған кӛшет кезінде кӛмектесуге болады, ал
үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан
баланың бойына жастайынан ұлтжанды, патриоттық, ізгілік, мейрімділік,
қайрымдылық, яғни адамгершілік, құнды қасиеттерді сіңіріп, ӛз-ӛзіне,
сенімділікті тәрбиелеуде балабақшаның, мектептің рӛлі зор. М.Шаханов
айтқандай: «Бала жүрегі-кішкентай күй сандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң
ғана аша аласың.Тәрбиешінің қолында әр кезде сол кілт жүруі керек» деп бекер
айтпаса керек [6].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауынан.
17 қаңтар. 2014 жыл // Егемен Қазақстан. 18.01.2014 ж. 2-3 бб.
2.
Дүйсенбаев А.Қ. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: Оқулық. –Алматы ЖҚ
«Отан», 2014.5-6 бет.
3.
Аралбаева Р.К. Мектепке дейінгі педагогика: -Алматы: Жоғары оқу
орындарының қауымдастығы, 2012 ж. 175-бет.
4.
Жұмабекова Ф. Мектепке дейінгі педагогика: Оқу құралы. –Астана:
Фолиант, 2008. 146 бет.
5.
Губашева С.Г. Отарбай А.Ж. Тәрбие жұмысының әдістемесі: Оқу-
әдістемелік құрал. –Астана: Фолиант, 2007. 9-10 бет.
6.
Мұсаева С.А. Бегалиев Т.Б. Жас ерекшелік педагогикасы: Оқулық. –
Астана: Фолиант, 2006. 9 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |