«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»


ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ МӘСЕЛЕСІ КЕШЕСІ, БҤГІНІ, БОЛАШАҒЫ



Pdf көрінісі
бет38/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   115
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ МӘСЕЛЕСІ КЕШЕСІ, БҤГІНІ, БОЛАШАҒЫ 
 
Макашова М. 
«Педагогика және психология» мамандығының 3 курс студенті. 
Ғылыми жетекшісі: Акылбекова Э.А. 
Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Оның бүгінгі ӛресі биік 
ӛскелең мәдениетінің түп тӛркіні сонау VI – VIII ғасырлардағы Орхон – Енисей 
ежелгі түрік жазбаларынан бастау алады. Бүкіләлемдік ӛркениет тарихынан 
ерекше орын алатын әмбебап ғұлама әл- Фараби бабамыздан бастап , түркі 
тілдес халықтарға ортақ ӛшпес асыл мұра қалдырған орта ғасыр ойшылдары: 
Баласағұни, Қашқари, Йассауи трактаттары, сондай- ақ Алтын Орда дәуірінің 
даналары: Хорезми, Сараи, дулати, Жалайри, Әбілғазы,т.б. еңбектері - қазіргі 
ұрпақ тәрбиесі үшін теңдесі жоқ асыл қазыналар. Ал Асан қайғы, Жиембет, 
Ақтамберді, Шалкиіз, Бұқар, Дулат, Мұрат, Махамбет, Майлықожа т.б. сол 
сияқты күміс кӛмей, жез таңдай ақын- жыраулардың әр түрлі ӛмір 
құбылыстары, адам мен қоғам, жан мен тән, тіршілік тынысы туралы терең 
толғаныстарының, дана ӛсиеттерінің қазіргі жастардың білімі мен тәрбиесіне 
берер пайдасы , қосар үлесі қаншама. 
XIX ғасырдың аяқ шені қазақ жерінде саяси- әлеуметтік, мәдени – 
ағартушылық идеялардың ӛркен жайып , қоғамдық санаға жаңа ғасырға тән 
ӛзгерістер ендіре бастаған екпінді де елеулі жылдар болды. Осыдан жүз жыл 
бұрынғы ғасырлар тоғысындағы қазақ қоғамында орыстың социал- 
демократтары ықпалымен және атақты Шоқан , Ыбырай , салған ізбен 
халықтың мәдени – экономикалық, әлеуметтік жағдайын кӛтеру мәселелері ӛз 
жалғасын таба берді. Осы тұстағы қоғамдық санада кӛрініс берген 
ағартушылық қозғалыс туралы «Қазақстандағы педагогикалық ой- пікірлер 
антологиясы» былай дейді: «Дала ӛлкесіне әлеуметтік - демократиялық 
идеялардың жаңа толықыны кіріп, аймақтарда педагогикалық ой- пікірдің 


109 
жеңіл дами бастаған кезі еді». (Антология пед. Мысли Казахст. А. Рауан, 
1995ж, 12 б.) [1]. 
Бұл қазақ даласындағы араб, татар тілдеріндегі оқулардың, діни білімнің 
кӛңіл кӛншітпей, қазақ жастарының қазақ және орыс тілдеріндегі мектептерге 
ұмтыла бастаған, жаппай ояну үрдісі белең алған тұс болатын. Осынау 
мәдениет майданында оқу – ағарту ісінің алатын орны айрықша. Қазақ 
қоғамының бұдан жүз жыл бұрынғы ұлттық мектепке деген сұранысы ұлттық 
мектептің жаңа үлгісін жасауда ізденістер жасап жүрген бүгінгі сұранысымыз 
бен қажеттілігіміз арасындағы ортақ сарынды, ұқсастықты, сабақтастықты 
байқатады.
Ежелден тағдырлас, кӛршілес болып келе жатқан Ресей жеріндегі 1905 
жылғы саяси оқиғалардан ел ішінде түрлі толқулардың болып тұрғаны 
тарихтан белгілі жай.Оның ықпалы қазақ еліндегі мәдени қозғалыстарға да тиіп 
отырған. Патша ӛкметінің ағарту саласындағы саясаты қарапайым халықты 
қанағаттандырарлық емес еді. Тарихи деректерге дер салсақ, 1911 жылы Ресей 
халқының 19-20% сауатты болса, қазақ жеріндегі сауаттылар саны одан да 
тӛмен болды. Рессейде жан басына шаққанда білім алуға 56 тиын жұмсалса, 
қазақ елінде одан 4 есе тӛмен, яғни жан басына 14 тиын ғана бӛлінді.
Орта есеппен алғанда 1913 жылы Қазақстанда 157 орыс- қазақ мектебі 
болса, олардың әрқайсысындағы оқушылар саны 50-ден аспайтын. Әйткенмен , 
бұл цифрлар қазақ жерінде білім беру ісінің болғандығын дәлелдеп, оның қыры 
мен сырын тереңірек аша түсуге мүмкіндік береді. Қазақ топырағындағы 
алғашқы мектептердің негізін салушы, дала қоңырауы, қазақ шамшырағы 
атанған Ы. Алтынсарин десек, оның пионерлік ісі Қазақстанның сол кездегі 
барлық болыс, уездерінде ӛз жалғасын тауып отырған. Ағартушылық істі 
ақындық, жазушылық ӛнермен ӛрнектеп, журналистік, қайраткерлік, ғалымдық 
қабілетімен шебер ұштастыра білген.
Адамзат тудырған алыптардың қатарындағы ұлы Абай мұрасының, оның 
педагогикалық кӛзқарастарының алар орны ӛз алдына бір тӛбе. Озық 
мәдениеттің жарық жұлдыздары XX ғасырдың басында тәлімдік ой- 
пікірлерімен барша қазақ даласын дүр сілкіндірген Шәкәрім, Ахмет, Халел, 
Мағжан, Сұлтанмахмұт, Жүсіпбек, Мыржақыптардың ұлттық дәстүрді ӛз 
туындыларының негізгі арқауы еткен педагогикалық тұжырымдары қазіргі 
заман талабымен үйлесе үндесіп жатқандығы белгілі. 
Қазіргі мектеп қандай болу керек? Бұл ӛте ауқымды мәселе. Бізге, Адамды 
– тәрбиелеп, ӛсіретін қоғамды жӛндей алатын, ӛркениетті демократиялық 
қоғамның үлкен азаматын қалыптастырып шығаратын мектеп қажет. Ең 
алдымен, біздің мектептер бойына сіңгенқаыгездік пен бұйрықшыл ниеттерінен 
айырылып , оқушының жеке қара басына, яғни оқу- тәрбие ісін жекешелеу 
(диференциялау) ісін жоғары кӛтеру керек қой деймін. Балаға, оның тағдырына 
жауапкершілікпен қарау, ӛзін сыйлау, денсаулығын биологиялық – 
генетикалық жағдайы, психологиясын білу мұғалім үшін парыз. Бір сӛзбен 
айтқанда, баланың адамгершілік құқығын сыйлау, онымен санасу керек [2]. 


110 
Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың ӛзара тарихи байланысының 
дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, ӛзекті 
мәселелерден туған қайшылықтар, ұлттық деңгейде қалуды кӛтермеуі, ғылыми- 
білімнің түрлі салаларында әлемдік іс- тәжірибені оқып- үйренудің қажетті 
шарт екенін дәлелдеуде.Сондықтан әр түрлі елдер мен халықтардың 
экономикалық кӛрсеткіштерін, әлеуметтік – саяси жүйесін, мәдениет моделін 
салыстырмалы түрде оқып үйрену қызығушылық тудырады. Түрлі ғылым 
саласындағы мамандар бүгінгі ӛркениетті нарыққа ӛту кезеңінде, 
республикадағы білім беру саласының әлемдік білім беру кеңістігіне енуге 
қадам басу шағында, әлемдік мәдениет пен ұлттық мәдениетті біріктіре оқыту 
мен тәрбиелеу мақсатын кӛздеуде. Сол себептен білікті мамандар ӛздерінің 
шетелдік әріптестерінің кәсіби іс- тәжірибесін зерттеуге, олардың жетістіктері 
мен кемшіліктерін талдауға , озық ойлы идеяларын ӛз ұлтының менталитетіне 
сәйкестендіруге, ӛз іс- тәжірибелерімен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын 
айқындауға ұмтылыс білдіріп, алғашқы қадамдар жасалуда.
Сондай салалардың бірі – білім беру саласы болып табылады. XXI ғасыр 
табалдырығын аттаған сәтте білім беру саласы күрделі ӛзгерістерге ұшырауда. 
Білім беру саласы әлеуметтік инфрақұрылымның бірден- бір мәнді, 
динамикалық элементі болып келеді. Дегенмен де, барлық әлемде де білімберу 
саласы қандай да бір жағынан, қандай да бір түрде дағдарысқа ұшырауда. 
Қаншалықты дамыған ел дегенімізбен де әр елдің білім беру саласы қандай да 
бір мӛлшерде қазіргі цивилизацияның талаптарына сай жауап бере алмауда. 
Сол себептен де білім беру ісін реформалау шартты. 
Ӛркениетті елдердің бәрінде де білім беру ісін реформалау әлеуметтік 
саясаттың маңызы құрамды бӛлігі болып табылады. Оған үкімет, парламент
қоғамдық және халықаралық ұйымдар белсене кірісуде. Реформалау кӛп 
аспектілі (салалы). Олар білім беру ісін басқаруды қайта құру және оның 
функцияларын жергілікті, аудандық, орталық ӛкіметке қайта қарап бӛлумен, 
оқу орындарының жаңа типтерін құру, оқу – тәрбие үрдісінің мазмұны мен 
әдістерін модернизациялаумен сипатталады. Жаңарту не қайта құру бала- 
бақшадан жоғары оқу орындарына дейінгі білім жүйесінің барлық саласын 
қамтуда.Қазір республикамызда білім саласында демократияландыру мен 
ізгілендіру жүріп жатқандықтан, соңғы кездерге дейінгі дағдарыстан шығудың 
альтернативті жолдары кӛрсетілуде. 
Сондай жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдың бірі – білім берудің жаңа 
жүйесінің жасалуы. Бұл педагогикадағы, тұтас педагогикалық үрдістегі 
ӛзгерістермен тығыз байланысты. Білім беру саласының барлық жағына 
жаңаша кӛзқарас, жаңаша қарым- қатынас,(білім мазмұнын жетілдіру, жаңа 
базистік оқу жоспарына кӛшу, жаңа буын оқулықтары мен оқу- әдістемелік 
кешендерге кӛшу, т.б.) жаңаша ойлау қалыптасуда. Бұрынғы кезде тұлға 
бойында кездесетін жағымсыз қасиеттер қатарына жататын (үнемшілдік, 
ӛзіндік «мен», т.б.) қасиеттер нарық жағдайына байланысты қажет болуда және 
кӛпшілік, қоршаған орта оларды дұрыс қабылдауға дағдыланған,т.с.с. [3]. 


111 
Дегенмен де, жаңарту үрдісі үлкен қиындықтарға ұшырауда, экономика, 
мәдениет, ғылым және әлеуметтік қатынастардағы динамикалық ӛзгерістерге 
кӛп жағдайда ілесе алмайды. Барлық жердегі не барлық кезде де реформалау 
терең теориялық базаға негізделе бермейді. Олар эмпирикалық үрдісте білім 
берудің жаңа жолдарын іздестіруде ӛзіндік «қысқағұмырлы» сынақпен не қайта 
жӛндеу қиынға түсетін қателермен аяқталып жататыны сирек құбылы семес.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. 
Әбдіғалиев Қ. Шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі. // Қазақстан 
мектебі. – 1998.-№11-12, 24-35б. 
2. 
Таубаева Ш.Т., Барсай Б.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары // Бастауыш 
мектеп. - №3, 4, -1999. 
3. 
Бегалиев Т.Б. Педагогика.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет