119
30-50 жылдар аралықтарында объективтік жағдайларға байланысты тоқтап
қалып, тек 50-60 жылдардан кейін ғана қиын балалар мәселелерімен
шұғылданушылардың ғылыми еңбектерінде В.А.Сухомлинский, Л.С.Славина,
Г.П.Медведев, Л.М.Зюбин, Э.Г.Костяшкин, Г.А.Уманов, М.А.Невский, З.И.
Шыныбеков, В.В.Трифонов, Р.К.Мәмбетова, Л.К.Керімов т.б. жарық кӛре
бастады. Бұл ғалымдардың зерттеу жұмыстарының дәлелдеуінше, «қиын»
балалардың пайда болуына үш фактор себеп болады:
1) отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс-
талас, дау-жанжал баланың психологиялық ерекшеліктерін ескермеу,
маскүнемдік, ата-ананың біреуінің болмауы т.б. жағдайлар себепші болған;
2) мектептегі оқу – тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда кеткен
кемшіліктер, яғни жекелеген оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін, ынта-
ықыласын, қызығушылығы мен талап-тілегін
ескермеу тәрізді себептер
мүмкіндік берген;
3) жұртшылықтың тәрбие процесіне толық кӛңіл аудармауынан, яғни
балалардың тұратын ықшамаудандарында әр түрлі үйірме жұмыстары мен
спорт секцияларына тиянақты тартылмауы, бос уақыттарын дұрыс
ұйымдастырылмау салдары да негіз болған [2,28б].
«Қиын» балалардың жеке-даралық ерекшеліктерін ӛмір жағдайымен,
тәрбие мен ӛзара әрекеттігін есепке алып, кешенді құрама түрінде зерттеп, іске
асырған П.П.Блонский (1936 ж) болды. Оның зерттеуінің негізгі мақсаты
балалардың ӛмір сүру мақсатымен оның деңгейін анықтау. Ол «қиын»
балалардың мінез-құлық
тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып кӛрсетеді.
Бұл балаға былайша мінездеме береді: объективті кӛзқараспен қарағанда
қиын оқушы мынандай, ол мұғалімнің жұмысының жемісті еместігіне
байланысты, ал субъективті кӛзқараспен қарағанда «қиын» оқушы мынандай,
онымен мұғалімдерге жұмыс істеу қиын, мұғалімнен кӛп жұмысты істеуді
талап ететін оқушы, «істі бүлдіруші» оқушыларға толыққанды мінездеме бере
отырып, П.П.Блонский ӛз
жұмыстарында мектепті, сыныпты ұйымдастыруға
баса кӛңіл бӛледі. Оның пікірі бойынша, қайта тәрбиелеудің нағыз тура жолы
тәртіп бұзушыларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына
біртіндеп әкелу болып табылады.
Кӛп жылдық оқу мен бақылау негізінде И.А.Невский қиындықпен
тәрбиеленетін баланың пайда болуын, балалар мен отбасында, мектепте
жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының
жеткіліксіздігінен, кемеліне жетпеген
педагогикалық практика нәтижесінен деп түсіндірді. Әрі қарай ойын былай
кӛрсетеді: бұл қыңыр құбылыспен күресу бағытының шешімі мұғалімнің тиімді
әдістерді меңгеру қабілетіне қарай емес, сол әдістерді дұрыс пайдаланып,
дұрыс игеруіне негізделеді [3,45б].
Қиын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу қазіргі таңда педагогикалық-
психологиялық проблема ретінде күн тәртібінен түспей отырған мәселе «қиын
оқушылар» санының жылдан-жылға артуы. «Қиын оқушылар» тек
жасӛспірімдер арасында емес, бастауыш сынып
оқушыларының арасында да
бар. Сондықтан, оқушыларды ерте жастан, бастауыш кезеңінен бастап қолға
120
алу керек. «Қиын бала» деп тек қана сабақ оқымайтын, қиқар, тәртіпсіздікке
бой алдырған балаларды ғана атауға болмайды. Психологияда үндемейтін,
ішімдегіні біліп ал деп томаға тұйық жүретін балаларды да «қиын балаға»
жатқызады [4,60б].
Осы орайда ғалым педагог В.Трифонов тәрбиесі нашар балалардың пайда
болуына қоршаған шағын ортасы, отбасындағы тәрбиесі ықпал ететіндігін атап
кӛрсетті. Зерттеу барысында байқағанымыз: қиын балалардың 44%-ы толық
отбасы болмағанынан, 30%-да жақын туыстарының
заң алдында жауапқа
тартылғандар, ал 15%-да әке-шешенің біреуі ішімдікке салынғандар екен.
Бұдан шығатын қорытынды: қиын балалардың пайда болуының себебі –
Достарыңызбен бөлісу: