«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»



Pdf көрінісі
бет81/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   115
 
 
АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ 
ҚОЛДАНУДАҒЫ МҦҒАЛІМНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ 
 
Калмуратов Д. 
«Физика» мамандығының 3 курс студенті
Ғылыми жетекші: аға оқытушы, магистр Жумабаева С. Б. 
Мұғалім 
дайындығының 
негізгі 
базасы 
ақпараттық 
және 
коммуникациялық технология (АКТ) кӛмегімен ӛз қызметін тиімді 
ұйымдастыру және оның ішкі тәртібінің игерілуін жоғары деңгейде қамтамасыз 
ету болып табылады. Мұғалімнің кәсіби қызметіндегі АКТ құралдарының 
тәжірибе жүзінде қолданылуы дайындық нәтижесін бағалауды және оның 


224 
кӛмегімен ақпараттық қызметтің ұйымдастырылу тәсілін игеру деңгейімен 
бӛліп кӛрсетеміз. Таңдалған деңгейдің алғашқы шарты ретінде АКТ 
құралдарының кӛмегімен ақпарат қызметінің жүзеге асуы кезінде әрекеттің 
және дербестіктің жүйелерін таңдаймыз. Осыған байланысты В.П.Беспалько 
ұсынған әрекет деңгейі жүйесінің бейімделуін ақпарат қызметінің тӛрт 
деңгейіне бӛлеміз, яғни, олар репродуктивті, бейімділік, эвристикалық, 
шығармашылық [1]. 
АКТ-ны қолдану аймағындағы репродуктивті деңгейінде мұғалім 
ақпараттық білімнің бір бӛлігін ғана игереді, яғни АКТ құралдарын ӛз 
қызметінде толық пайдаланылмайды. Ол берілген алгоритм немесе басқа да 
амалдардың тек әрекеттерін ғана кӛшіреді. Сонымен қатар оқу үдерісінде АКТ 
құралдары мен амалдарын қолдануы тӛмен немесе қолданбайды.Мұғалім 
бейімделген деңгейге жету кезінде алған білімін қолдануға саналы түрде дайын 
болады, алынған жаңа ақпарат қызметінің тәсілін ӛз деңгейінде қолдана біледі. 
Бірақ осыған ұқсас жағдайлар болуы да мүмкін: талдау мен ӛзін-ӛзі бақылауды 
жүзеге асыра білуі; қойылған талаптардың шешу барысында, оларға жекешілік 
кӛрсете білуі; кәсіби қызметінде АКТ-ны қолдануға бағыт-бағдар бере білуі.
Эвристикалық деңгей мұғалімнің терең және берік білімді игергендігін 
кӛрсетеді; ол қойылған талаптарды шешу барысында АКТ құралдары мен 
амалдарын дара қолдануы мүмкін; онда нақты талаптарға бейімделу мен 
қолданылуының қабылданған әдістерін дұрыс пайдаланады; АКТ аймағында ӛз 
білімі мен біліктілігін кӛтере отырып, кәсіби қызметтегі АКТ-ны қолданудағы 
нақты бағыты байқалады. Бұдан байқайтынымыз, мұғалім АКТ-ның жаңа 
амалдарын ӛз бетінше үйренуге икемді болуы керек. 
Шығармашылық деңгей белсенді шығармашылықтың жоғарғы деңгейінің 
жетістіктік кӛрсеткіші болып табылады. Мұғалім АКТ амалдарының 
ақпараттық қызметтерін кең кешенді түрде қолдануға дайын және ӛз алдына 
жеке талап қоя алады, әдістерді таңдап және олардың шешімі үшін амалдар 
таңдайды, таңдалған әдістерді қолданудың нәтижесін бағалайды; бағытталған 
шығармашылық қызметте мұғалім жаңа ақпараттар ала алады, АКТ амалдарын 
қолдану жүйесін ӛзі ӛңдеуге мүмкіндігі болады [2]. 
АКТ құралдары мен амалдарын қолдануда мұғалімнің қызметі екі деңгейде 
жүзеге асуы мүмкін:эмпирикалық және саналық. АКТ амалдарының кӛмегімен 
ақпараттық қызметінің эмпирикалық деңгейі сыртқы пәндік қызметті игеруді 
ұйғарады, сонымен бірге тәжірибелік логикалық әрекетке әдістемеленгенде 
оқу-тәрбиелік 
үрдіс 
компоненттері 
мен 
жаңа 
ақпараттанған, 
коммуникацияланған технология арасындағы заңды байланысты түсіндірмейді. 
Осындай деңгейді меңгерген студент сол немесе ӛзге ақпараттанған білімді 
мақсатты қолдануын негізсіз деп шешеді. Сонымен қатар ол, неге сол әрекет 
тәсілі таңдалғаны және ӛзге әрекеттерді кӛшіруді де негізсіз етеді. 
Эмпирикалық қызметте ұстазды дайындау репродуктивті және кәсіби деңгейіне 
сәйкес келеді. Саналы әрекет бағдарлаушы нәтижеге алып келетін, саналы 
мақсатқа бағынышты үрдіс. Оқу тәрбиелік үрдістегі АКТ–ны қолдану бойынша 
әрекетін қабылдаудың саналы деңгейі сыртқы пәндік әрекеттің теориялыққа 


225 
ауысатын білім мақсатындағы қолданылуды ұсынады. Сондықтан осы әрекет 
барысында туындағанмақсат пен АКТ амалдарындағы сол немесе ӛзге 
қолданылған бағдарланушы нәтижелері жүзеге асып, қолданудың шарты 
бағаланады. Саналы әрекет ұстазды дайындайтын эвристикалық және 
шығармашылық деңгейіне сәйкес келеді.Деңгейлердің аралық шекарасын 
жеткілікті шартын белгілейміз, ал білім, ниет, икем кешендері білімнің 
ақпараттануының дәрежесіне қарай ӛзгеріп отырады. Мұғалім қызметіндегі 
АКТ-ны қолдану мүмкіндіктерін талдау деңгейдің бейнеленуіне сәйкес білімді 
ақпараттандырудың жаңа кезеңіндегі АКТ амалдарының кӛмегімен ақпарат 
әрекеттерінің әртүрлерінің жүзеге асуының нақты тәсілін анықтайды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1. 
Г.Н.Александров Компьютер в структуре педагогической деятельности 
//Вопросы психологии. 1986 №5 стр. 75-79. 
2. 
С.М.Кеңесбаев. Студенттерді жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға 
жүйелі деңгейде дайындау. Хабаршы, Абай атындағы ҚазҰПУ, №3, 2014ж. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет