«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»


ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН САЛАУАТТЫ ӚМІР САЛТЫНА



Pdf көрінісі
бет80/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   115
Байланысты:
Conference 1.(30.11.2016) (1)

ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН САЛАУАТТЫ ӚМІР САЛТЫНА 
ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЖОЛДАРЫ 
 
Жақсылық Б. 
«Педагогика және психология» мамандығының 4 курс студенті
Ғылыми жетекшісі Бижанова Г.Қ. 
Салауатты ӛмір сүру салты әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс оның 
қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, қызметі мен құрылымын 
танып білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес ӛсіп келе 
жатқан ұрпақтыңжан мен тән саулығын қамтамасыз ету үшін керек.
Салауатты ӛмір салтын қалыптастыру сабақтан тыс, мектептен де тыс 
денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі 
білім беру орындарындағы салауаттылықжүйесі жастардың денсаулықтарын 
нығайтумен 
қоса, 
тұлға 
бойындағы 
биологиялық-психологиялық 
қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, ӛмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті 
қатынастарын дамытуды меңзейді. Мұндай маңызды әдістеме ғылыми және оқу 
пәні ретінде жетекші рӛл атқаратынын,болашақ педагогтардың тәрбиесі 
саласындағы кәсіптік бағытта дайындауды жүзеге асыратын жоғары оқу 
орындарындағы оқыту жүйесіне тікелей байланысты екені белгілі. 
Салауатты ӛмір салтын қалыптастырумәселелерін шығармашылық 
тұрғыда шешуге, ӛзгермелі ӛмір жағдайында инновациялық процестер мен 
жаңашыл бағыттарды дер кезінде меңгере отырып, тәжірибеге сын кӛзбен 
қарап, салауаттылықты қалыптастыруміндеттерін жүзеге асыруға белсенді, 
салауаттылық пен денсаулығы мықты маман даярлаудың маңыздылығы артуда. 
Демек, жоғары оқу орындарына болашақ мамандарды кәсіби дайындау 
денсаулығы мықты, жан-жақты дамыған, алуан түрлі дене және ақыл-ой 
еңбектерін тәрбиелеуге қабілетті ұрпақты тәрбиелеу жӛніндегі мемлекеттік 
қажеттілік талаптарына байланысты жүргізілетін іс [1]. 
Республикамыздағы білім беру саласында және әртүрлі қолдану 
салаларына байланысты жаңа бағыттағы білімді де, денсаулығы мықты жан—
жақты дамыған мамандарға деген сұраныстардың артуы, оларды дайындаудағы 
білімділігі мен қабілеттілігі, біліктіліктің қазіргі талаптарға сай болуы ӛте 
үлкен маңызды жұмыстарды атқаруды талап етеді және болашақ педагогтардың 
кәсіби даярлығын, білім стандартына, мазмұнына сай жетілдіру мәселелері 
кӛкейкесті мәселеге айналып отыр. Денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, 
тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола 
отырып, жеке тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын 
нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене-қозғалыс қабілеті 
мүмкіндіктеріне сай, ӛз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, ӛзін-
ӛзі үнемі дамытып, кӛңілді де сергек жүруге баулиды. 
Болашақ ұрпағымыздың денсаулығының мықтылығы, салауатты ӛмір 
сүруі мектеп мұғалімінің жеке басымен оның жоғары оқу орнындағы 
теориялық жеке тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты. 


221 
Осыған орай білімгерлердің салауатты ӛмір сүру салтын қалыптастыружүйесін 
жүзеге асыру жұмыстарынболашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби 
дайындықтың ажырамас бӛлігі ретінде қарастыру керек.
Бүгінгі таңда болашақ мұғалімдерді оқушылардың спортпен шұғылдануға, 
жаман әдеттерден бойын аулақ ұстаужүйесін жүзеге асыруды ескере отырып 
дайындаудың қажеттігі мен бұл мәселенің ғылыми-теориялық тұрғыда 
талданбауы және болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығын ғылыми-
әдістемелік тұрғыдан жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету сұранысы мен осы 
уақытқа дейін педагогика ғылымының мәселенің арнайы жүйе ретінде 
қарастырылмауы арасында қарама-қайшылықтар орын алып отырғанын 
байқадық. 
Осы орайда қазақ мектептерінде, нақтырақ айтсақ, әсіресе жоғары сынып 
оқушылары қазіргі уақыттағы ойландырарлықтай мәселе туғызып отыр.Бұлай 
дейтін себебіміз, кӛптеген мектептердің жоғары және орта буын оқушылары 
денсаулыққа зиянды заттар мен ішімдікті және тағы да басқа улы заттарды 
қолдануда саны жағынан ӛспесе кемімей отыр.Осы мәселеге байланысты 
Елбасымыздың ӛзі сӛз қозғаған болатын. 
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық 
бағдарламасында «Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша,біз қуатты 
мемлекет пен қарулы күштер құра алмаймыз, демографиялық, экономикалық 
және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының 
салауатты ӛмір салтын дұрыс қалыптастыруына әсер ете алмаймыз.»,- деген 
болатын [2,176б]. Соған байланысты кӛптеген құжаттар бар, мәселен: 
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 ж 18 мамырдағы «Халық 
денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының 
үздіксіз 
білім 
беру 
жүйесінде 
«Салауаттану-денсаулықты 
сақтау» 
бағдарламалары. Бұл құжаттардағынегізгі мәселенің бірі – салауатты ӛмір 
салтын қалыптастыру, жастар тәрбиесі. Сондықтан да болашақ мұғалімдерге 
қойылатын жаңаша талаптар мен ӛзгерістер туындап отыр. Бұған себеп қазіргі 
кезде жеке тұлғаның қоғамдық және әлеуметтік мәні болашақ мұғалімінің 
назардантыс қалмауы қажет [3]. 
Оқу тәрбие үдерісіндегі сауықтыру, білімдік, тәрбиелік міндеттерімен 
қатар, педагог кәсіби жұмысын атқарып қоймай, оқушылардың рухани жеке 
тұлғасын қалыптастыруды жүзеге асыруы керек. Салауатты ӛмір сүру 
салтыныңтеориясы мен әдістемесінің қайнар кӛздерін, тарихи даму кезеңдерін 
сараласақ, олардың мынадай жағдайларға байланысты пайда болатынын 
анықтауға болады: 
-салауаттылық 
дағдысыжетілген, денсаулығы мықты адамдардың 
қажеттілігінен туындаған қоғамдық ӛмірдің іс-тәжірибесі;
-әр түрлі тарихи кезеңдерде ойшылдар мен ағартушылардың жан-жақты 
жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу туралы ой-тұжырымдары мен идеялары; 
-үйлесімді дамыған, жан-жақты, білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеудегі озат 
педагогикалық іс-тәжірибелер мен ұсыныстар; 


222 
-кәсіби білім беру саласындағы ізденістер мен ғылыми негізделген 
тұжырымдамалар; -
-кәсіби білім беру саласын дамыту жӛніндегі мемлекеттік сұраныстар [4]. 
Салауатты ӛмір сүру салты адам әрекетінің сан – қилы сипатымен, ӛзіне 
тән ой-сана мен даму заңы, ӛзара ішкі байланыстары мен ӛзара ықпалдастықта 
дамитын ерекшеліктері, әдістері мен ӛзіндік тарихы қалыптасқан. Нәтижесінде 
салауаттылықты қалыптастырутеориясы ғылым ретінде қалыптасып, мәні мен 
мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Тарихи деректерді сараптасақ, адамзат 
қоғамы пайда болып, алғашқы ӛмір сүру кезеңінен-ақ дене мәдениетінекӛңіл 
бӛлініп, сол еңбек пен тұрмыстық ӛмірдің шарты ретінде дамыды. 
Алғашындаұйымдасқан ойындар мен ойындық-қимыл қозғалыстар түрінде 
кӛрініс берді. Бұл кезеңдегі ойындар мен денешынықтыру жаттығулары 
қарапайым болғанымен, олардың адамды қалыптастыру мен тәрбиелік маңызы 
зор болды. 
Салауатты ӛмір сүру салтына тәрбиелеудің басқа тәрбиелермен 
сабақтастығы мәселесі Орта Азия және Ұлы дала ғұламалары еңбектерінде де 
ерекше аталған. Солардың ішінде ерекше тұлға Әл-Фараби тәрбие мәселесіне 
бағыт-бағдар бере отырып, «Әлеуметтік-этикалық трактаттар» атты еңбегінде 
бала денесін жетілдіруді оның бойындағы абзал қасиетті тани біліп, мінез-
құлқының жақсы сипаттарын тәрбиелеп, ӛзін-ӛзі үнемі дамыту қажеттігіне 
тоқталады. Ол «дененің саламаттылығы» ұғымын енгізе отырып, әр адамның 
тәрбиесінде мынадай үш қасиет болу қажет деп есептейді: дене күші, рухани 
және ақыл-ой, олар ӛзара үйлесімді дамыған жағдайда ғана жан-жақты дамыған 
жеке тұлғаны қалыптастыруға болатынын дәріптейді. Еліміздің белгілі 
қайраткерлері Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, 
Ж. Аймауытов, С. Торайғыров, Ӛ. Тілеуқабылұлы т.б. салауаттылық 
мәселелерін халықтың дәстүрлері, халықтың мұраларындағы орамды тұстарын 
дәлелдеп, оның құндылық бағытына тоқталған. Кейінгі жылдары жастардың 
тәрбиесіне байланысты бірқатар құжаттар, заңдар, тұжырымдамалар жарық 
кӛрді. Оларда тәрбиенің мазмұны, ұстанымдары, мақсаты мен міндеттері қайта 
қарастырылып, оларды түбегейлі жаңалау қажеттілігі атап ӛтілген. Мұндағы 
мақсат – ұрпақты қазақ халқының жауынгерлік тарихымен, ерліктің ӛшпес 
үлгісін қалдырған қас батырлардың ӛмір ӛнегесімен таныстыру, ӛз жерін, елін 
қорғай алатын елжанды ұлттық намысы бар жігерлі азаматтарды тәрбиелеу, 
басқа ұлттардың ӛкілдерімен жастардың ӛзара сыйластық, достық негізінде 
ӛмір сүруіне ықпал жасау, ұлтаралық қатынастың жақсы негіздерін бойына 
сіңіру. Бұл қағидалар қазіргі таңда қазақ педагогикасында тәрбиенің негізгі 
ережелерінің бірі болып саналады [5].
Соңғы уақытта қоғамымызда зор саяси және әлеметтік ӛзгерістер жүріп 
жатыр. Осыған байланыстыадамдардың тұрмыстіршілігінің, сана-сезімі мен 
әдет-ғұрпыныңда ӛзгерістергеұшырайтынызаңды құбылыс. Дүниежүзілік 
денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша халық 
денсаулығының 49-50 % ӛмір салтына, яғни адамның ӛз денсаулығына қалай 
қарайтынына тәуелді, 17-20 % қоршаған орта ерекшеліктеріне байланысты. 


223 
Сонымен қатар денсаулық қатерінің негізгі факторларына мыналар да енеді: 
қозғалыс күшінің кему салдарынан қимылдың кемуі (гиподинамия) дене 
массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының 
барлығының кӛптеген уытты заттармен ластануы, ӛндірісте және тұрмыста 
күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің – шылым шегу, алкоголь 
пайдалану, нашақорлық кӛп таралуы,т.б. 
Қорыта айтқанда, ашық аспанымызға қара бұлт тӛндірген заман 
кеселдерінен арылу,салауатты ӛмір сүруге шақыру– кӛкірегі асу, кӛзі ашық 
әрбір азаматтың борышы. Ал, кез келген елдің болашағы – оның халқының 
денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. 
Сондықтан, біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты ӛмір салтын 
насихаттау болса, « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді ӛсіп 
келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың ӛз денсаулығына деген 
жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. 
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. - 27.07. 2007 Қазақстан 
Республикасы Президентінің 1998 ж. 18 мамырдағы «Халық денсаулығы» атты 
мемлекеттік бағдарламасы.
2. 
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. Барлық Қазақстандықтардың ӛсіп-
ӛркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Қазақстан Республикасының 
Президенті Н.Ә. НазарбаевтыңҚазақстан халқына Жолдауы. – Алматы: 
Білім,1997. - 176 б.
3. 
«Қазақстан республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР 
Заңы. - 2004 ж. - 7 шілде, № 581. 
4. 
Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелерінің 2006-2011 
жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы. - ҚР Білім және 
ғылым министрлігінің 2005 жылғы 13 маусымдағы № 401.
5. 
Айтжанова З. Салауаттылық – ӛмір салты. Адамгершілікке тәрбиелеу. 
Бастауыш мектеп.2004, № 1.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет