Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың


Әйтеке бидің Түркістан жиынындағы ұсыныстары



бет3/4
Дата13.11.2022
өлшемі24,8 Kb.
#49736
1   2   3   4
Байланысты:
1200 íóñêà

7.Әйтеке бидің Түркістан жиынындағы ұсыныстары
A. Қытаймен одақтас болу, қаржы жинау
B. Қолбасшы сайлау, басқа жерге көшу
C. Қару-жарақты көбейту, тұрақты жасақ ұстау
D. Басшы сайлау, Ресейден көмек алу
E. Мал өсіру, сауданы нығайту
8.Мәтіннің мазмұнын қорытындылайтын мақал-мәтел
A. Ханда ұл болмайды, биде құл болмайды.
B. Бастығың болса білімсіз, Тындырар ісің тиімсіз.
C. Қосшы болуға жараған - басшы болуға да жарайды.
D.Көреген басшы елді өсіреді, Күшті майдан ерді өсіреді.
E. Ел ағасы іріткішіл болса, Елін жауы шабар.
9.Басқа елдермен одақтас болудың еш мәні жоқ екендігін түсіндірген
Әйтеке бидің сөзі
A. «Хан кеңесіне» бағынатын адам болу керек.
B. Көршілес елдердің көздегені қазақ халқын отарлау.
C. Басқа елдердің әскери жасақтары мықты.
D. Қазақ халқының басы бірікпейді.
E. Қазақ жұртына жалғыз басшы сайлау керек.
10.Дәстүрлі «Хан кеңесінің» болмай қалу себебі
A. Жиын Қарақұмға көшірілгендіктен
B. Жиын Түркістанға көшірілгендіктен
C. Әйтеке соғыста болғандықтан
D. Қалдан-Бошақтың соғыс ашуынан
E. Сайрамда соғыс болғандықтан
11.Мәтінде жауабы жоқ сұрақ
A. Әйтеке би кімдерден қауіптенді?
B. Әйтеке би елдің шекарасын қай жерден бекітуді ұсынды?
C. «Хан кеңесі» неге болмай қалды?
D. Әйтеке би Қалдан-Бошақтының жасағына қанша қолмен аттанды?
E. Қазақ жиыны қай жерлерде өтті?
12.Қалдан-Бошақтың жасағының кері шегіну себебі
A. Қолы әлсірегендіктен
B. Сайрамды талқандағандықтан
C. Қауесетке сенгендіктен
D. Әйтекеден сескенгендіктен
E. Жеңілісін мойындағаннан
4-мәтін
Өлшем бірлік
Дәл сол уақытта қазақтар «өлшем бірлік» деп аталатын тұрмыстық қажеттілікті
әдеттегідей тапқырлық танытып, салмақ пен көлемді қасынан табыла қоятын
заттармен өлшеуге дағдыланған.
Далаграмм мен далакилограмм. «Неғылған батпан құйрық?» деген мәтелді
білетін боларсыздар. Ендеше сол батпан «үлкен, мол» деген мағына береді.
Себебі батпан деп - 100 килограмм және одан артық салмақты айтқан.
Палуандар әдетте ауырлық көтеруді батпаннан бастайтын болған. «Бір
көтерім», «бір арқалық» деген салмақ - қазіргіше 50 килограмм шамасында. Сірә,
қап тасу сияқты жұмыстардан қалыптасса керек. Одан кішісі - атақты пұт. пұт 16
килограммға тең. Сонда, Дінмұхамед Қонаевтың еліміздің қамбасына бір емес,
бірнеше рет тапсырған миллиард пұт астығы - 16 млн тоннаға тең боп шығады.
«Бір пітірлік», «пітірбидай» - қазіргі 3 килограмм. Діни мазмұнын аңғарып-ақ
тұрсыздар. Дәрі-дәрмегі бар, тұзы бар, басқасы бар - ыдыс-аяқ айналасындағы
тұрмыстық күйбеңде «қадақ» деп аталатын өлшем бірлік көп пайдаланылған.
Қадақ қазіргі метрикалық жүйемен 750 грамға тең. «Қаладан бір қадақ науат ала
кел!» - XX ғасыр басындағы отанасының жолға шыққан отағасына әдеттегі
тапсырмасы. «Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады» деген мәтелдегі
батпанды біз білдік. Ал мұндағы мысқал - қазіргі бір грамм. Айтпақшы, тіпті
арнайы жабдық жасалып өлшенген өлшем - тап осы мысқал.
Бекзадаларда, сұлтандарда мысқалмен өлшейтін арнайы жабдықтар болған.
Әдетте бағалы металдарды өлшеу үшін пайдаланылған. Мысқалдан төмен
өлшемдермен бабалардың не өлшегені бізге белгісіз. Бірақ одан төмен өлшем
бірліктердің бірқатары болған.
Бір шымшым. Аты айтып тұр. Сұқ саусақ пен бас бармақты бүрістіріп шымшып,
ұшына ілгенің — бір шымшым. Бір шөкім — алақанның бетінде шашып алмай
ұстап тұратындай құмдауыт заттың өлшемі (тұз, бұрыш, топырақ, т.с.с.).
Құрақ көрпе сияқты, тұрмыстық мәдениеттің шедеврі бар халықта өлшем бірлік
үшін оймақтың қолданылмауы мүмкін емес. Ендеше қазіргі «оймақтай ой» деген
тіркестің мәнінде аса дәл өлшем жатыр. Бұған қоса, сұлының бидайындай ғана
«тырнақтай» деген де өлшем болған. Көбірек алу үшін бас бармағыңыздың
тырнағын сайламай-ақ қойыңыз, біздегі деректер - тек шынашақтың тырнағын
ғана, ал кейбіреулер тіпті - торғайдың тырнағын айтқан дейді.
Далалитр мен далакуб. Көлемді өлшемей тірлік жоқ. Ендеше,
еуропалықтардағыдай орталықтандырылған өлшем жүйесі болмағанымен, кез
келген қазақтың үйінен табылатын қарапайым затты эталон қылу арқылы,
даланың о шеті мен бұ шетінде біршама бірдей көлемдік жүйе қалыптасқан.
Саба десе қымыз дейсіздер бірден. Ендеше сол саба - шамамен 25 литрге тең
болған. Әдетте жылқының терісінен тігілген үлкен торсық. Соның арасында
бізге «бірқұлақ су» деген көлемдік бірлік құпия боп қалып отыр. Қазіргіше - 4
текшеметр. Құпиясы сол: онымен не өлшеген?
Ал ең қызық өлшем бірлік ол - шүйке. Шүйке деп әдетте қолды бір салғанда
жұлып алатын түйенің шудасын әлде ешкінің түбітін айтады. Қызық деп
отырғанымыз: ол салмақты да, көлемді де білдіруі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет