Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың



Pdf көрінісі
бет146/243
Дата07.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#20464
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   243
1079-нұсқа 
1-мәтін 
Киіз үйдің түрлері мен құрылысы 
Киіз  үйдің  құрылысы  мен  жасалу  жолдарына,  этнографиялық  ерекшеліктеріне  жеке 
тоқталайық,  Киіз  үйдің  қазақы  және  қалмақы  деп  аталатын  екі  түрі  бар.  Қазақы  үйлер 
дөңгелек,  толық  күмбезді  болады  да,  қалмақы  түрінің  төбесі  шошақтау  келеді.  Қазақ  үйлері 
пайдалануына,  сән-  салтанатына  қарай  бірнеше  түрге  бөлінеді.  Мысалы:  қара  үй  (3  қанат), 
қоңыр үй (4 қанат), боз үй (5 канат), ақ үй (6 қанат), ақ ала орда (8 қанат), ақ орда (12 қанат), ақ 
шаңқан  (18  қанат),  алтын  үздік  (24  қанат),  алтын  орда  (30  канат)  деп  аталатын  түрлері  бар. 
Сол сияқты көшіп-қонуға, уақытша паналауға немесе шаруашылық, жұмыс ретіне бейімделген 
үй түрлері болады. Олар қос, абылайша, күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп 
аталады. 
Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді: 
1.  Төр - бұл үйдің жоғары әрі қымбат орны. Мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Жас 
келіндер бұл жерді баса бермейді. 
2.  Сол жақ - (кіргенде оң жақ) үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық-
түлік, ыдыс-аяқ тұрады. Оны шимен жауып қояды. 
3.  Оң  жақ  -  (кіргенде  сол  жақ)  мұнда  балалары  орналасады.  Босаға  жаққа  қарай  ер-тұрман, 
киім ілінеді. 
4.  От орны - қасиетгі орын саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады. 
1.  Киіз үйдегі киелі орын 
A)  Үй иесінің жататын орны                                B)  Азық-түлік, ыдыс-аяқ тұратын орын 
C)  Ер тұрман, киім ілінетін орын                        D)  От жағылып, қазан асылатын орын      
E)  Қонақтар орналасатын орын 
2.  Ең үлкен киіз үй 
A)  Ақ ала орда           B) 
Ақ орда             C) 
Алтын үздік    D) 
Алтын орда 
E)  Ақ шаңқан 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет