Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың


-  мәтін  I.  Құнарлы құрттың қадірін білеміз бе?



Pdf көрінісі
бет149/243
Дата07.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#20464
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   243
Байланысты:
оқу сауаттылығы

4-  мәтін 
I.  Құнарлы құрттың қадірін білеміз бе? 
1.  «Құрт - құрғатылған, кептірілген сүт өнімі. Пісіліп, майы алынған айранды қайнатып, кенеп дорбада 
сүзіп  алып,  тұздап,  өреде  кептіріп  сақтайтын  тағам  түрі»,  -    деп  жазады  ұлттық  тағамымыз  жөнінде 
«Сарыарқа самалы» басылымы. 
2.  Адам денсаулығына аса пайдалы екендігінің дәлелі - құрт - кальцийдің көзі. Сондай-ақ, ақуызға өте 
бай,  Сондықтан  ол  -  құнарлы  тағам.  Оның  құрамында  А,  В,  С  дәрумендері,  мыс,  мырыш,  күміс,  темір, 
кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері жетерлік. 
3.  Балалар үшін де құрттың пайдасы ұшан-теңіз. Ол - баланың бойының өсуіне және сүйектері, тістері 


 
дұрыс  қалыптасып,  жетілуіне  септігін  тигізер  тағамдардың  бірі.  Әсіресе,  қатқан  құрттың  пайдасы  зор. 
Себебі  тісі  енді  шығып  келе  жатқан  балалардың  иектерінің  қатаюына  жәрдемдеседі.  Кепкен  құртты 
мүжіген баланың тісі сау, сүйегі берік болады. Ал сау әрі мықты сүйек - тірек қимыл аппаратының дұрыс 
әрі  белсенді  жұмыс  жасауына  сеп  болады.  Жасы  ұлғайған  кісілерде  зат  алмасу  баяулай  бастайтыны 
белгілі. Құрттың құрамында зат алмасуды және бауырдың қызметін жақсартатын холин және метионин 
деген  заттар  бар.  Сондай-ақ,  В  тобының  дәрумендері  болғандықтан,  қарттарда  жиі  кездесетін 
атеросклероз ауруының алдын алады
4.  Құртты көктем, жаз айларында жеген өте пайдалы. Себебі көктемде дәрумендердің жетіспеушілігі 
байқалады. Жаз айында ыстық шай ішкен кезде, термен бірге тұзды да жоғалтады. Сол жоғалған тұздың 
орнын толтыруға көмегі зор. Құртты әркім өз қалауынша қалаған тағамына қосып жей беруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет