Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың



Pdf көрінісі
бет147/243
Дата07.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#20464
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   243
2-мәтін 
1.  Қазақ  халқының  кісі  сыйлау,  үйге  келген  кісінің  қолына  су  құйып,  ас  ұсынуының  өзінен 
үлкен  адамгершілік,  мәдениеттілік  қасиеттері  айқын  көрінеді.  Әр  отбасы  үйіне  келген  кісіні 
төріне  шығарып,  астына  көрпе  төсеп,  құрақ  ұшады.  Қонаққа  ас  ұсынар  алдында  жасы  кіші 
адамның бірі леген мен құман алып, мейманның қолына су құяды. 
2.  Қолға су құйып, кісіге ас-су ұсынудың өзіндік жөн-жосығы бар. «Бата - бастан, су - аяқтан» 
деп, батаны төрдегі адамға жасатса, ал су құюды аяқ жақта отырғандардан бастайды. Әдетте 
қолға  суды  қонақтар  тегіс  отырып  болған  соң  құяды,  бірақ  жиын-тойларда  адам  өте  көп 
болатындықтан,  суды  екі  жігіт  екі  босағадан  бастап  төрге  қарай  айналдыра  құйып  шығады. 
Кейде  есік  алдына  үлкен  леген  қойып,  үйге  кірерде  қонаққа  қол  жудырып  кіргізеді.  Ал  адам 
саны  шағын  болса,  онда  бір  адам  оң  босағадан  бастап  отырған  адамдарға  түгелдей  су  құйып 
шығады,  тамақ  соңында  қолға  су  құю  солдан  оңға  қарай  басталады.  Қазақ  қол  жуғанда  суды 
сілкімейді, орамалмен сүртеді. 
3.  Қазақ  салтында  төмен  жақта  отырған  адамдар  өзінен  жоғары  отырған  адамдарға 
шыныаяқ  алып  беру,  ас-тағам  ұсынуға  жауапты  болады.  Шыныаяқ  алып  беру  мен  ас-су 
ұсынудың  да  өзіндік  ережесі  бар.  Мұны  әр  отбасы  баласына  мұқият  ұғындырады,  болмаса 
өзгелер жағынан «тәрбиесіз, көргенсіз» деген сөзге қалады. 
4.  Тамақ алудың да, шай құюдың да өзіндік жөн-жосығы бар. Мысалы, шай құйған кезде, үй 
ішіндегі кісілерге шай түгел құйылып болғанша, барлық адам сабыр сақтап күтіп отырады. Үй 
иесі: «Астан алыңыздар!» деген соң ғана қонақтар алдындагы асқа қол созады. Шыдамсыздық 
таныту үй иесін көзге ілмегендік болып саналады. 


 
3.  Мәтін мазмұнынан байқалатын қазақ халқына тән ерекше қасиеттер 
A)  Әдептілік, білімділік                                       B) 
Қонақжайлылық, ізеттілік 
C)  Талғампаздық, ақылдылық                             D)  Естілік, көрегенділік 
E)  Ақкеңілдік, шешендік 
4.  Мәтіниің 1,2-бөлімінде айтылған ой 
A)  Ac ұсыну әдебі                B) 
Қонақкәде салты         C) 
Дастарқан әдебі 
D)  Шай құю дәстүрі             E) 
Қолға су құю әдебі  
5.  Үй иесіне деген құрмет мәтіннің қай бөлімінде сөз болады? 
A)  3 
B)  1,2 
C)  4 
D)  2 
E)  1 
6.  Мәтін мазмұнына алшақ ой 
A)  Ac ұсынудың ережесі бар.        
B)  Қонақтың қолына құманмен су құяды. 
C)  Суды екі жігіт төрден бастап құяды. 
D)  Суды шай ішіп болған соң да құяды.      
E)  Қолды жуғанда сілкімейді.  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет