Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың



Pdf көрінісі
бет157/243
Дата07.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#20464
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   243
3- Мәтін 
 
Түһ,  түн  неткен  қараңғы  еді!  Жұлдыздар  да  шілде  ортасындағыдай  шүпірлей  қалыпты.  Анау 
темірқазық.  Анау  жетіқарақшы.  Анау  ақбота,  көкбоз...  Анау  Аңырау,  ат  құлағының  арасынан 
қылаңытқан  күлдей  бозаң  шоғыр  Үркер  ғой!    Жарықтық,  бұдан  ұсақ  ,  бұдан  солғын  жұлдыз 
жоқ  шығар.  Бірақ  соған  қарамастан  қаншама  самала  шырақтар  самғаған  түнгі  аспанда  оны 
көзің  бірден  шалып  тұр  ау!  Оның  сиқыры  неде  екен?  Әлде  жұп  ажыратпай  бірге  туып,  бірге 
бататынан ба?  Жұлдыз екеш жұлдыз да неғұрлым саны аз. Неғұрлым жарығы солғын болған 
сайын жиі тұрмаса, көзге түсе алмайтындарын білген ғой! Өздері неткен ыңғайток еді! Жаздың 


 
 
жаңбырлы, құрғақ , ыстық жайлы жайсыз болатынын жұрт осы Үркерге қарап біле қояды.Бәрін 
алдын ала осы бір шөкім солғын шырақтар сезіп қоятындай. Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, 
бірін-бірі  төбеден  нұқып  жатқан  әумесер  дүниеде  аз  халықтарға    да  осы    Үркер  мінез  керек 
шығар.  Бәлкім,  олар  мынау  ұйытқымасы  көп  аласапран  дүниеде  тек  Үркердей  тығыз  тұрып, 
дауыл мен боранды Үркердей алдын ала біліп, алдын ала ыңғайға аунап отыра алса ғана  аман 
қала алатын шығар... 
   Жолға  шыққанда  Үркердің  маңдайынана  туғанын  жақсылыққа  жорымаушы  ма  еді?!  «Үміт 
артсаң, Үркерге қара» деуші еді ғой. Желтоқсанда да Үркердің ат құлағынан асып көтерілмегені 
алдағы қыстың жайлылығы шығар. Алдында жақсылықтан асқан бақыт бар дейсің бе!  
Үркердің қарсы алдынан туғаны маңдайыңның ашылайын дегені ме екен?!  
Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен аттанды ғой.  
Бұрын қайда аттан боса да, үрей анталап тұрмаушы ма еді!  
Енді не де болса бір үміт бар емес пе!  
Ендеше  мынау  Үркер  де  жақсылығымен  туған  шығар.  Тек  бұның  тек  мынау  талайды  көріп, 
талай  тауға  басын  соққан  көнтері  жұртының  алдынан  ылғи  да  осылай  үміт  шырағы  туып 
тұрғандай.  
 
7. Мәтіндегі Үркер сипаты  
А)Ұсақ, солғын шоқ жұлдыз             D) таң алдында ғана көрінетін жұлдыз 
В) тез туып, тез сөнетін жұлдыз       Е) Ерекше жарық жұлдыз 
С) түсі көгілдір, оқшау жұлдыз 
8. «Халық не себептен  «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деген? 
А) Дәстүрді құрметтегендіктен            D) таң алдында ғана көрінетін жұлдыз 
В) Жақсылыққа жорығандықтан        Е) Ерекше жарық жұлдыз 
С) түсі көгілдір, оқшау жұлдыз 
9.  Автордың  «  ...  Тек  бұның,  тек  мынау  талайды  көріп,  талай  тауға  басып  соққан  контері 
жұртының  алдынан  ылғи  осылай  үміт  шырағы  туып  тұрғандай!»  деп  аяқтауының  мақсаты 
қандай? 
А) Келешегінен қорқу         С) Өткенді дәріптеу       Е) Болашаққа сенім арту  
В) Болашаққа алаңдау       D) Өткеніне налу 
10. Автордың жұлдыздар мен түнгі аспанды суреттеген жыл мезгілі  
А) Жаз          В) Күз             С) Қыс            D) Көктем             Е) Жазғытұрым  
11. Мәтін мазмұнына сәйкес «бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан 
әумесер  дүниеде  аз  халықтарға  да  осы  Үркер  мінез  керек  шығар!»  деу  арқылы  автор  қандай 
нәрсеге назар аудартады? 
А) бірлікке                         С) сабырлыққа                      Е) сыпайылыққа  
В) сенімділікке                  D) турашылдыққа  
12.Мәтіннің тақырыбы қандай? 
А) дала халқы                      С) күндізгі аспан                  Е) сабырлы халық 
В) ырымшыл халық            D) жайлы ауа райы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет