Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың



Pdf көрінісі
бет195/243
Дата07.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#20464
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   243
Байланысты:
оқу сауаттылығы

                                                                                  2-мәтін 
  Ерте  көктем  шығысымен-ақ  әкем  қыс  бойы  көміліп  жатқан  жүзім  бұтақтарын  ашып,  оны 
ағаштан  иіп  жасалған  арнайы  белдеулерге  асып  қоятын.  Бұл  өте  күрделі,  нәзік  жұмыс. 
Қысымен жер астында жаткан жүзім бұтақтары кейде топырақ астында жатып-ақ бармақтай-
бармақтай бүртік шығарып қалады. Оны абайсызда жұлып түсіруге болмайды. Әкем  топырак 
астында көзге көрінбей жатқан адам саусактары секілді жүзім бұтақтарының қай тұста, қалай 
жатқанын алақанымен сипалап білетін. Сол себепті көктемдегі жүзім ашу ісіне өзінен басқа тірі 
пендені  жолатпайтын.  Мұндайда  әкем  жүзімнің  әр  бұтағын  қолымен  сипалап,  «Ә,  оянып 
қалдың  ба,  жарайды,  сен  де  жарық    дүниеге  шыға  ғой»,  -  деп  өзінен-өзі  күбірлеп  сөйлеп 
жүретін. 
Әкем  үш  гектардай  жерді  алып  жатқан  жеміс  бағындағы  алма,  өрік,  шабдалы,  тағы  басқа 
мыңдаған  түп  ағаштардың  әрбіреуінің  қай  жерде,  қалай  тұрғанын,  неше  жаста  екенін,  өткен 
жылы неше бұтағы кесілгенін, қанша жеміс бергенін, биыл қайсысына күтім қажеттігін жатқа 
білетін. Сол себепті ол бақты аралап жүрмей-ақ өзі көздеген жеміс ағашын бірден тауып, оның 
артық бұтақтарын кесіп, құрт түскен жапырақтарына дәрі сеуіп жүретін. 
3. 
Автордың бағбанға қатысы қандай? 
A) 
Інісі 
B) 
Ағасы 
C) 
Шөбересі 
D) 
Баласы 
E) 
Немересі 
4. 
Бүл кімге/неге айтылған сөз? 
«Ә, оянып қалдың ба, жарайды, сен де жарық дүниеге шыға  ғой». 
A) 
Жүзімге 
B) 
Алмаға 
C) 
Әкеге 
D) 
Балаға 
E) 
Өрікке 
5. 
Мәтінде не туралы айтылған? 
1. 
Әкенің бақты күту шеберлігі 
2. 
Бау-бақшаны баптау сыры 
3. 
Бақтағы жемістердің өнімінің көптігі. 
 
A) 
Біріншісі мен үшіншісі дұрыс 
B) 
Екіншісі мен үшіншісі дұрыс 
C) 
Барлығы бұрыс 
D) 
Біріншісі мен екіншісі дұрыс 
E) 
Барлығы дұрыс 
6. 
Мәтінді жазудағы автордын басты ойы 
A) 
Жүзім түрлерін жарнамалау 
B) 
Жеміс ағаштарының түрлерін жарнамалау 
C) 
Әкесі туралы естелік 
D) 
Жеміс бағының күтімі бойынша кеңес 
E) 
Жеміс бағының пайдасы туралы айту 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет