Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың



Pdf көрінісі
бет237/243
Дата07.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#20464
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   243
Байланысты:
оқу сауаттылығы

Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» 
1.Бауыржанның «Мен мұнда сыбаға жеу үшін келгенім жоқ» деуінің мәні 
A)Үнемі қатаң әскери тәртіпке үйренгендігінен 
B)Жамбылды әкесіндей құрметтеп, батасын алғысы келгендіктен 
C)Майданға аттанып бара жатқандықтан 
D)Жамбылдың жырларын тыңдауға келгендіктен 
E)Ұзынағашқа Сәбитпен бірге қыдырып келгендіктен 
2.Екінші және төртінші бөлімдердің мағыналық ұқсастығы 
A)Бауыржан Жамбыл ақынның сынынан өтеді 
B)Ақынның қонақжайлылығы сөз етіледі 
C)Халық, ел, жердің жайы сөз болады 
D)Өтеген, Сұраншы батырлар туралы айтылады 
E)Жамбыл ақын батырға батасын береді 
3.Мәтінде есімдері аталған батырлар 
A)Сәбит, Бауыржан 
B)Өтеген, Сұраншы 
C)Балуан Шолақ, Жамбыл 
D)Ғали, Жамбыл 
E)Сұраншы, Сәбит 
4.Мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін мақал 
A)Қорқақ мың рет өледі, батыр бір рет өледі. 
B)Батырдың қаһары – елінің қорғаны. 
C)Баталы ер арымас. 
D)Батыр туса – ел ырысы. 
E)Батыр майданда шынығады, болат қайнауда шынығады. 
5.Мәтіндегі оқиға желісінің реттілігін табыңыз. 
1.Өтеген, Сұраншы батыр ерліктерін дәріптеу 
2.Ақын үйінен желінген сыбаға 
3.Ұзынағашқа, Жамбыл үйіне бару 
4.Жамбыл ақын батасы 
A)3,4,2,1 
B)2,3,1,4 
C)1,4,3,2 
D)4,2,3,1 
E)3,1,4,2 
6.Мәтін кімнің атынан баяндалады? 
A)Өтегеннің 
B)Сәбиттің 
C)Ғалидің 
D)Бауыржанның 
E)Жамбылдың 
7.«Мен – оттың ұшқыны, судың тамшысы ғанамын» деген сөзден Бауыржанның 
қандай қырын тануға болады? 
A)Менмендігін 
B)Батырдың жомарттығын 
C)Мейірбан мінезін 
D)Кішіпейілдігін 
E)Бірбеткейлігін 
8.«Енді көзі шырадай жанып, жылы ұшқын шашып, тағы да Сәбитке қарады» деген 
сөйлемнің мәні 
A)Сәбиттің Бауыржанмен бірге келгеніне риза болды 
B)Бауыржанның жауабына көңілі толып риза болды 
C)Қарт қонақтардан майдандағы ұлынан хабар күтті 
D)Батырдың ақсақал батасын алуға келгеніне қуанды 
E)Батырдың түсінің суықтығына риза болды 
 
4.10-мәтін 
I.Төре тұқымы өздерінің құпиясын басқа жұртқа көп айта қоймайтынын білсе де: 


 
 
 
– Қандай түсті айтасыз? Бұқар жырау не деген екен? – деді сұлтанды сөйлеткісі келіп. 
Кенесары бәлсінген жоқ, әңгімесін бастап кетті. 
–  Атамыз  Абылайды  үш  жүздің  игі  жақсылары  боз  биенің  сүтіне  шомылдырып,  ақ 
кигізге  орап,  хан  ғып  көтерген  күнінің  түнінде  ол  бір  ғажайып  түс  көріп  шығыпты. 
Бұқар жыраудан жоруын сұрапты... 
II.«Астымда  Жалынқұйрық  жүйрігім  бар.  Сарыарқада  серуендеп  келе  жатыр  едім,  – 
депті хан Абылай, –  алдымнан бір арыстан тұра  қашты,  қуып  жетіп, алдаспаныммен 
ішін  жарып  жіберіп  едім,  арыстанның  ішінен  бір  жолбарыс  шықты  да  тұра  жөнелді. 
Жолбарысты  да  қуып  жетіп,  аш  бауырынан  орып  жіберіп  едім,  ішінен  бір  көкжал 
қасқыр  шыға  келді  де,  тұра  қашты.  Көкжал  қасқырды  да  қуып  жетіп,  ішін  тіліп 
жібергенімде, одан бір қызыл түлкі ата жөнелді. Қызыл түлкіні де қуып жетіп, қарнын 
осып қалғанымда, ішінен құрт-құмырсқа, бақа-шаян, жылан-кесіртке ақтарыла түсті... 
Бірақ  бұлар  менен  қашпады,  бәрі  быжынай  келіп,  атымның  сауырына,  жалына 
жабыса  бастады.  Шошынғанымнан  айқайлап  жіберіп,  оянып  кеттім.  Жоруын  айтшы 
осы түсімнің, жырауым», – депті Абылай хан. 
III.Сонда Бұқар жырау былай деп жорыған екен: 
«Жалынқұйрыққа мінгенің – хан тағына мінгенің. Ал алдыңнан арыстан қашса, сенен 
арыстандай  айбарлы  ұл  туады  екен.  Одан  туған  бала  да  жолбарыстай  қайратты, 
жүректі  болады  екен.  Жолбарыстан  туған  шөберең  де  көкжал  қасқырдай  жүректі 
жаратылады  екен.  Ал  көкжал  қасқырдың  баласы,  төртінші  ұрпағың,  қызыл  түлкідей 
заманына  қарай  қу,  тәсілқой  келеді  екен.  Ал  қызыл  түлкіден  әрі  қарай  тараған 
тұқымың  бақа-шаян,  құрт-құмырсқа,  жылан-кесіртке  секілденіп  уақтанып  кетеді 
екен», – депті. 
IV.Егер  Абылайдан  туған  арыстан  менің  әкем  Қасым  төре  болса,  одан  туған 
жолбарысты  өзім  десем,  менен  туған  көкжал  қасқыр  әлгі  Сыздық  емес  пе?  Жаңағы 
қылығы  Сыздықтың  көкжал  бөрі  болатынын  көрсетпей  ме?  Өзің  де  соны  аңғарып 
қалған жоқсың ба? 
Кенесары  әлденеге  көңілі  бөлініп  кенет  тоқтай  қалды.  «Ал  көкжал  қасқырдан  түлкі 
тууға  тиісті  ғой,  түс  жоруы  дұрыс  болса,  солай  тәрізді...  Өзіңіз  соған  сенесіз  бе?»  – 
деп сұрауға Жүсіптің батылы бармады. Ол, әрине, дәл осы минутта Сыздықтан туған 
Жүністің  қызыл  түлкідей  қу  келетінін  қайдан  білсін,  тек  Бұқар  жыраудың  Абылай 
түсін әлгідей жорығанына таң қалуда еді. «Түс жоруы дұрыс. Қасым төре – арыстан, 
одан туған Кенесары жолбарыс, ал бұл Жолбарыстан туған әлгі Сыздық шын көкжал 
болғалы тұр. Одан кім туады? Шыныменен Бұқар жырау айтқандай күнін көру үшін 
заманына  қарай  бейімделген,  жалтарма  бір  қызыл  түлкі  дүниеге  келер  ме  екен?» 
Жүсіптің ойын тағы Кенесары бұзып жіберді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет