Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың



Pdf көрінісі
бет84/243
Дата07.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#20464
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   243
Байланысты:
оқу сауаттылығы

4-мәтін 
 
I. Құнарлы құрттың қадірін білеміз бе? 
1. «Құрт - құрғатылған, кептірілген сүт өнімі. Пісіліп, майы алынған айранды қайнатып, кенеп 
дорбада  сүзіп  алып,  тұздап,  өреде  кептіріп  сақтайтын  тағам  түрі»,—  деп  жазады  ұлттық 
тағамымыз жөнінде «Сарыарқа самалы» басылымы. 
2.  Адам  денсаулығына  аса  пайдалы  екендігінің  дәлелі  -  құрт  -  кальцийдің  көзі.  Сондай-ақ, 
ақуызға  өте  бай.  Сондықтан  ол  -  құнарлы  тағам.  Оның  құрамында  А,  В,  С  дәрумендері,  мыс, 
мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері жетерлік. 
3. Балалар үшін де құрттың пайдасы ұшан-теңіз. Ол - баланың бойының өсуіне және сүйектері, 
тістері  дұрыс  қалыптасып,  жетілуіне  септігін  тигізер  тағамдардың  бірі.  Әсіресе,  қатқан 
құрттың  пайдасы  зор.  Себебі  тісі  енді  шығып  келе  жатқан  балалардың  иектерінің  қатаюына 
жәрдемдеседі. Кепкен құртты мүжіген баланың тісі сау, сүйегі берік болады. Ал сау әрі мықты 
сүйек  -  тірек  қимыл  аппаратының  дұрыс  әрі  белсенді  жұмыс  жасауына  сеп  болады.  Жасы 
ұлғайған кісілерде зат алмасу баяулай бастайтыны белгілі. Құрттың құрамында зат алмасуды 
және  бауырдың  қызметін  жақсартатын  холин  және  метионин  деген  заттар  бар.  Сондай-ақ,  В 
тобының дәрумендері болғандықтан, қарттарда жиі кездесетін атеросклероз ауруының алдын 
алады. 
4.  Құртты  көктем,  жаз  айларында  жеген  өте  пайдалы.  Себебі  көктемде  дәрумендердің 
жетіспеушілігі  байқалады.  Жаз  айында  ыстық  шай  ішкен  кезде,  термен  бірге  тұзды  да 
жоғалтады.  Сол  жоғалған  тұздың  орнын  толтыруға  көмегі  зор.  Құртты  әркім  өз  қалауынша 
қалаған тағамына қосып жей беруге болады. 
II. Сусын әрі қорек 
1.  Езілген  құрт  түйіршіктерін  малта  дейді.  Ол  -  өте  кәделі  әрі  жұмсақ  ас.  Ұзақ  сапарға 
жолаушылар көбіне малта алып аттанған. Өйткені малта бір жағынан ашыққан адамның өзегін 
талдырмаса,  екіншіден  шөлдеген  кісіге  сусын  болған.  Адам  аштыққа  бір  айға  дейін  шыдауы 
мүмкін, ал шөлге бір жетіге де шыдай алмайды. Егер де ұзақ жолға шығатын адам малта құрт 
алса, еш алаңдамауға болады. Себебі малта құрттың адамды шөлден құтқарар ерекше қасиеті 
бар. 
2.  Соғыс  ардагерлерінің  естеліктеріндегі  мына  бір  хикая  ерекше  назар  аудартады.  Соғыс 
алдындағы  қырғын  шайқаста,  қатары  селдіреген  взвод  қорғаныс  шебін  тастап,  шегінуге 
мәжбүр  болады.  Күші  басым  жау  әскерінің  танктері  екі  қанаттан  орап,  ту  сыртынан  өтіп 
кеткен.  Тірі  қалған  бес  жауынгер  сай-жыраны  сағалап,  жаудың  тылында  қалады.  Аштық  пен 
шөл  бірдей  қысқанда  қатардағы  жауынгер  жүк  қапшығын  ақтарып  отырып,  бес-алты  құрт 
тауып алған екен. Майданға келгеніне сегіз ай болса да, «елдің дәмі ғой», - деп ырымдап, жемей 
жүрген  көрінеді.  Жасырынған  жерде  төрт  күн,  төрт  түн  жатады.  Бесінші  күні  таң  ата 
қоршаудан сытылып шығып, өз бөлімдеріне қосылыпты. «Жанымызды сақтаған бес-алты құрт 
болды» дегенге бөлімнің басқа жауынгерлері таңғалыпты. 
13. Қатқан құрттың жас балаларға пайдасы 
A) Зат алмасуын реттейді                     D) Атеросклероздың алдын алады 
B) Шөлдетпейді                                     E) Бауыр жұмысын реттейді 
C) Иекті қатайтады 
14. Екі мәтінге ортақ атауды табыңыз 
A) Құрт түйіршіктері                C) Сүт тағамдары            E) Құрттың жасалуы 
B) Құрттың түрлері                   D) Құрттың пайдасы 
15. Мәтінде кездеспейтін нұсқа 
A) Баланың бойын өсіреді.                        D) Қант қосылып жасалады. 
B) Бауырдың қызметін жақсартады.         E) Сүйектердің қатаюына әсер етеді. 
C) Атеросклероз ауруының алдын алады. 


 
16. Мәтінде жауабы жоқ нұсқаны табыңыз 
A) Құртты жылдың қай мезгілінде жеген пайдалы? 
B) Құрттың қанша түрі бар? 
C) Құрт қалай жасалады? 
D) Құрттың балалар үшін қандай пайдасы бар? 
E) Құрттың жасы ұлғайған кісілер үшін пайдасы бар ма? 
17. Құрт қасиетіне жатпайтын нұсқа 
A) Кальцийдің көзі                                           D) Кептірілген сүт өнімі 
B) Шөлден құтқаратын қасиеті бар                 E) Ақуызға бай тағам 
C) Бие сүтінен жасалады 
18. Екі мәтіндегі ақпараттың орналасу реттілігі 
1. Соғыс ардагерінің хикаясы 
2. Ұлттық тағамның жасалуы 
3. Дәрумендерге бай екендігі 
4. Балалар мен үлкендерге пайдасы 
5. Езілген құрт түйіршіктері 
A) 3,2,5,4,1          B) 5,1,2,3,4          C) 2,1,3,4,5         D) 1,3,4,5,2         E) 2,3,4,5,1 
19. «Малта» сөзіне сәйкес келетін жауап 
A) Құрғатылған, кептірілген сүт өнімі.     D) Езілген құрт түйіршіктері. 
B) Қайнап жатқан құрттың көбігі.             E) Әлі толық кеуіп үлгермеген құрт. 
C) Бірнеше жыл сақталған сықпа құрт 
20. Құрттың бала ағзасына пайдасы жөнінде мәлімет беретін мәтіннің қай бөлігі? 
A) Бірінші мәтіннің III бөлігінде                    D) Екінші мәтіннің II бөлігінде 
B) Екінші мәтіннің алғашқы бөлігінде          E) Бірінші мәтіннің II бөлігінде 
C) Бірінші мәтіннің I бөлігінде 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет