1022-нұсқа
1-мәтін
Киіз үйдің түрлері мен құрылысы
Киіз үйдің құрылысы мен жасалу жолдарына, этнографиялық ерекшеліктеріне жеке
тоқталайық. Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер
дөңгелек, толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақ үйлері
пайдалануына, сән-салтанатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы: қара үй (3 қанат),
қоңыр үй (4 қанат), боз үй (5 қанат), ақ үй (6 қанат), ақ ала орда (8 қанат), ақ орда (12 қанат), ақ
шаңқан (18 қанат), алтын үздік (24 қанат), алтын орда (30 қанат) деп аталатын түрлері бар.
Сол сияқты көшіп-қонуға, уақытша паналауға немесе шаруашылық, жұмыс ретіне бейімделген
үй түрлері болады. Олар қос, абылайша, күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп
аталады.
Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді:
1. Төр - бұл үйдің жоғары әрі қымбат орны. Мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Жас
келіндер бұл жерді баса бермейді.
2. Сол жақ - (кіргенде оң жақ) үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық-
түлік, ыдыс-аяқ тұрады. Оны шимен жауып қояды.
3. Оң жақ - (кіргенде сол жақ) мұнда балалары орналасады, Босаға жаққа қарай ер-тұрман, киім
ілінеді.
4. От орны - қасиетті орын саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады,
1. Ең үлкен киіз үй
A) Алтын орда C) Ақ ала орда E) Ақ орда
B) Алтын үздік D) Ақ
шаңқан
2. Киіз үйдегі киелі орын
A) Үй иесінің жататын орны D) Азық-түлік, ыдыс-аяқ тұратын орын
B) Қонақтар орналасатын орын E)
Ер тұрман, киім ілінетін орын
C) От жағылып, қазан
асылатын орын
2-мәтін
1. Перзенттің шыр етіп дүниеге келуі туған ата-анасының қуанышы ғана емес, бүкіл ауылдың
қуанышы болып есептеледі. Міне, осы күндері «шілдехана», «шілде той», «шілдехана күзет»
өткізіледі. Тойға жиналғандар сәбиге ізгі тілектерін білдірісіп, ән айтып, ойын ойнап, көңіл
көтереді.
2. Шілдехананы Жетісу өңірінде «шілде күзету» деп атайды. Әдетте, шілдеханаға ауыл
үлкендері қатыспайды. Жаңа туған нәрестені әр түрлі жын- шайтан, перілердің салқынынан
қорғап, күзету - халық сенімі бойынша тек жастардың міндеті болған. Ерте заманда бесіктегі
нәрестені күзету Ұмай анаға жүктелген. «Жаңа туған баланы алғашқы күндері шырақ жағып
күзетпесе, оны перілер әкетіп, орнына басқа бала тастап кетеді» деген сенім болған. Осы
сенімнің сілемі қазақ арасында соңғы уақытқа дейін сақталған. Шырақ жағып күзету - соның
бір түрі.
3. Немерелі болған әже сүйінші сұратып, жас балаларын жан-жаққа жібертеді. Сүйінші
сұраушылар «Кім туды?» деген сұраққа ұл болса - «тізгін ұстар», «күл шашар», «ноқта
жетектер», ал қыз болса - «қырық жеті» деген сияқты тұспал сөздермен жауап қатады.
Сүйіншіге ағайын-туыстары мал атап, кейбіреулер ақшалай-заттай сый-сияпат беріп, әйтеуір
қолын бос қайтармайды. Бөпелі болған қуанышты отауға ізгі ниеттерін білдіруге келген ауыл
адамдары «Бауы берік болсын!» деп, жылы лебіз, жақсы тілектерін айтады.
4. Жаңа туған нәрестенің той-томалағында жүрген әйелдер бөпені көрсетіп, келушілерден
көрімдік алады. Құтты болсын айтып келгендер: «Тіпә, тіпә! Тіл- көзім тасқа, өзі жаман бала
екен!» - деп түкірген болады.
5. «Туғанда дүние есігін ашады өлең» деп ұлы Абай айтқандай, қазақта ән- жырсыз өтетін
мереке, қуанышты күндер жоқ. Той да жастар суырып салып өлең айтып, сөз қағыстырады.
3. Бірінші және бесінші азатжолдардың мазмұндық ұқсастығы
A) Ескі
наным-сенімдердің сақталуы
B) Тіл-көзден сақтау ырымдары
C) Шілдехананың әр өңірдегі ерекшеліктері
D) Қуаныштың ән мен
жыр арқылы тойлануы
E) Немерелі болған әже қуанышы
4. Сүйінші сұраушылар қыз бала дүниеге келгенін жұртқа қалай жеткізген?
A) «Ноқта жетектер» деген сөз арқылы D) «Ат ұстар» деген сөз
арқылы
B) «Тізгін ұстар» деген сөз арқылы E) «Күл шашар» деген сөз арқылы
C) «Қырық жеті» деген сөз арқылы
5. Халықтың ескі наным-сенімі мәтіннің қай бөлігінде сөз болады?
A) Екінші B) Бірінші C) Бесінші D) Үшінші E) Төртінші
6. Құтты болсын айтып келгендердің: «Тіпә, тіпә! Тіл-көзім тасқа, өзі жаман бала екен!» деуінің
мәнісі
A) Нәрестеге көңілі толмағандықтан
B) Балаға көз тимесін деген ниет көрінісі
C) Баланың дені
сау болып өссін деген ниет
D) Ел ішінде сәбиді еркелетудің сондай салты қалыптасқан
E) Баланың түр-тұлғасына қарата айтады
Достарыңызбен бөлісу: