«Мәңгілік елдің нұрлы жолы!» бөлімі бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 8 сынып



бет1/6
Дата15.05.2023
өлшемі45,54 Kb.
#93227
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
БЖБ №1 8 класс


«Мәңгілік елдің нұрлы жолы!» бөлімі бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
8 сынып



Оқу мақсаты

8.1.4.1 Орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау;
8.2.2.1 Түрлі жанрдағы көркем мәтіндерге сүйене отырып, көңіл күйді білдіруде ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу.



Бағалау критерийі

Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды;
Мәтіндердегі ақпараттар мен ұлттық сөз әдебі және сөйлеу этикеті формларын ауызша мәтін құрауда қолданады.



Ойлау дағдыларының деңгейі



Қолдану


Орындау уақыты

15-20 минут

Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.



Бабалар көз талдыра көптен күткен,
Далама жандандыра келді көктем.
Мәуелі Бәйтеректің басын шалып,
Күн күлді нұрын шашып көкжиектен

Күмбезін көк тіреген нұрға малып,
Елордам күн-күн сайын тұр жаңарып,
Сауығы тарқамаған әнші-күйші,
Қазағым жаны жарқын мырза халық.



Сүйікті айбыны зор Абылайдан,
Билікті мирас етіп қабыл алған,
Ағаны адал ниет арқа тұтып,
Алаштың абыройы артып бағы жанған.



Мәңгілік ертек емес епке келер,
Қозғалсақ қол ұстасып көппен егер.
Тәңірім, бармақтай бақ, таудай талап
Баянды бола берсін деп бере гөр!



1. Мазмұны негізінде өлеңге тақырып қойыңыз.


______________________________________________________________________

2. Өлеңнің идеясын анықтап, 1 сөйлеммен жазыңыз.


______________________________________________________________________

3. Өлеңдегі ақпараттарды және адамның түрлі көңіл күйін білдіретін сөздерді қолдана отырып, «Менің елім – Мәңгілік ел!» тақырыбында өз ойыңызды білдіріңіз. Ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданыңыз.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет