«Механика» пәнінің оқу-әдістемелік кешені


Сараманнан өту оқу жоспарында жоспарланбаған



бет50/61
Дата29.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#111598
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   61
Байланысты:
УМКД механика

10. Сараманнан өту оқу жоспарында жоспарланбаған.



  1. Білімді бағалау материалдары



Бағалау саясаты
Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделу керек:

  1. Шынайылық

  2. Әділдік

  3. Айқындылық

  4. Икемділік

  5. Жоғары дифференция

Қорынды бағалауға рейтингілік бақылау және емтихан кіреді.
Қорытынды бағалау мен рейтингті бақылау
Семестрдің 8 аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15 аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) 100 балдық шкала бойынша рейтингі бақылау нәтижелерін шығарады және өткізілген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау балдарының сомасын көрсетеді.
Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі.


,
мұндағы Р1 – бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эвиваленті, Р2 – екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті, Е- емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емихан)


Механика пәні бойынша білімді бағалау кестесі









Бағалау түрі



Бағалау критерийі

Жұмыс үшін балл

Орындалатын жұмыстар саны

1

Дәріске қатысу

100

30

2

Парактикалық сабақтардағы белсенділік

100

45

3

Зертханалық сабақтардағы белсенділік

100

15

4

ОЖСӨЖ сабақтарындағы белсенділік

100

90

5

СӨЖ тапсырмасын орындау

100

90

6

Бақылау жұмыстары

100

2

7

Теория бойынша коллоквиум

100

2

8

Теория бойынша жазбаша жұмыс

100

2

9

Аралық бақылау Р1 Р2

100

Орташа арифметикалық

10

Ағымдық бақылау

12)/2




11




Ағымдық *0,6




12

Қорытынды бақылау
Емтихан

100*0,4




13

Қорытынды

Жіберілу рейтингісі + Қорытынды бақылау






Семестр барысында екі аралық бақылау 8 және 15 апталарда жүргізіледі.


Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі. (макималды көрсеткіші - 40%).
Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер ретінде анықталады.
Қорытынды емтихан пәнінің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді. Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша).
Студенттердің молекулалық физика бойынша білімі мына кесте бойынша бағаланады:



Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның проценттік баламасы

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

A

4,0

95-100

өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы



B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

C

2,0

65-69

қанағаттанарлық

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54



0,5

25-49

қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24

Курс саясаты және іс-жосығы



  1. Сабаққа кешікпеу.

  2. Сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқыма, ұялы телефондарды сөндіру.

  3. Сабақты жібермеу. Қалдырылған жағдайда ауру жөнінде анықтама тапсыру. Студент пәннің 1/3 бөлігін себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.

  4. Студенттер оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.

  5. Үй және жеке баяндамасы, хабарлама және т.б. тапсырмалары міндетті түрде көрсетілген мірзімде орындалуы қажет. Тапсырмалар негізінде қорытынды баға шығарылады.

  6. Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындау арқылы тексеріледі.

  7. Пікірлесу кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау, тест тапсырмаларын орындау арқылы жүргізілуі мүмкін.



Студенттердің білімін механика курсының тақырыптары бойынша тексеру сұрақтары
1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары


А. Кинематика тарауы бойынша тексеру сұрақтары
1. Материялық нүктенің қозғалыстарын сипаттаудың қандай тәсілдері бар?
2. Түзу сызықты қозғалыстың орташа жылдамдығын қалай анықтайды
3. Түзу сызықты қозғалыстағы дененің лездік жылдамдығы қалай табылады?
4. Қандай графикті жол графигі деп атайды? Жол графигінде белгілі мезеттегі жылдамдық қалай анықталады?
5. Түзу сызықты қозғалыстағы материялық нүктенің орташа үдеуі неге тең?
6. Түзу сызықты қозғалыстың лездік үдеуі қалай табылады?
7. Қандай графикті жылдамдық графигі дейді? Жылдамдық графигінде белгілі мезеттегі үдеу қалай анықталады?
8. Бір қалыпты түзу сызықты қозғалыс, бір қалыпты түзу сызықты үдемелі қозғалыс және айнымалы қозғалыстар деп қандай қозғалыстарды айтамыз? Жол және жылдамдықты сипаттайтын қандай формулалар бар?
9. Қисық сызықты қозғалыс деп қандай қозғалысты айтамыз?
10. Материялық нүктенің траектория бойымен жүрген жолы мен орын ауыстырудың қандай айырмасы бар?
11. Орташа векторлық жылдамдық қалай анықталады?
12. Лездік векторлық жылдамдық неге тең?
13. Орташа векторлық үдеу қалай анықталады?
14. Лездік векторлық үдеудің қанша құраушысы бар? Олар қалай табылады? Қалай бағытталады?
15. Толық үдеу, тангенциаль және нормаль үдеулердің формулалары қандай?
16. Бұрыштық жылдамдық пен бұрыштық үдеуге қандай анықтама беруге болады?
17. Белгілі бағытпен горизонтқа параллель лақтырылған дененің Жердің тартылу өрісінде қозғалысындағы тангенциаль және нормаль үдеулердің қандай формулалары бар?
18. Абсолют қатты дене деп қандай денені айтамыз?
19. Қатты дененің ілгерілемелі қозғалысының анықтамасы қандай?
20. Қатты дененің айналмалы қозғалысының анықтамасы қандай?
21. Айналмалы қозғалыстың орташа бұрыштық жылдамдығы қалай анықталады?
22. Айналмалы қозғалыстың лездік бұрыштық жылдамдығы қалай табылады?
23. Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтардың модулдерінің арасында қандай байланыс бар?
24. Бір қалыпты айналмалы қозғалыстағы дененің белгілі нүктесінің үдеуін анықтайтын қандай формулалар бар?
25. Айналмалы қозғалыстағы дененің орташа бұрыштық үдеуі қалай анықталады?
26. Айналмалы қозғалыстағы дененің лездік бұрыштық үдеуі неге тең?
27. Жер шарының бетіндегі нүктелердің бұрыштық және сызықтық жылдамдықтарының қандай формулалары бар?
28. Жер шарының бетіндегі нүктелердің тангенциаль және нормаль үдеулері қалай анықталады?
29. Жер шарының бетіндегі нүктелердің толық үдеуін қандай формуламен табуға болады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет