С. Жұмыс және қуат тарауы бойынша тексеру сұрақтары. 1. Тұрақты күштің жұмысын қалай есептеуге болады?
2. Центрге тартқыш күштің жұмысы неге тең?
3. Материялық нүкте шеңбердің бойымен бірқалыпты қозғалғанда, оған әсер ететін күштің жұмысы неге тең болады?
4. Айнымалы күштің жұмысы неге тең болады?
5. Серпімділік күші заңына бағынатын серіппені созуға қажет жұмыс қандай?
6. Біртекті тартылыс өрісі қалай табылады?
7. Центрлік гравитациялық өрістің жұмысы неге тең?
8. Қандай физикалық шаманы қуат деп атайды? Оның халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі қандай? Еселік және үлестік өлшем бірліктері ше?
9. Консервативті күштер деп қандай күштерді айтамыз?
10. Қозғалыстағы дененің кинетикалық энергиясы қандай формула арқылы анықталады? Ол формуланы қалай қорытуға болады? Кинетикалық энергияның өлшем бірлігі туралы не айтуға болады?
11. Кинетикалық энергияның өзгерісі туралы теорема қалай қорытылады?
12. Потенциялық энергия деп механикалық энергияның қандай түрін айтады?
13. Созылған серіппенің потенциялық энергиясының өзгерісі мен жұмысының арасына қандай байланыс бар?
14. Гравитациялық өрістің потенциялық энергиясының өзгерісі мен жұмысының арасында қандай байланыс бар?
15. Гравитациялық өрістің потенциялық энергиясының тартылу центрінен қашықтығынан тәуелділігінің графигі қандай?
16. Сызылған серіппенің потенциялық энергиясының созылу ұзындығынан тәуелділігінің графигі қандай?
17. Біртекті гравитациялық өрістегі дененің потенциялық энергиясының көтерілу биіктігінен тәуелділігінің графигі қандай болады?
18. Материялық жүйенің механикалық энергиясы деп қандай физикалық шаманы айтады? Механикалық энергияның өзгерісі туралы теорема қалай оқылады?
19. Механикалық энергияның сақталуы туралы теорема қалай оқылады?
20. Гравитациялық өрістің потенциялық энергиясының тартылу центрі қашықтығынан тәуелділігінің графигі берілген. Түрлі механикалық энергия үшін нүктенің қозғалысын қалай зерттеуге болады?
21.Созылған серіппенің потенциялық энергиясының созылу ұзындығының тәуелділігінің графигі берілген. Түрлі механикалық энергия үшін серіппеге жалғастырылған дененің қозғалысы туралы не айтуға болады?
22. Біртекті гравитациялық өрістегі дененің потенциялық энергиясының биіктіктен тәуелділігінің графигі берілген. Түрлі толық энергия үшін дененің қозғалысы туралы қандай тұжырым жасауға болады?
23.Центрлік және центрлік емес соқтығуларды (соққыларды) қалай ажыратамыз?
24. Абсолют серпімсіз соққы деп қандай соққыны айтамыз? Екі шар серпімсіз соққыдан кейін қандай жылдамдықпенқозғалады?
25. Абсолют серпімсіз соққы кезіндегі деформацияның жұмысы неге тең? Келтірілген масса деп қандай массаны айтамыз? Ұсталар шеберханасында төстің массасы балғаның массасынан соғұрлым артық болу шарты не үшін қажет? Тақтайға шегені кіргізу үшін балғаның массасы неғұрлым көп болған сайын шегені кіргізу оңайырақ болатыны белгілі. Не себептен?
26. Абсолют серпімді соққыдан (соқтығысудан) кейінгі денелердің жылдамдықтары қандай формулалар арқылы табылады? Екі шарлардың массалары тең болса, жылдамдықтар неге тең болады? Денелердің біреуінің массасы өте көп болса және қозғалмайтын болса, екінші дененің абсолют серпімді соққыдан кейінгі жылдамдығы неге тең болады?
27. Балластикалық маятник деп қандай қондырғыны айтамыз? Оны оқтың жылдамдығын өлшеу үшін қалай пайдаланады? Оқтың жылдамдығын қандай формуламен есептейді?