Тақырыбы: “Материялық нүктенің кинематикасы мен динамикасы”
І вариант 1-есеп. Автомобиль жүрген жолының үштен төрт бөлігін км/сағ, ал қалған бөлігін км/сағ жылдамдықпен жүрді. Автомобильдің орташа жылдамдығы неге тең?
2-есеп. Болат сым 4400 Н күш түскенде ғана үзіледі. Осы сымға ілінген салмағы 3900 Н жүкті қандай үдеумен жоғары көтеруге болады?
3- есеп. Массасы 240 кг қайықтың үстінде массасы 60 кг адам тұр. Қайық 2 м/с жылдамдықпен жүзіп келеді. Егер адам 4м/с жылдамдықпен қайықтың жүзу бағытына қарама-қарсы бағытта секірсе, қайықтың жылдамдығы неге тең болады?
ІІ вариант 1-есеп. Тас 20 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылды. Бір секөнттен кейін екінші тас сондай жылдамдықпен жоғары лақтырылды. Осы екі тас қандай биіктікте кездеседі?
2-есеп. Қозғалмайтын блок арқылы өткізілген жіптің ұштарына массалары 200 г. және 300 г. екі жүк ілінген. Блоктың массасын ескермеуге болады. Үйкеліс күші азғантай. Қозғалыс басынан 2 с өткенде әр жүк қандай жол жүреді?
3-есеп. Массасы шар вертикаль жарға бұрыш жасап, жылдамдықпен тиді. Жарға берілген импульс неге тең?
ІІІ вариант 1-есеп. Материялық нүкте , заңына бағынып қозғалады. Оның траекториясының теңдеуін тауып, қозғалыс түрін анықтаңдар.
2-есеп. Жер шарының айналу осіне қатысты І инерция моментін және L импульс моментін табыңдар?
3- есеп. Жерден Айға дейінгі қашықтық 384000 км тең. Нейтраль нүкте деп аталатын нүктеде дененің Жерге және Айға тартылу к‰штері тең болады. Осы нүктенің Жер мен Ай центрлерінен қашықтықтары неге тең?
Жердің массасы Ай массасынан 81 есе үлкен деп есептеңдер.
ІV вариант 1-есеп. Мұнараның басынан бірдей жылдамдықпен екі тасбір мезетте лақтырылды: біреуі вертикаль жоғары, екіншісі – вертикаль төмен. Осы екі тастың арақашықтығы қандай заңға бағынып өзгереді. Ауаның кедергісін ескермеуге болады.
2-есеп. Диек рад/с2 бұрыштық үдеумен тежеледі. Айналу жиілігі мин-1 –ден мин-1 –ге дейін өзгергенше диек қанша айналым жасайды? Осы өзгеріске кеткен уақыт қанша?
3-есеп. Ұзындығы сымның жоғарғы ұшы бекітілген, төменгі ұшына байланған массасы жүктің әсерінен сым шамаға ұзарады. Сымның потенциялық энергиясының өзгерісі қандай? Жүктің потенциалдық энергиясының өзгерісі неге тең?