«Жұмыс» терминін физика ғылымына 1826 жылы француз ғалымы Ж. Понселе енгізген.
Оған дейін жұмыс деп адамның еңбегі ғана айтылса, осыдан кейін «жұмыс» деп аталатын физикалық шама да пайда болды.
Егер жұмыс ретінде адамның еңбегін айтсақ, онда адам жұмыс істегені үшін еңбекақы алады. Ол жұмыстың түрі сан алуан болуы мүмкін. Мысалы, телевизияда диктор – бір орыннан қозғалмай отырып сөйлейді-жаңалықтарды айтады; немесе жүк тасушы – вагоннан жүкті түсіріп, оны белгілі бір жерге апарып, тасиды/тасымалдайды.
Ендеше, күнделікті өмірде біз қолданатын «жұмыс» термині мен «механикалық жұмыс» деген физикалық шама екеуінің арасында не айырмашылық бар?
Механикалық жұмыс
«жұмыс» және «механикалық жұмыс» терминдерінің арасындағы айырмашылық – механикалық жұмыс кезінде дене міндетті түрде қандай да бір күштің әсерінен орын ауыстыруы қажет.
Ал, егер дене орнынан қозғалмаса, жұмыс атқарылды деп есептелмейді.
Сондықтан, механикалық жұмыс атқарылуы үшін қажетті шарттармен келесі слайдта танысайық.
Механикалық жұмыс атқарылуы үшін қандай шарттар орындалуы керек?