5. Толқын тербелісі 5222 Гц жиілікте 6 м/с жылдамдықпен таралады. Толқын ұзындығы қандай?
6. Сыныпта отырып біз қандай толқындарды қабылдаймыз?
7. Бойлық толқындар қандай ортада тарала алады?
8. Толқынның іргелес (көршілес) шоқтары арасындағы қашықтық 8 м құрайды, егер оның таралу жылдамдығы 4 м/с болса, осы толқындағы тербелістердің периоды мен жиілігі неге тең?
9. Қандай толқын көлденең деп аталады?
10. Толқын ұзындығы дегеніміз не?
Механикалық толқын деген не және ол өзімен бірге не тасымалдайды ?
Механикалық толқын механикалық тербелістердің серпімді үш ортада таралу процесі.
Серпімді орталар: газдар (ауа), сұйықтар (су), қатты денелер (шыны, болат, Жер қыртысы, т.б.)
Толқын тербелістегі бөлшектерді тасымалдамайды, ол тек энергияны ғана тасымалдайды.
Механикалық толқынның түрлері
Көлденең толқындар – дене бөлшектерінің тербелісі толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағытта болатын толқын түрі. Көлденең толқындар қатты денелерде және сұйықтың бетінде (мысалы, мұхиттар мен теңіздердегі толқындар) ғана таралады.
Механикалық толқынның түрлері
Қума немесе бойлық толқын – дене бөлшектерінің тербелісі толқынның таралуы бағытнда болатын толқын түрі. (ол жиілеулер мен сиреулерден тұрады). Қума немесе бойлық толқын барлық серпімді үш ортада да таралады.
Интерференция
Интерференция – кеңістікте когерентті толқындардың қосылуы / қабаттасуы нәтижесінде қорытқы тербелістердің амплитудасының қайта таралуы.