Механиканың физикалық негіздері



бет13/49
Дата11.05.2023
өлшемі1,81 Mb.
#91826
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   49
Байланысты:
Механиканы физикалы негіздері Механика Механика

64. Стокс заңы
Стокс (stokes) заңы – тұтқыр сұйықтық ішінде баяу қозғалатын қатты кішкене шарға әсер ететін кедергі күшін анықтайтын заң:
Ғ = 6mprv, мұндағы
Ғ —кедергі күші,
p-m— сұйықтықтың тұтқырлық коэффициенті,
r— шар радиусы,
v— шардың қозғалу жылдамдығы. Бұл формуланы ағылшын физигі Дж. Стоке 1851 жылы қорытып шығарған. Стокс заңы негізінде байланыссыз грунттардың механикалық құрамы анықталады.
65. Тербеліс
Тербеліс - уақыт бойынша қандай да бір дәрежеде қайталанатын қозғалыстар немесе процестер.
66. Гармоникалық тербелістер Гармоникалық тербелістер — физикалық (немесе кез келген басқа) шамасы уақыт өтісімен синусоидалы немесе косинусоидалы заңдылықтар бойынша өзгеріп тұратын тербелістер.Тербеліп тұрған нүктенің ауытқуына пропорционал және осы ауытқуға қарама-қарсы бағытталған күштер әсерінен туындайтын тербелістер гармоникалық болып табылады. x(t)=A sin(wt-φ) немесе x(t)=A cos(wt-φ)
Мұндағы:
х — уақыттың t моментіндегі тербеліп тұрған нүктенің тепе-теңдік қалпынан ауытқуы;
А — тербеліс амплитудасы - тербеліп тұрған нүктенің тепе-теңдік жағдайынан максимал ауытқуын көрсететін шама;
ω — циклдік жиілік, 2π секунд ішіндегі болатын толық тербеліс базасы,
φ-бастапқы тербеліс базасы.
67. Период
Период (көне грекше: περίοδος — шеңбер, айналма жол):
кезеңнің басталу белгісімен және кезеңнің аяқталу белгісімен белгіленген уақыт кезеңі (немесе басқа өлшем).
68. Циклдік жиілік
Циклдік жиілік - 2π-ге көбейтілген гармоникалық тербеліс жиілігі.
69. Жиілік
Жиілік - уақыт аралығында цикл сандарының орындалуы қандайда бір периодтың процесс кезінде уақыт аралығына толық циклдың санының қатынасы. Ол 1с ішіндегі айналым санына тең, яғни v=n/t.
70. Амплитуда
Амплитуда (лат. amplіtudo — шама) — белгілі бір заңдылықпен ауытқитын шаманың өзінің орташа мәнінен не шартты түрде алынған “нөлдік мәнінен” ең үлкен ауытқуы. Мысалы, маятниктің тепе-теңдік қалпынан ауытқуы, айнымалы электр тогының электр күші мен кернеу мәндерінің ауытқуы амплитудаға жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет