Механиканың физикалық негіздері


Термодинамиканың бірінші заңы



бет22/49
Дата11.05.2023
өлшемі1,81 Mb.
#91826
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   49
Байланысты:
Механиканы физикалы негіздері Механика Механика

Термодинамиканың бірінші заңы

Термодинамиканың 1-ші бастамасы - термодинамикалық процесте энергияның сақталу және айналу заңы.
Жүйенің ішкі энергиясын 2 әдіспен өзгертуге болады: жүйеде жұмыс істеу арқылы ( мысалы, цилиндрдегі газды поршень көмегімен сығу арқылы) немесе жүйеге жылу беру арқылы (герметикалық ыдыста газды қыздыру).
Жабық макроскопиялық қозғалмайтын жүйені қарастырсақ.
∆Ú=Q-A немесе Q=∆Ú+A болады.
Термодинамиканың бірінші бастамасы: жүйеге берілетін жылу оның ішкі энергиясының өзгеруіне және сыртқы күштерге қарсы жасалатын жұмысына кетеді.
Диференциалды формада: δQ=dÚ+δA,
мұндағы dÚ - толық дифференциал, ішкі энергияның шексіз аз өзгеруі,
δA- элементар жұмыс, δQ - шексіз аз жылу мөлшері .
δA және δQ толық дифференциал емес, өйткені ішкі энергия жүйе күйінің бірмәнді функциясы.
Осыдан кейін, толық ішкі энергияның өзгерісі ∫ dÚ=0, ол қайтадан бастапқы күйге айналады. Жылу да, жұмыс та күй функциясы бола алмайды. Термодинамиканың 1-ші бастамасына кіретін шамалардың барлығы оң және теріс болады. Егер жылу δQ>0 болса, онда жүйеге жылу беріледі, ал егер δQ<0 болса, онда жылу алынады. Егер жүйе сыртқы денеге жұмыс жасайтын болса, онда δА>0, егер жүйеге сыртқы күштер жұмыс жасаса, онда δА<0.
Термодинамиканың 1-ші бастамасының басқа формуласы, егер жүйе периодты түрде бастапқы күйге келсе және ∆Ú=0 болса, онда A=Q, яғни 1-ші текті тұрақты двигатель – периодты әсер етуші двигатель мүмкін емес.

  1. Жылу мөлшері.

Жылу мөлшері - жылу берілу кезінде дененің алатын немесе жоғалтатын энергиясы жылу мөлшері болып табылады. Жылу мөлшері Q әрпімен белгіленеді. Жылу мөлшері ішкі энергия өзгерісінің өлшемі бола тұрып, дененің температурасына байланысты. Қыздыру барысында судың температурасын t 1-ден t 2-ге неғұрлым көбірек өзгерту керек болса, онда оған анағұрлым көп жылу мөлшерін беру қажет. Жылу мөлшері - физикалық шама және ол температураның t 1-ден t 2-ге дейінгі өзгерісіне пропорционал, яғни Q~(t2-t1). Егер дененің температурасы жоғарыласа, онда ол дененің қандай да бір жылу мөлшерін алғанын, егер төмендесе, онда жылу шығарғанын көрсетеді



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет