Алтын көрсе, періште жолдан таяды < ауыс.алтын, күміс байлық – дәулет –
адамды жолдан тайғызып, пендешілік кейпіне келтіретін алдамшы заттар. Адам тұрмақ,
жаны пәк, ісі әділ періште екеш періште де алтын күміс байлықты көргенде өз жолынан
тайып, азғындыққа барады. Демек, адамды азғырып, ақ жолынан тайдырып, пендеуи іс –
әрекетке апаратын – дүниеқорлық, дүниеқоңыздық жаман пиғыл> [Ә. Қайдар, Халық
даналығы 191 бет]
5)
«Тең теңімен, тезек қабымен» деген сықылды, Қалия тәтеме лайықты кісі
емес. Тәтемнен ол артық. («Адасқандар», 92 бет)
Тең – теңімен, тезек – қабымен < 1. Малға (түйеге, жылқыға) үлкен – үлкен
теңдер көшкенде бір – бірімен ауқымы мен салмағы жағынан теңдестіріліп артылғаны
жақсы, жинаған тезектің көтеруге (малға артуға) қолайлы, ықшамды етіп, қапқа
салынғаны жақсы; 2. Ауыс. Осы мысалға сәйкес, адамдардың өзара тең, құрбы – құрдас,
бір – бірін түсінетін, ой – арманы ортақ болғаны абзал демекші. Іс- әрекеті, ойын –
қалжыңы жарасқан бір заманның төлдері өзара жарасымды келетінін паш етіп тұр> [Ә.
Қайдар, Халық даналығы 495 бет]
6)
«Құлан басына күн туса, қодығына қарамас» дегендей, Әбілдің де
басына күн туып: «Баламды Мәйекеме теңгермеймін, жұрт, мен де сендермен біргемін!»
деп отыр («Адасқандар» , 112 бет)
Құлан басына күн туса, қодығына қарамас < ауыс. Басқа шындап қауіп
төнгенде жанашыр жақынынан гөрі әркім өз басын қорғайды. «Торғай жаңбыр жауғанда
балапанын, бұршақ жауғанда өз басын қорғайды» деген мақалмен мағыналас> [Ә. Қайдар,
Халық даналығы 414 бет]
93
7)
«Ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі» дейді ғой қазақ. Әкем үйде көп
тұрмайды. Күнде бірге жатып, бірге тұрып, бірге жүретін апамның мінезі әлгідей болған
соң, біз не оңайық: тіліміз сөз қайыруға келген соң-ақ, боғауызшыл, бейбастақ, төбелескек
болып үйрендік. ( «Адасқандар» , 10 бет)
Ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі <1. О баста бұл сөз бүркітші – саяткер
тәжірибесінен туындаған: 2. Ауыс. Өскен ортада, отбасында жақсы тәрбие алған бала өсіп
ержеткенде, азамат болғанда сол тәрбиенің үлгі – өнегесін көрсетеді, соны істейді. «Ата
көрген оқ жанар, ана көрген тоң пішер» мақалымен мағыналас> [Ә. Қайдар, Халық
даналығы 526 бет]
8)
Бірақ амал бар ма, «Таз ашуын тырнадан алады» дегендей, бәріне әлім
келмейтін болған соң, бәрінің кегін әтештен алмақ боп, нақ басын көздеп, екі рет қолыма
іліккен екі қу сүйекті жіберіп ем, екеуі де тимеді. («Адасқандар»,283-бет)
Таз ашуын тырнап алады < ескертпе: осы мақалдың қазақ тілінде жарыса
қолданылып жүрген 3-4 варианты бар: «таз ашуын тырнадан алады», «тазы ашуын
тырнадан алады», «ит ашуын (өшін) тырнадан алады» деген мақал бар. Таз(адам) – жерде ,
тырна көкте. Таз ашуын тырнадан қалай алады? Кейде бұл мақалдағы тазды «тазы» деп
ұғып, «Ит ашуын тырнадан алады» деп те айтып жүр. Бұл мақалдың дұрысы меніңше:
«Таз ашуын тырнаудан (қасудан) алады» деп дұрыс көрсетеді. 1. О баста: елден ұялып,
ыстық күнде де басынан бөркін (таз кепешін) алмайтын таздың басы қатты қышығанда
ебін тауып, қасып-қасып алатын әдетін құрбы – құрдастарының мысқылдап
айтуынанқалған сөз; 2. Ауыс. Жасынан басы сауыс таз болып, кемістік көріп, кейістікте
жүретін сау адам көңліндегі қыжылын, бойындағы ашу – ызасын кейде әлжуаздау
біреуден әлімдеттік етіп алуы мүмкін>[Ә. Қайдар, Халық даналығы 487 бет]
Қорытындылай келе С.Мұқановтың «Адасқандар» романын талдау барысында 35
мақал-мәтел табылды. Соның 8 мақал-мәтелі теріліп, Ә.Қайдардың «Халық даналығы»
атты еңбегі бойыншы мағыналары ашылды.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Жүсіпова Р. Б. «Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің этнолингвистикалық
сипаты» - Қазақстан Республикасы, Алматы, 2007,-26 бет
2.
Кенжемұратова
С.
К.
«Мақал-мәтелдердің
синтаксисі».
Филология
ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
авторефераты.-Қазақстан Республикасы ,Астана, 2002,-26 бет
3.
Қайдар Ә. «Халық даналығы». Алматы. Тоғанай Т, 2004, - 560 бет
4.
C.Ғ.Қанапина «Қазақ тіліндегі мақал – мәтелдердің танымдық бейнелілігі»
Қостанай, 2010, 180 бет
5.
Мұқанов С. Адасқандар.-Алматы: Раритет, 2006.-288 бет.
ОӘЖ:397
Т.АХТАНОВТЫҢ «ШЫРАҒЫҢ СӨНБЕСІН» РОМАНЫНДАҒЫ САЛТ-
ДӘСТҮРЛЕР КӨРІНІСІ
Ғалымжанова А.Қ. қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3-курс
студенті, ғылыми жетекшісі: Бекбосынова А.Х., филология ғылымдарының
кандидаты, доцент
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Ұсынылып отырған мақаланың мақсаты – қазақ халқының дүниетанымдық құндылықтарының бірі
салт-дәстүрлерді таныту. Мақалада кейбір салт-дәстүрлер көрініс тауып, олардың қазіргі таңдағы
94
қолданысы қарастырылған. Қазақ халқының ерекшелігін танытатын салт-дәстүрлер мен рәсімдердің мән-
мағынасы ашылып, маңызы көрсетілген.
Целью предлагаемой статьи является ознакомить одно из мировоззренческих ценностей казахского
народа – его традиций. В статье предусмотрены некоторые традиции и их отражения в современных
условиях. Традиции и процедуры представляющие специфику казахского народа были раскрыты по смыслу
и значению.
Purpose of the offered article is to acquaint one of the world outlook values of the Kazakh people –
traditions. Some traditions and their reflections in modern actions are provided in this article. Traditions and
procedures representing specifics of the Kazakh people have been opened on sense and value.
Т.Ахтанов романы ұлт табиғатын, болмысын, таным-түсінігін, тарихын, әдет-
ғұрып, салт-дәстүрін, ұлт мәдениеті мен рухани қазынасын жан-жақты, әр қырынан
танытатын көркем туынды болып табылады.
Салт – дәстүр халықтың кәсібіне, наным-сеніміне, өмірге деген көзқарасына
байланысты туып, қалыптасып, атадан балаға мирас болып беріліп отыратын ұлттық
мәдени құндылықтардың бірі [1, 30 б].
Қазақтың ұлттық ой-арман, тілек мақсатының ауыр жүгін көтеруші – қыздар.
Қазақтың ұлттық мәдениетін көркейтетін, дамытатын қыздар. Қазақтың қара шаңырағы
мен тас ошағының иесі – қыздар. Қазақтың тілін, дінін, ділін, ұлттық рухын, ұлттық мінез-
құлқын, ұлттық тәрбие-тәртібін, көрген-білген өнеге-үлгісін қалыптастыратын – қыздар
[2, 209 б]. Сондықтан қазақ халқы қыз баланың тәрбиесін өте жоғары қойған. Оны мына
мысалдан аңғаруға болады: « Бірақ қазекеңнің бір жақсы жері қыз баланы онша
кішірейте бермейді, қайта ертерек есейтеді. Он төрт, он бестен былай қарап-ақ
болашағыңды ойлатады» [3, 18 б].
Сонымен қатар қазіргі таңда қазақ халқының салттарының бірі атастыру салтының
жоқтығын шығармадағы үзіндідіен көруге болады. Мысалы, «Біздің қазақта да
бұрынғыдай атастыру қалды ғой, қыздар көбіне көңілі кеткен жігіттерге барады» [3, 26
б]. «Шынымда айтайын, ата-бабаңмен араласып, өзім таңдап құрық салған күйеу
емессің. Бұрын қалыңдық пен күйеуді ата-аналары қалаушы еді. Көпті көрген көнелер
балаларын құтты жеріне қондырарда барар ұясының бапты болу жағын ойлайтын.
Бүгінде билік жастардың өзіне тиді ғой...» [3, 36 б].
Атастыру – ертеде қазақ қоғамында орын алған жеке отбасылық дәстүр,
құдандылық салты ұл мен қыз жас кезінде, тіпті бесіктегі кезінде ұл мен қыздың ата-
аналары өзара құда болуға келісуі, уағдаласуы. Ата аналардың уағдаластығы баталасу
жолымен бекіп, қыз бен бала атастырылған болып саналады [4, 258 б]. Яғни, жоғарыдағы
сөйлемде бүгінгі таңда барлығы жастардың қалауымен өтетіндігі сөз болған.
Қазақтың рухани мәдениетінде жеңге қыз бен жігітті таныстыру мен табыстыруда
үлкен тәрбиелік қызмет атқарған. Оларға махаббат құпияларын үйреткен. Сол қызметі
үшін олар қыз, жігіттен сыйлық та алатын болған. «Қалмады қолда жүзік, белде белбеу,
жеңгесін қызды ауылдың сыйлай-сыйлай» деген өлең жолдары осындайдан туса керек [1,
24 б]. Жеңгенің осындай қасиеті шығарма желісінен де көрініс тапқан.
Мысалы, «Басқа халықта білмеймін, қазақтың қыз баласының сезімін оятатын
тек жыр мен кітап қана емес, көбіне жеңгелері. Олар жай адамның қолы жетпейтін
алыстағы ғашықтықты айтып әуре қылмайды, жас денедегі оянып келе жатқан сезімге
жақын, ұрымтал тұстан дәл басып, нағыз қытықты жерден түртеді. «Күйеу деген
жақсы болды. Қу тізеңді құшақтап, қураған төсекте дөңбекшігеннен, беу, ойбай-ай, жас
жігіттің ыстық құшағына не жетсін», - деп бастап, «Түк білмейтін шығарсың, әбден-
ақ. Бой жетіп қалдың, ішің бәрін біледі ғой» деп, онсыз да мазаңды алып, денеңді
қыздыра бастаған табиғаттың отына май құяды. Одан әрі тұрмысқа шығудың, бір
үйдің қазан ошағына ие болудың артықшылығын құлағыңа құйып, «о бастан пешенеңе
жазылған» болашақ тірлігіңе баулиды» [3, 27 б].
Қазақ дүниетанымында жеңге өзінен кіші қайнылары мен қайын сіңлілерін өз
атымен атамай, оларға «мырза жігіт», «ерке бала», «сырғалым», «шашбаулым»,
95
«бойжеткен», «күлім көз» сияқты өзінше ат қоятын болған [1, 24 б]. Мысалы, «Дариға
қазақтың салты бойынша менің атымды атамайды, бірақ меншіктеп ен салып ат та
қоймайды, жәй «қыз-ау» дейді» [3, 28 б]. Халық дәстүрінде адамға құрмет көрсетудің
жолдары көп. Соның бірі «ат тергеу». Ұлт дәстүрі бойынша әйелдер қайын жұртын
атымен атамаған». Осы сөйлемнен біз қазақтың «ат тергеу» салтын көре аламыз [5, 10 б].
Автор шығармасынан баланың тілегі қабыл болады деп, оны періште санаған қазақ
халқының сенімін көруге болады. Мысалы,
«Қазақ баланы «періште» дейді, баланың аузынан жақсы сөз шықса, оны аузына
«құдай салды» деп қуанады, сәбидің тілегі қабыл болатынына ешкім шек келтірмейді» [3,
48 б].
Біреудің ағасы не болмаса жақын туыстарының біреуі – қан жағынан жақын бірі
жазмыштың жазуымен қайтыс болып кеткен соң, артында әйелі қалады. Осыны басқа
жаққа жібермей, жас әйел болғандықтан, кейде баласы да болады, сол үйренген ауылына
қалдырудың ретін іздейді. Басқа жаққа қаңғыртпай, «төркініне де абырой болсын» деп,
қайнысына, жақын туыстарының біреуіне қайтадан қосып қояды. Осыны «әмеңгерлік»
дейді [2, 116 б]. Бұл дәстүр қазақта өте мықты орын алған. Және де оны автордың
шығармасында да жүзеге асқанын көруге болады. Мысалы, «... қазақтың заңымен
жесір отырған бір жеңгемді алдым» [3, 48 б].
Жас келіншектің екі қабат болғаны белгілі болса, оның абысындары мен қайын
сіңілілері сол үйге оңаша құрсақ тойын жасатып, аман-сау босануына тілек білдіреді.
Қазақ ғұрпы бойынша бала біткен келіншекті «күмәнді», «аяғы ауыр», «ішінде көжегі
бар» деп тұспалдап айтады [5, 3 б]. Қазақ халқы бұндай атауларды орынды қоя білген.
Оны мына мысалдан көруге болады: «Қазақ екіқабат әйелді «аяғы ауыр» деп бекер
айтпаған екен, аяғының ауыр, жеңілін әсіресе жүрген адам біледі, күн асқан сайын
аяғым, шынында да, ауырлап келеді» [3, 126 б].
Сонымен қатар шығармадағы «Қазақы жалпақ пештің от жағарына ошақ құрып,
оған қара қазан орнатылған» [3, 167 б]. «Көңірсіген иісі аш адамның қолқасын атып,
шыжылдап пәрамаш пісіріледі, бүлкілдеп қазан қайнайды» [3, 61 б] деген мысалдарынан
қара қазанның қазақтың күнделікті өмірінде қолданатынын байқауға болады.
Қазан – басқа ыдыстарға қарағанда қазақ өмірі мен мәдениетінде алатын орны өте жоғары.
Өйткені ол күнделікті тіршілік құралы. Қазақ дастарқанына түсетін тағамдардың барлығы
да (қымыздан басқасы) ең алдымен осы қазаннан өтеді. Халық жай ғана қазан демей оны
«қара қазан» деп қастерлеп айтады. Бұл жерде «қара» сөзі қасиетті, киелі, берекелі деген
ұғымды білдіреді [5, 93 б].
Т.Ахтанов шығармасында қыз балаға қатысты қазақы түсініктер бар. Солардың бірі
мына сөйлемдерде көрініс тапқан. Қазақта бойжеткен, есі кірген қыз балаға әкесінің
ұрысуы жат қылық екені көрсетілген. Мысалы, «Және әкем «есі бар» деп менен онша
күдік алмайды, оның үстіне қазақта қыз балаға әкесі ұрыспайды, шешесі ұрысады, шеше
менде болған жоқ» [3, 173 б]. « О кезде жасым он төртке қараған, қазақша айтқанда,
бой жетіп келе жатқан қыз едім» [3, 210 б].
Ер жігіттің үш жұрты болады. Олар өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты.
Осылардың арасында нағашы жұрт ең сыншылы әрі қамқоршысы. Келесі сөйлемде
баланың нағашысына ұқсауы туралы айтылған. Мысалы, «Қазақта баланың нағашысын
сұрайды, нағашысы мықты болса «тегіне тартса осыдан бір нәрсе шығады» деп үміт
артады» [3, 210 б].
Өмірден көрген-түйгені көп, тәжірибелі де парасатты қазақ халқы тұңғыш
немересін, тіпті екінші, үшінші немерелеріне дейін омыраудан шыға салысымен
«кенжеміз» деп, өз тәрбиелеріне алып бағып-қағып, жақсы азамат етіп жетілдіруге күш
салады [6, 12 б]. Т.Ахтанов шығармасынан да осындай жағдайдың орын алғанын көруге
болады. Мысалы, «Оның үстіне кішкентайымнан әжеме бауыр бастым, қазақта кемпір-
шалға бауыр басқан үлкен баласын еркелетуге туған әке-шешесі үлкендерден қысылады,
96
ал үлкенге бауыр басқан бала өз әке-шешесін мойындауға тіпті арланады» [3, 217 б].
Яғни, тұңғыш немересін кенжесіне балап, ата-әжесі өсірген.
Сонымен қатар романнан «балаға ат қою» рәсімін де көре аламыз. Мысалы, «Оның
сөзін бәрі қостап дуылдап кетті, Абан келіп нәрестенің құлағына: «Дулат! Дулат!
Дулат!» деп үш қайтара айқайлайды.
-Қазақтың осындай әдеті бар. Бала өз есімін жаттап алу керек, - деп өзгелерге
түсіндіріп жатыр» [3, 285 б]. Ертеде қазанның құлағын қағып ат қойса, мұсылмандық
күшейген кезде азан шақырып ат қою қалыптасқан. Балаға ат қою үлкен этномәдени мәнге
ие ғұрып ретінде қазақ ортада қалыптасқан үрдіс бойынша жүргізілген. Нәрестеге тек
қырқына толған мезгілде ғана ат қойылған [4, 381 б].
Қорытындылай келе, Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романын талдау арқылы
халқымыздың қайсыбір салт-дәстүрін алып қарасақ та, олардың ішкі мазмұнында
этномәдени ерекшелігімізді танытатын терең ой-түйіннің жатқанын және олардың
астарында үлкен мән-мағына бар екенін көре аламыз.
Әдебиеттер тізімі
1.
Күркебаев К.Қ. Қазақ тілінің рухани және материалдық лексикасы: оқу құралы.
– Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 191 б.
2.
Бегманов Қ. Халқы мықтының – салты мықты. - Алматы: «Өлке», 2010. – 480 б.
3.
Ахтанов Т. Шырағың сөнбесін. – Алматы: «Жалын», 1992. – 398 б.
4.
Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі
жүйесі. Энциклопедия. – Алматы: РПК «Слон», 2013. – (иллюстрацияланған)
5.
Кенжеахметұлы С. Жеті қазына. Көпшілік оқырманға арналған. – Алматы: Ана
тілі, 2000. 136 б.
6.
Нүсіпқасұлы А. Тал бесіктен жер бесікке дейін. – Алматы: «Өнер 21-ғасыр»
қоғамдық қоры, 2014. – 592 б.
ОӘЖ:392
О.БӨКЕЙДІҢ «ӨЗ ОТЫҢДЫ ӨШІРМЕ» РОМАНЫНДАҒЫ
ТӨРТ ТҮЛІК МАЛҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТЕҢЕУЛЕР
Еркебұланова А.М., қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3-курс
студенті, ғылыми жетекшісі: Бекбосынова А.Х., филология ғылымдарының
кандидаты, доцент Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Мақалада О.Бөкейдің «Өз отыңды өшірме» романындағы төрт түлік малға қатысты теңеулердің
қолданылу ерекшелігі сараланып, стильдік қызметі талданған.
Данная статья рассматривает и описывает характерные особенности использования сравнений в
творчестве О.Бокея
This article examines and describes special features using comparison in the creation of O.Bokey
Қазақ – ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы
қалыптасқан бай шежіресі бойынша олар малдың өрісін, тіршілік табиғатын, қадір-
қасиетін әбден зерттеп білген. Қазақтың жерін малсыз елестету мүмкін емес.
Қазақтың төрт түлігіне байланысты дүниетанымдық сипаты бар ғалам бейнесін
суреттейтін төмендегідей түсінік-кодтар бар. Мысалы, Ж.Қ.Каракузова мен М.Ш.Хасанов:
«Қазақ әлеуметтік дәреженің толықтығын, бүтіндігін көрсету үшін төрт түлік малды
атайды: жылқы, түйе, қой, сиыр. Олар дүниенің төрт бұрышын, төрт стихияны, төрт
бағытты, адамның төрт түрлі мінезін білдіреді» - деп көрсетеді. [1, 32]
Қазақ тіл білімінде төрт-түлік малға қатысты зерттеу еңбектері мен мақалалар
айтарлықтай жеткілікті.
97
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі төрт түлік малға байланысты болғандықтан,
тіліміздегі көптеген ұғым-түсініктерді білдіретін бұл атауларды ауыспалы мағынада
қолдану өте жиі кездеседі. Халқымыздың тарихи көшін, түсінігін, философиялық
пайымдауларын, ой-арманын, түрлі құбылыстарға бағасын, эстетикалық түйсігін,
мәдениет биігін көбіне төрт түлікке қатысты образдардан байқаймыз. Төрт түлік малдың
қатысуымен жасалған теңеулер – тілдің мазмұндық жағынан сан ғасырлық дамуының
нәтижесі деуге болады. Олар бізді қоршаған табиғатты әртүрлі жағдайларды бейнелі және
эмоционалды түрде бейнелеу қабілетіне ие. Қазақ халқы малды ертеден кешке дейін
бағып қана қойған жоқ, бағып жүрген малдың мінез-құлқына, қимыл-жүрісіне қарап неше
алуан ерекшеліктерін байқап, адамдардың бет-пішінін, мінез-құлқын, іс-әрекетін сипаттау
кезінде ұтымды пайдалана білді. Қазақ халқының негізгі өмір сүру тәсілі – малды бағу
болғандықтан, теңеулердің жалпы мазмұнында адамдардың мінезі, болмысы, қимылы
төрт түліктің мінезі, жүріс-тұрысы мен қимыл-қылығымен салыстырылады [2, 22].
Атқұмар, атжанды қазақ халқы үшін жылқы – қозғалыс көзі, өмір сүру, тіршілік ету
формасы. Жылқы – әлемнің жоғарғы бөлігі, интеллект белгісі, ата-бабалар символы.
Жылқы – тәңірдің тірі бейнесі, нұры. Жылқы – күннің, қозғалыстың, тұрақтылықтың
символы. Қазақ поэзиясында асқақ арманның, шабыттың белгісі. Байлықтың, сән-
салтанаттың да белгісі – жылқы.
Жылқы малына қатысты фразеологиялық бірліктерді, сөз тіркестерін, теңеулерді,
қазақы өлшем бірліктерді кез-келген шығармалардан ұшырастыруға болады.
Жазушы Оралхан Бөкей де өз шығармасында жылқы малына қатысты бірнеше
тіркестерді орынды қолданған. Мысалы;
1.Қара барқын дүние алакөлеңкеге ұласып, ат төбеліндей ғана разъездің жиырма
шақты үйі алашабырланып, жұмсақ мұңға оранған күйі жусайды. («Өз отыңды өшірме»,
4).
Ат төбеліндей ғана разьезд – бұл қазақы өлшем бірлік. Мөлшерді, көлемді
білдіреді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде бұл тіркеске кішкентай, шағын деген
мағынаны білдіреді деп көрсетеді.
2. Ел ала тайдай бүлініп, ақтар қашып, қызылдар қуып дүрлігіп жатқанда
мыңғырған малы бар Омар да, сіңірі жыққан кедей Қамбардың үй-іші де тырп етпей
жұртында қалып, тект Дарханның жалғыз атты әкесі арғы бетке жалғыз-ақ түнде ауып
кетуі кісі күлерліктей иланымсыз жағдай еді. («Өз отыңды өшірме», 18).
Ала тайдай бүлдіру тұрақты теңеуі екі түрлі мағына береді: 1) Лаң, бүлік салды,
атыстырып-шабыстырды, астан-кестені шықты. 2) Қатты ашуланды, долданды. Талдауға
түскен шығармадағы ала тайдай бүліну тіркесі бірінші мағынаға сай келеді.
3. Өз ғұмырыңда поезд дегеннің атын естігені болмаса, әлі көре қоймаған, әйтеуір
айғырдай арқырап, түйеше боздаған жойқын мүлік деп естіген. («Өз отыңды өшірме»,
58).
Айғыр – жылқы малының еркегі. Сөйлемде қолданыс тапқан айғырдай ақыру
тұрақты теңеуі – поезд дауысының қаттылығын, құлаққа жағымсыздығын танытады.
Қазақ тіліндегі жылқы малына қатысты тіркестердің бірі – арқандаулы аттай. Бұл
тіркесті жіпсіз байлану, шарасыздық сынды сөздердің синонимі ретінде айта аламыз.
Талдауға түскен шығарма тілінде де осы мағынасына сай қолданыс тапқан.
4. Арқандаулы аттай ширығып, қыран құстай іштей түлеп жүріпті батырың. («Өз
отыңды өшірме», 61).
5. Ол екеуі осы түнде бір бүтінге айналып, ересек тартқандарын сезді ме, көре
алмаса құлындай тұра алмайтын жігіт пен қыздың ынтызарлығы қайда? («Өз отыңды
өшірме», 85).
Жылқының жас төлі, баласы – құлын деп аталады. Қазақ халқы жас баласына
құлындай шапқылау, құлындай жүгіру, құлындай ойнақтау және құлындай тебісу сынды
тіркестерді қолданады. Бұл жас баланың қимылының ширақтығын, шапшаңдығын
танытады. Көрсетілген сөйлемде қолданыс тапқан «көрмесе тұра алмайтын
98
ынтызарлық» - адам баласына ғана тән – махаббаттағы шыдамсыздық пен құштарлықты
білдіреді.
6. Адамның қуанғаны мен қорыққаны бірдей деген осы-ау, Дарханның жүрегі
тайдай тулап ала жөнелген. («Өз отыңды өшірме», 247).
Жан-жануарлар мен адамды байланыстыра суреттеудің тағы бір түрі – адам
сезіміне қатысты айтылатындары. Тайдай тулады тұрақты теңеуі – адамның көңіл-күйіне,
сезіміне байланысты қолданылады.
Қой – төрт түлік малдың ішіндегі қазақ халқының мінезіне, таным – түсінігіне
жақын түлік. «Қойдың сүті – қорғасын, қойды құртқан оңбасын» деген тіліміздегі мақал
қазақтың қой өсіруіне ынта-ықласы мол екенін аңғартады. Өзі майда, өсімтал, момақан,
тез ет алып, қонақ кәдеге жарап отыратын, сүтті майлы әрі жұғымды қой малын ата-
бабамыз ерекше қастерлеген.
Қойға қатысты айтылған тілімізде бірнеше оралымдар бар. Мысалы, «қойдай
жуас», «қой аузынан шөп алмас», «қойдай қоңыр». Бұл тіркестер қой мінезді қазақ
халқының мінезін, болмыс-бітімін ашып көрсетеді.
Шығармадағы қой түлігіне қатысты мысалдардың барлығы қой мінезді қазаққа
ғана айтылатын, қазаққа ғана тән.
1. Қойдай иіріп алтыбақан басына айдап әкелгендегі ойы – тағы да Дарханның
көбең тартқан көңілін көтеру, қоламталанып сөнуге айналған үміт отын үрлеп тұтандыру
ниеті-тін. («Өз отыңды өшірме», 18).
Қазақ – қой мінезді, жуас халық. Соған орай тілімізде, «қойдай жуас», «қойдай
момақан», «қойдай иіру» сынды тілдік бірліктер қалыптасқан.
2. Осы Тәкеңнің ұлы Дархан мен анау қамшысын қанжығасынан тастамайтын
Қамбар соққан егіз қозыдай еді. («Өз отыңды өшірме», 65).
Сөйлемде қолданылған егіз қозыдай теңеуі кішкене кезінен бірге өскен Дархан мен
Қамбардың достығын, жолдастығын танытады.
3.Оның әсіресе шошынған, анау жолдың бойында үріккен қойдай үйме-жүйме
болып, ес-ақылдан айрыла шошынған жұмысшылардың шарасыздығы, астында ат,
қолдарында қаруы жоқ дәрменсіздігі еді. («Өз отыңды өшірме», 206).
Төрт түлік малдың қасиетін адам баласына балау арқылы – адамның мінезіндегі
ерекшелігін, бітім-болмысын анықтауға болады. Соның бірі, сөйлемде көрсетілген –
«үріккен қойдай» тіркесі. Момақан, жуас қойға тағы бір қасиет – тез үрку, шошу. Жазушы
сөйлемдегі жұмысшылардың үркуін қойға теңеп көрсеткен.
Қазақ халқының қанына сінген мінезді, биязылықты, жуастықты сипаттау үшін
қой түлігімен салыстыру тілімізде кеңінен қалыптасқан.
Төрт түлікке қоймен қосылып айтылатын мал – ешкі. Қойға қарағанда ешкі
малының мінезі жеңілдеу, мазасыз болады. Бұл жөнінде Б.Хинаятұлы өз еңбегінде:
«...қазақтар ешкіні түлік санатына қоспайды. Кесірлі жынға баланатын «безгек ауруы
сазды жерлерде, ойда, иесіз мекен далада ешкі кейпінде жүреді» [3, 174], - деп жапан
далада жалғыз жүретін ешкіден қазақтардың үрейі ұшатын болған.
Ешкі жеңілтек мал деп есептеледі де, мінезі ұшқалақ, шыдамсыз баланы (әсіресе
қыз баланы) «ешкі құсап селтеңдеп» деп, ешкіге теңеп отыратыны бар.
1.Баяғыда ортекедей ойнақтаған күн жоқ, «Қамбар», жоқ келмеске кеткен. («Өз
отыңды өшірме», 12).
2. Ертеңгі күні лақтай бақыртып алдына өңгеріп ала жөнелсе, қой деп айтар есі
бүтін азамат тауып алшы бұл ауылдан. («Өз отыңды өшірме», 130).
Достарыңызбен бөлісу: |