Международная академия аграрного образования костанайский филиал маао


Рисунок. Количество кредитных гарантий по «ДКБ 2020» в год, ед



Pdf көрінісі
бет58/77
Дата03.03.2017
өлшемі5,95 Mb.
#6019
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   77

Рисунок. Количество кредитных гарантий по «ДКБ 2020» в год, ед 

 

Структура салонного бизнеса за последнее время значительно изменилась. Салоны увеличиваются в 

размере и в них становится все больше видов услуг. В салонах красоты за последние 5-10 лет посетителям 


 

301 


 

предлагали  в  основном  парикмахерские  услуги,  маникюр, педикюр  и  какие-нибудь  легкие  манипуляции  с 

лицом.  Но  сейчас  рынок  салонов  красоты  Казахстана  изобилует  новыми  предложениями:  всевозможные 

косметологические  процедуры,  направленные  на  омоложение  лица,  на  коррекцию  фигуры,  целлюлит, 

обломанные  ногти,  тусклые  и  выпадающие  волосы,  юношеские  прыщи,  старческие  морщины  -  не  счесть 

проблем, на которых зарабатывает сегодня индустрия красоты [3].  

Одним  из  ведущих  направлений,  завоевавших  популярность  в  последние  годы,  остается  anti-age 

(борьба со старением). Клиенты приходят к пониманию, что домашний уход по эффективности не идѐт ни в 

какое  сравнение  с  салонными  процедурами,  к  тому  же  в  салоне  экономится  время,  силы  и  добавляются 

положительные эмоции от общения.  

Основной фактор развития индустрии красоты – рост благосостояния людей, пропаганда здорового 

образа  жизни  и  красоты  привели  к  повышению  спроса  на  услуги  салонов  красоты.  Развитие  индустрии 

красоты, появление новых процедур и косметических препаратов приводит к популяризации услуг салонов 

красоты среди населения, повышает денежный приток и, как следствие, доходность бизнеса [4, 5].  

Рост  уровня  жизни  и  ориентация  на  европейскую  культуру  стимулировали  динамичное  развитие 

индустрии красоты. Денежные отношения больше проникают в эстетику - люди начинают задумываться об 

инвестициях  в  свою  внешность.  Весьма  перспективно  начинать  салонный  бизнес  в  регионах,  где 

конкуренция значительно меньше, чем в крупных городах, несмотря на то, что отмечается динамичный рост 

открытия новых салонов в регионах. 

Основные факторы, влияющие на развитие рынка салонов красоты: 

- увеличение доходов населения

- желание населения не просто хорошо выглядеть, но и хорошо себя чувствовать; 

- доступность предлагаемых процедур; 

- простота получения кредита в банке для открытия салона красоты

- сервисное, комплексное обслуживание клиентов. 

Необходимо отметить факторы, затрудняющие процесс развития рынка салонов красоты [6]: 

- нехватка квалифицированных кадров (мастеров и управленцев в салонном бизнесе); 

- наличие «серого» рынка поставщиков недоброкачественной косметики; 

- законодательные аспекты, связанные с регистрацией и лицензированием деятельности; 

- «текучка» специалистов салона, которые при уходе увлекают за собой клиентов. 

Развитие  предпринимательства  Казахстана  в  сфере  услуг  в  последние  годы  значительно 

продвинулось  вперѐд  по  пути  формирования  полисубъективной  структуры  отношений  собственности. 

Гражданский  кодекс,  вслед  за  Конституцией  РК,  законодательно  фиксирует  это  обстоятельство.  Приняты 

законы  для  защиты  предпринимателей,  оказывается  финансовая  помощь  [7].  Бизнес  в  «красивой»  сфере 

очень востребован на рынке как для женщин, так и для мужчин. Человек всегда будет ухаживать за собой, 

тем  более  в  на  время,  когда  сначала  смотрят  на  твой  внешний  вид,  а  потом  только  судят  по  другим 

признакам.  Салоны  красоты  будут  актуальны  и  нужны  в  любое  время  и  этот  бизнес  не  имеет  особых 

ограничений по законодательству.  

Однако  уже  сегодня  можно  констатировать,  что  малый  и  средний  бизнес  приобрел  ключевую 

позицию в развитии экономики Казахстана, т.к. он способствует решению проблемы занятости населения, 

наполнению рынка отечественными товарами и услугами, формирует конкурентную среду. Малое и среднее 

предпринимательство стала опорой экономического развития и процветания Казахстана. 

 

Список литературы: 

 

1 https://ru.wikipedia.org/wiki/ 



2 Сайт фонда «Даму»: http://www.damu.kz/17584;  

3 http://www.damu.kz/17310 

http://www.damu.kz/content/files/UluchshenieVozmozhnostey 



Podderzhki 

Razvitiya 

MalogoISrednegoBiznesa.pdf 

5 http://www.vestnik-kafu.info/journal/8/310/ 

6  http://group-global.org/ru/publication/15320-tendencii  -  razvitiya-predprinimatelstva  -  v-respublike-

kazahstan 

7 Закон РК «О частном предпринимательстве»  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

302 


 

УДК 338.124.4 

КӘСІПОРЫНДАРДЫ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ МҤМКІНДІКТЕРІ 

 

Байболов А.Е., техника ғылымдарының кандидаты, ҚазҰАУ 



Жунисбекова Г.Е., экономика ғылымдарының кандидаты,  

Т.Рысқұлов атындағы ЖЭУ, Алматы 

 

Бұл  мақалада  дағдарыс  түсінігі,  түрлері,  дағдарыстың  пайда  болу  себептері  қарастырылып,  елімізде 

дағдарысты мемлекеттік реттеу іс-шаралары келтірілген. 

В данной статье рассматриваются общее понятие кризиса, его виды, причины возникновения, приведена меры 

государственного регулирования кризисных ситуаций в стране. 

This article discusses the general concept of the crisis, its types, causes, shows the measures of state regulation of crisis 

situations in our country. 

 

Дағдарыс  түсінігі  түрлі  басқарушылық  шешім  жасау  әдістемесіне  әсер  ететін  тәуекелділік 



түсінігімен  ӛзара  байланысты.  Дағдарыс  бұл  оның  қоршаған  ортаның  ӛміршеңдігіне  қатерлі  әлеуметтік-

экономикалық  жүйедегі  қайшылықтардың  ӛсуі  болып  табылады.  Дағдарыс  себептері  сыртқы  және  ішкі 

болуы  мүмкін.  Мысалы  фирма  үшін  дағдарыстың  сыртқы  себептері  макроэкономикалық  дамудың 

тенденциясы және стратегиясымен немесе әлемдік экономиканың  дамуымен, бәсекелестікпен, елдегі саяси 

жағдайымен  байланысты  болу  мүмкін,  ал  ішкі  себептер  маркетингтің  тәуекел  стратегиясымен  ішкі 

қайшылықтарымен,  ӛндірісті  басқарудың  кемшіліктерімен,  инновация  және  инвестициялық  саясатпен 

байланысты  болады.  Дағдарыс  түсінігінде  оның  себептеріне  ғана  емес  сонымен  қатар  салдарына  да  үлкен 

мән  беріледі,  яғни  ұйымдастыруды  жаңарту  немесе  оны  жою,  жаңа  дағдарыстың  болуы  немесе  қалпына 

келуі мүмкін. Ол тізбекті реакция сияқты пайда болуы мүмкін. 

Дағдарыс қызмет  ету  мен дамудың  қайшылықтарын ғана кӛрсетпейді, олар қызмет  ету процесінің 

ӛзінде пайда болу мүмкін. Бұл, мысалы, техникалар мен персоналдың біліктілік деңгейі, нақты технология 

және оны пайдалану жағдайы арасындағы қайшылықтар[1].  

Әлеуметтік-экономикалық жүйедегі қатынастар құрылымына байланысты оның даму жағдайларын 

жіктеуде  экономикалық,  әлеуметтік,  басқарушылық,  психологиялық,  технологиялық  дамудың  жеке 

топтарын  бӛлуге  болады.  Экономикалық  дағдарыстар  ел  экономикасындағы  немесе  фирманың 

экономикалық  жағдайындағы  ӛткір  қайшылықтарды  кӛрсетеді.  Бұл  тауар  ӛндірісі  және  ӛткізу, 

экономикалық  топтардың  ӛзара  байланысы  тӛлем  қабілеттілігінің  тӛмендеуі,  банкроттық  жағдай  т.б. 

Экономикалық  дағдарыстар  тобында  жүйенің  немесе  фирманың  қаржылық  мүмкіндіктері  жағдайындағы 

қайшылықтары сипатталады. Бұл экономикалық процестің ақшалай кӛрінісінің дағдарысы. 

Әлеуметтік  дағдарыстар  әртүрлі  әлеуметтік  топтардың  мүдделерінің  қақтығысы  немесе 

қайшылықтары ұлғайғанда пайда болады. Әлеуметтік дағдарыстар  экономикалық дағдарыстардың жалғасы 

болып  табылады,  бірақ  ол  ӛздігінен  де  пайда  болуы  мүмкін.  Мысалы,  басқару  стилі,  еңбек  жағдайына 

қанағаттанбаушылық, экологиялық мәселелерге, патриоттық сезімдерге байланысты болып келеді. 

Әлеуметтік  дағдарыс  тобында  саяси  дағдарыстың  орны  ерекше.  Ол  қоғамның  саяси 

құрылымындағы дағдарыстар, билік, түрлі әлеуметтік топ мүдделерін жүзеге асыру дағдарыстары, қоғамды 

басқаруда  кездесетін  дағдарыстар.  Саяси  дағдарыс  дамудың  барлық  тұстарын  қамтиды,  бұл  ӛз  кезегінде 

экономикалық дағдарысқа ұласып кетеді. 

Ұйымдастырушылық дағдарыстар – кәсіпорындарда іс-әрекетті бӛлу және біріктіру, функцияларды 

бӛлу,  жеке  бӛлімшелердің  қызметтерін  реттеу  дағдарыстары  ретінде  пайда  болады.  Ұйымдастырушылық 

дағдарыстардың  шиеленісуі  барысында,  іскерлік  қақтығыстардың  туындауы  барысында  және  бақылаудың 

қиындығы,  оның  қызмет  ету,  даму  жағдайларының  ӛзгерісінің,  ұйымды  жаңарту  немесе  бюрократикалық 

тенденциялар  тудыратын  ұйымдастырушылық  сақтандыру  қатерлерінің  болуынан  кӛрінеді.  Бұл  дағдарыс 

кӛбінесе ұйымдастырушылық әрекетті қиындатады. 

Психологиялық  дағдарыстар.  Бұл  дағдарыс  түрі  әлеуметтік–экономикалық  дамудың  қазіргі 

жағдайында  сирек  кездеспейді.  Бұл  адамның  психологиялық  жағдайындағы  дағдарыстар,  атап  айтқанда 

күйзеліс,  сенімсіздік,  болашақтан  қорқуы,  жұмыспен,  құқықты  түрде  кӛрініс  береді.  Бұл  қоғамдағы 

ұжымның немесе жеке топтың әлеуметтік–психологиялық климатындағы дағдарыстар. 

Технологиялық дағдарыстар жаңа технологияға қажеттілік жағдайында  технологиялық идеялардың 

дағдарысы  ретінде  пайда  болады.  Бұл  заттардың  технологиялық  сәйкессіздігі  немесе  жаңа  технологиялық 

шешімдерден  бас  тарту  дағдарысы  болуы  мүмкін.  Жалпы  осындай  дағдарыстар  ғылыми  техникалық 

прогресс  дағдарысы  болып  кӛрінуі  мүмкін.  Оның  тенденциялары,  мүмкіндіктері,  салдары  арасындағы 

қайшылықтардың  күшеюінен  кӛрінеді.  Мысалы,  қазір  атомдық  энергияны  пайдалану,  атомдық 

электростанцияны салу идеялары дағдарысты бастан кешіріп отыр[2].   

Жалпы  дағдарысты  негізінен  экономикалық  мүмкіндік,  жаңару,  шиеленістен  шығу,  шешімін  табу 

деп те түсінуге болады. Себебі дағдарыс жағдайында кәсіпорындардың нарықта нық ӛз орнын ұстап тұруы, 

экономикалық ӛсуі мен дамуын қамтамасыз етуде жаңа бағыттар мен әдіс-тәсілдерді қарастыруға тырысады.  



 

303 


 

Елімізде экономикадағы келеңсіз жағдайлар Қазақстанның негізгі саудалық серіктестері Ресей мен 

Қытайдағы  қолайсыз  экономикалық  жағдайлар  әсер  еткені  белгілі.  Қазіргі  таңда  ҚХР  экспорт  және 

инвестициялардан  ішкі  тұтынымды  ынталандыру  мен  қызмет  кӛрсету  сферасын  дамытуға  ӛтпелі  кезеңді 

басынан  кешіп  жатыр.  Бұл  экономистердің  болжамдары  бойынша  орта  мерзімді    перспективада  ел 

экономикасының ӛсімін  баяулатады. Ресей экономикасы ӛткен жылдан бастап рецессия жағдайында екені 

белгілі.  Эксперт-мамандардың  айтуынша,  мұнай  бағасының  тӛмендеуі  және  Батыс  елдері  тарапынан  

санкциялар Ресейдің экономикасына дағдарысты жағдайларды күшейтті, бұл ЖІӚ тӛмендеуіне алып келді. 

Сонымен  қатар  әлемнің  кӛп  елдерінде  ұлттық  валюталардың  девальвациясы  болып  жатыр.  Мұнай 

бағасының тӛмендеуіне әлемдік экономиканың баяу ӛсімі мен шикізат қорының артық саны болуы мүмкін. 

Осы аталған теріс салдарлар отандық экспорттық ӛнімдерге сұранысты тӛмендетті.  

Экономиканың  дағдарыссыз  тұрақты  дамуын  қамтамасыз  етуде  мемлекеттің  рӛлі  келесілерді 

кӛрінеді: 

мемлекет  елдің  жоғары  тиімділікпен  дамуын  қамтамасыз  ету  мақсатымен  барлық  шаруашылық 

звенолар мен халықтардың тұрақты ақша бірлігімен қамтамасыз етуі тиіс;  

әлемдік  нарықта  ӛнім  ӛткізудің  тұрақты    тауашасын  (ниша)  жеңуге  кӛмек  кӛрсету  мақсатында 

ұлттық тауар ӛндірушілерге субсидиялар беру;  

шетелдік жеке және заңды тұлғалар үшін мемлекеттік мүліктерді жекешелендіруге шектеулер қою; 

шағын және орта бизнесті, кәсіпкерлікті жеңілдікпен несилендіру; 

банктік секторды сауықтыру

жаңа инвестицияларды тартуға жағдайлар жасау. 

Дағдарысты жағдайға ұшыраған кәсіпорынға әсер ету әдістері:  

-  кәсіпорынға  меншік  иесі  немесе  нақты  және  жергілікті  үкімет  органынан  қаржылық  кӛмек 

кӛрсету; 

- кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және реконструкциялау, басқару жүйесі мен әдістерінің ӛзгерісі; 

-  кәсіпорын  мүліктерінің  бір  бӛлігін  сату  (несие  берушілер  алдындағы  қарызды  ӛтеу  үшін  ақша 

жұмсау);  

- кәсіпорынды ашық аукционда сату;  

- кәсіпорынды инвестициялық конкурс бойынша сату;  

- кәсіпорынды сот үкімімен жабу; 

- кредиторлармен еркін келісім-шарт жасау[1].  

Дағдарысқа  қарсы  мемлекеттік  басқару  –  мемлекеттік  басқару  жүйесінің  жалпы  жүйесінің  бір 

бӛлігі.  Оған  дағдарыстық  жағдайды  болжау  және  ӛз  уақытында  диагностикалау,  пайда  болу  себептерін 

анықтау,  дағдарыстық  құбылыстарды  тоқтату  бойынша  кезек  күттірмейтін  іс-шараларды  анықтау, 

дағдарыстық  жағдайдан  шығудың  және  тұрақты  экономикалық  ӛсімді  қалпына  келтірудің  кешенді 

бағдарламаларын құру. 

Осы тұрғыда әлемде болып жатқан экономикалық дағдарысқа қарсы тұру мақсатында елбасы 2014 

жылы "Нұрлы жол" инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламасын[3], үкімет 2016-2018 жылдарға 

арналған  Дағдарысқа  қарсы  жоспарын  қабылдады[4].  Бұл  жоспар  ҚР  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың 

халыққа  Жолдауында  анықталған  бес  негізгі  бағыттар  негізінде  жаңа  құрылымдық  экономиканы  құру, 

сондай-ақ экономикалық ӛсімді ынталандыру және экономиканы несиелендіру тұрғысындағы оперативті іс-

шараларды  құрайды.  Осы  бағдарламалар  арқасында  2015  жылы    алдын  ала  мәліметтерге  сүйенсек, 

экономикалық  ӛсім  1,2  %  құраған.  Бұл  негізінен  ауылшаруашылық    ӛнім  ӛндіру  кӛлемінің  артуымен 

түсіндіруге болады. 

Осы  тұрғыда  дағдарысты  мемлекеттік  реттеудің  маңызы  зор.  Дағдарысты  мемлекеттік  реттеу 

мемлекеттің  кәсіпорынды  дағдарыстық  жағдайлардан,  банкроттықтың  алдын-алудан  қорғау  немесе  оның 

келешектегі  қызметін  тоқтату  үшін  пайда  болатын  ұйымдастырушылық-экономикалық  және  кұқықтық 

қатынастарын анықтайды. 

 

Әдебиеттер тізімі: 

 

1.



 

Родионова  Н.В.  Антикризисный  менеджмент:  Учеб.  пособие  для  вузов.-  М.:  ЮНИТИ-ДАНА, 

2001. -223 с. ISBN 5-238-00271-8.  

2.

 



Беляев  А.А.  Антикризисное  управление:  Учебник,  /А.А.  Беляев,  Э.М.  Коротков.  2-е  изд.  -  М.: 

ЮНИТИ-ДАНА, 2009,- 311с. 

3.

 

―Нұрлы жол‖ Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты, Астана, 2014 ж. 



4.

 

2016-2018 жылдарға арналған Дағдарысқа қарсы жоспары 



 

 

 



 

 

304 


 

ОӘЖ 338.43:636.08 (574) 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМУЫНЫҢ 

ЖЕТІСТІКТЕРІ ЖӘНЕ ПРОБЛЕМАЛАРЫ  

 

Байзакова Г.Г. – А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті экономика 

кафедрасының оқытушысы 

 

Ауыл  шаруашылығының  маңызды  саласы  –  мал  шаруашылығы  екендігі  сӛзсіз.  Бәсекеге  қабілетті  мал 

шаруашылығын дамыту қазіргі таңдағы басты мақсат. Сол себептен мал шаруашылығын дамыту қажеттілігі кӛрсетіліп, 

ондағы  елеулі  ӛзгерістер  айқындалған.  Азық-түлік  қауіпсіздігін  жасауда  мал  ӛнімдерінің  алатын  орны  зор.  Мал 

шаруашылығы саласын дамытудағы кездесетін  негізгі кедергілер де кӛрсетілген. 

Животноводство - важная отрасль сельского хозяйства. Главной целью в современном этапе является развитие 

конкурентоспособного 

животноводства.Поэтому, 

указывается  необходимость  развития  животноводства  с 

существенными изменениями. Продукты животновотства играют большую роль в продовольственной безапасности. Так 

же, указаны основные препятствия, встречающиеся в развитии отрасли животноводства. 

Animal husbandry  - important branch of agriculture.  A main  goal in the present  stage is development of competitive 

animal  husbandry.  Therefore,  need  of  development  of  animal  husbandry  with  essential  changes  is  specified.  Products  of  a 

zhivotnovotstvo  play  large  role  in  food  safety.  Also,  the  main  obstacles  which  are  found  in  development  of  branch  of  animal 

husbandry are specified. 

 

Кең байтақ дала тӛсін тӛрт түлікке толтырып, ел ырызығын еселеп жүрген ерен еңбек иелері – мал 



шаруашылығы  еңбеккерлерінің  еліміз  дамуына  қосып  отырған  үлесі  салмақты.  Ауыл  шаруашылығының 

негізгі  саласы,  мыңғыртып  мал  ӛсіріп,  мал  ӛнімдерін  ӛндірумен  айналысатын  мал  шаруашылығы 

еңбеккерлері  халықты  азық-түлікпен,  жеңіл  және  тамақ  ӛнеркәсіптерін  шикізатпен,  ауылшаруашылық 

ӛндірісін  күш-кӛлікпен  және  табиғи  тыңайтқышпен  қамтамасыз  етеді.  Мал  шаруашылығы  ӛнімдері  мен 

оның  қалдықтарынан мал  азықтары  (майы  алынған  сүт,  ет-сүйек  және  сүйек  ұндары,  т.б.),  дәрі-дәрмектер 

мен  биологиялық  белсенді  заттар  (емдік  сарысулар,  гормонды  қосылыстар,  т.б.)  алынады.  Мыңдаған 

жылдық  тарихы  бар  мал  шаруашылығының  Қазақстанның  экономикалық,  әлеуметтік  және  мәдени 

дамуындағы  орны  ерекше  болды.  20-  ғасырдың  басына  дейін  адамдардың  әл-ауқаты  мен  тұрмыс  тіршілік 

деңгейі түгелге жуық мал шаруашылығының ӛркендеу деңгейімен анықталды. 

Қазақстан жерінде мал шаруашылығы ежелден жайылым ауыстырып отыруды талап ететін кӛшпелі 

жүйе бойынша дамығандықтан негізінен қой, ешкі, жылқы және түйе ӛсірілді. Салыстырмалы түрде күтімді 

және құнарлы азықтарды кӛп қажет ететін сиырдың кеңінен таралуы, сондай-ақ қазақ халқы тӛрт түлік мал 

санатына қоспайтын шошқа ӛсірудің қолға алынуы 19-20- ғасырларда Ресейден орыс шаруаларының қоныс 

аударып  келе  бастауымен  тығыз  байланысты.  Сол  кездерде  Орталық  Қазақстан  аймағындағы  мал 

шаруашылығы  ерекшеліктерін  анықтау  мақсатында  жүргізілген  зерттеулер  нәтижесі  мал  түрлері  үлес 

салмағының тӛмендегідей болғандығын кӛрсетті[1].  

Қазақстанда  19-ғасырдың  соңына  дейін  негізінен 

қой, ешкі, түйе және жылқы түліктері ӛсірілуінің бірнеше басты себептері бар. Жер аумағының 70 пайызға 

жуығын  (182  млн  га)  осы  малдарды  ӛсіру  арқылы  тиімді  пайдалануға  болатын  жайылым  алқаптары  алып 

жатты,  айтылған  малдар  жергілікті  табиғат  жағдайларына  барынша  бейімді  еді,  жыл  бойына  дерлік 

жайылым азығын пайдаланып ӛсіп-ӛнді, сонымен бірге жергілікті халық олардың ӛзіндік құны тӛмен және 

зор  сұранысқа  ие  ӛнім  түрлерін  ӛндіру  мен  ӛңдеудің  тиімді  технологияларын  (ет,  май,  сүттен  тағам,  жүн, 

теріден киім-кешек, кӛшпелі баспана – киіз үй жасау) жақсы меңгерді. 

 Әр  түрлі  аймақтардағы  мал  шаруашылығының  дамуы  мен  түлік  түрлерінің  үлес  салмағына  нақты 

аудандардың  жер,су,  ауа-райы  ерекшеліктері  үлкен  әсерін  тигізеді.  Сиыр  ӛсіру  әуелден-ақ  топырағы 

құнарлы, шалғынды аймақтарда нәтижелі жүргізілсе, шӛл және шӛлейіт жерлерде малдың негізгі бӛлігін (80 

пайыздан аса) ұсақ малдар (қой, ешкі) құрады.  

1990-2000 жылы ауыл шаруашылығын реформалауда жіберілген кемшіліктер салдарынан мал саны 

күрт кеміді, оның ішінде сиыр 2,4, қой мен ешкі 3,7, жылқы 1,7, түйе 1,5 есеге азайды. Нәтижесінде негізгі 

мал  шаруашылығы  ӛнімдерін  ӛндіру  кӛлемі  2,5-3,0  есеге  дейін  қысқарды.  Бұл  ауыл  халқының  әлеуметтік 

жағдайының  күрт  нашарлауына  алып  келді,  республика  бойынша  жан  басына  шаққанда  ет  және  ет 

ӛнімдерін  тұтыну  мӛлшерінің  73  кг-нан  40  кг-ға,  сүт  және  сүт  ӛнімдерінің  311  кг-нан  208  кг-ға  дейін 

тӛмендеуіне әкеліп соқты. 

Ел  экономикасының  тұрақталуына  байланысты,  2000  жылдан  бастап  мал  шаруашылығында  оң 

ӛзгерістер  орын  ала  бастады.  1999-2000  жылдармен  салыстырғанда  2004  жылы  сиыр  24,0-22,7  пайызға, 

оның ішінде аналығы 16,0-15,4 пайызға, қой мен ешкі 16,0-15,4 пайызға, жылқы 5,4-7,2 пайызға, түйе 18,0-

17,6  пайызға  кӛбейді.  Бұл  ретте  ірі  қарамен  салыстырғанда,  ұсақ  мал  саны  20-ғасырдың  90-жылдарының 

басында  тез  кеміген  болса,  ал  қазір  қарқындырақ  артып  отырғандығы  байқалады.  Бірінші  жағдай 

реформаның  алғашқы  жылдарында  уақ  малдың  баспа-бас  есеп  айыру  құралы  ретінде  қолдануға  тиімді 

болғандығымен, ал екінші жағдай олардың ӛсімталдық қасиеттерінің жоғарылығымен түсіндіріледі. Қазіргі 

уақытта  Қазақстанда  ӛнімділігі  жоғары  етті  бағыттағы    ірі  қара  малды  сатып  әкелу,  сондай-ақ  солардың 

негізінде  дайын  ӛндірісті  жеделту  бойынша  репродуктивті  шаруашылықтарды  ӛсіру  жоспарланған.  Ауыл 

шаруашылығының маңызды саласы –  мал шаруашылығы екендігі сӛзсіз. Қазақтың байтақ даласы ежелден 


 

305 


 

мал  ӛсіруге  қолайлы  қоныс  болған.  Ата-бабамыз  бұл  кәсіпке  ерекше  мән  беріп,  жесең  –  ас,  кисең  –  киім, 

тӛрт түлікті ғасырлар бойы тіршілігіне басты таяныш етіп келгендігі де сондықтан. Соңғы жылдары қайта 

қолға  алынып  отырған  мал  шаруашылығы  еліміз  алғаш  нарықтық  қатынасқа  кӛшкен  тұста  құлдырауды 

бастан  кешкен  еді.  Дегенмен,  бүгінде  болашағы  зор  бұл  саланы  жандандыруды  жолға  қойған  жобалар 

жеткілікті.  Елімізде  180  млн  га  астам  жайылымдық  жерлер  барын  ескерсек,  отандық  мал  шаруашылығын 

дамыту да, арзан ет ӛндіру де ӛз қолымызда екендігіне кӛз жеткіземіз. 

Қазіргі кезде Қазақстанда мал шаруашылығы ӛндірісін дамыту бүгінгі күннің басты назарыңда тұр. 

Мемлекетіміздің  индустриалды-инновациялық  бағдарламасының  ең  басты  мақсаты  –  бәсекеге  қабілетті 

және экспортқа шығара алатын мал тұқымдарын жетілдіріп, оның ӛнімдерін ӛндіру[2, 3б]. Айта кету керек, 

республикамызда мал ӛндірісінің ӛткен ғасырдың 80-90 жылдары даму қарқыны жоғары болып, 1994-1999 

жылдары  елімізде  болған  экономикалық  дағдырысқа  және  жаппай  жекешелендіруге  байланысты  мал 

санының  күрт  тӛмендеп  кеткені  баршамызға  мәлім.  Бірақ,  соңғы  жылдары  барлық  мал  шаруашылығы 

салалары  бойынша  мемлекет  тарапынан  қолдау  кӛрсету  нәтижесінде  мал  санының  ӛсіп  келе  жатқанын 

кӛруге болады. Бұл мәліметер бойынша соңғы 2000-2007 жыл аралығында мал санының ӛсу қарқыны артып 

келе жатқанын кӛреміз[3, 2б.]. 

Қазақстанда  бәсекеге қабілетті  халықаралық  стандартқа сай мал шаруашылығы ӛндірісі қарқынды 

дамитын болса, елдің әлеуметтік жағдайына зор пайда келтірілетіне еш күмән жоқ. Сондықтан, тӛрт түліктің 

асыл  тұқымдарының  генофондын  сақтап,  олардың  зауыттық  аталық  іздерін  және  тұқымдық  түрлерін 

шығарып,  ӛнімділік  сапасын  арттырған  жӛн.  Сӛйтіп,  бәсекеге  қабілетті  халықаралық  деңгейде  орта  және 

шағын  тауарлық  шаруа  қожалықтарын  біріктіріп,  үлкен  кешен  астына  жұмылдыру  арқылы  сапалы  мал 

ӛнімін экспортқа шығару қажет. 

Ауыл  шаруашылығының  алдында  әлі  де  оңтайлы  шешімін  таппаған  мәселелер  баршылық.  Ең 

бастысы  —  халықты  сапалы,  құнарлы  әрі  арзан  азық-түлікпен  қамтамасыз  ету;  айналадағы  ортаны 

ластанудан  қорғау  және  табиғат  байлықтарын  пайдалануды,  жетілдіру.  Мал  шаруашылығы  саласын 

дамытудағы негізгі кедергілер: 

1.  Ӛндірілетін  мал  шаруашылығы  ӛнімінің  сапасына  және  кӛлеміне  кері  әсер  ететін  ауыл 

шаруашылығы тауарын ӛндірудің ұсақ тауарлылығы; 

2. Жайылымдық алқаптардың жүйесіз қолданылуы олардың тозуына әкеледі; 

3. Жайылымдарды суландыру жӛнінде тиімші шаралардың болмауы; 

4. Арнайы етті тұқымды малдардың санының аз болуы және асыл тұқымдық ұяның қуаттылығының 

аз болуы.  

Сонымен қатар мал шаруашылығын, агроӛнеркәсіптік кешенін дамыту және импортқа тәуелділікті 

тӛмендету  үшін  қазіргі  уақытта  мемлекеттің  аграрлық  саясаты  азық-түлік  тауарларымен  ішкі  нарықтың 

қажеттілігін толығымен қанағаттандыру жолымен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. 

Бүгінгі  таңда  әр  елдің  ұлттық  ӛндірістері  негізінде  дүниежүзілік  біртұтас  тауарлы  ауыл 

шаруашылығы  қалыптасып  келеді.  Ӛндірілген  жалпы  ӛнім  мӛлшері  жӛнінен  Қытай,  АҚШ,  Жапония, 

Аустралия  сияқты  елдер  жетекші  орын  алады.  Жан  басына  шаққанда  ауылшаруашылық  ӛнімдерімен 

қамтамасыз  етілу  дәрежесі  жӛнінен  Батыс  Еуропаның  дамыған  елдері  мен  Канада,  АҚШ,  Жапония  және 

Аустралия  ерекше  кӛзге  түседі.  Дамушы  елдерде  бұл  керсеткіш  ӛте  тӛмен,  тіпті  жалпы  ӛнімді  аса  кӛп 

ӛндіретін Қытай мен Үндістанда ол Канада және АҚШ-пен салыстырғанда 5-6 есе тӛмен.  

Азық-түлік  қауіпсіздігін  жасауда  мал  ӛнімдерінің  алатын  орны  зор.  Солай  болса,  мал  санын 

арттыруды заман талап етеді. Сол себепті мал шаруашылығы саласын дамыту үшін кӛп күш салу қажет.   

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет