Список литературы:
1. Катренко, Л.В. Топинамбур. Источник целебной фруктозы / Л.В. Катренко. – Изд-во: Диля, 2010.
– 144 с.
2. Крусь, Г.Н. Технология молока и молочных продуктов / Г.Н. Крусь, А.Г. Храмцов, З.В.
Волокитина. – М.: Колосс, 2008. – 455 с.
3. Канарейкина С.Г., Ребезов М.Б., Нургазезова А.Н., Касымов С.К. Методологические основы
разработки новых видов молочных продуктов: учебное пособие. – Алматы: МАП, 2015. – 126 с.
4. Миронова И.В., Галиева З.А., Ребезов М.Б., Мотавина Л.И., Смольникова Ф.Х. Основы лечебно-
профилактического питания: учебное пособие. – Алматы: МАП, 2015. – 112 с.
5. Бурцева Т.И., Ребезов М.Б., Асенова Б.К., Стадникова С.В. Развитие технологий функциональных и
специализированных продуктов питания животного происхождения: учебное пособие. – Алматы: МАП,
2015. – 215 с.
6. Канарейкина С.Г., Ребезов М.Б., Ибатуллина Л.А., Кулуштаева Б.М. Технология цельномолочных и
пробиотических продуктов: учебное пособие. – Алматы: МАП, 2015. – 99 с.
137
ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
УДК 323 (574)
ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ОРТА АЗИЯДАҒЫ ӚРКЕНИЕТТІ САҚТАУДАҒЫ РӚЛІ
Абдихалыкова К.С. – А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің
аға оқытушысы, Зимина А. – А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
журналистика мамандығының 1 курс студенті
Мақалада автор небір қилы заманды басынан кешкен қазақ елінің шығыстық ӛркениеттің Орта Азияда
сақталып қалуындағы алар орны мен рӛлі туралы мәселе кӛтерген.
В статье автор рассматривает роль казахского ханства в сохранении восточной цивилизации в Средней Азии.
The author discusses the role of the Kazakh Khanate in the preservation of Eastern civilization in Central Asia.
Әр халықтың тағдыры және ӛркенетінің дамуы ӛсуі және ӛшуі әртүрлі тарихи оқиғалармен
байланысты. Қазақ халқының тарихы осы ілімнен алысқа ұзаған жоқ. Біздің еліміздің географиялық
орналасуы бізге жақсылықты да жамандықты да әкелді. Жақсысы сонау Ұлыжібек жолынан бастап біз бӛтен
халықтардың ӛркениетінен хабар алып, танысып кӛптеген жақсылыққа үйрендік. Және біз шығыстан да,
батысында талай шапқыншылыққа ұшырадық. Ақиқаты осы уақыттан бастап біз Еуропия мен Азияның
ортасындағы алтын кӛпір ретінде Батыс пен Шығысты байланыстырып тұрдық. Сонымен қатар қазақ елі
XVI ғасырдан бастап мұсылман ӛркениетінің солтүстіктегі, шығыстағы болат қалқанына айналды. Бірақ бір
ӛкініштісі тарихшылар тарапынан осы тарихи шыңдықтың әлі күнге дейін зеріттемей келе жатыр.
Шыңдығында 16-17 ғасырдан бастап 19 ғасырдын ортасына дейін Орталық Азиядағы мұсылан ӛркенитін
Ресей және Ойрат шапқыншылығынан сақтап қалған қазақ хандығы болатын. Біз осы жұмыста осы бір
зерттелмей қалған тұстар туралы мәселе кӛтермекпіз.
Қазақ «қазақ» болғалы ӛз тарихында тұңғыш рет ӛткен, яғни 2015 жылы ӛз мемлекетінің
құрылғанына 550 жылдығын дүбірлі тоймен атап ӛтті. Сан ғасырлардың талай тарихи оқиғалардың куәсі
болған кӛне Таразда, ел ордасы Ұлытауда, қазақтың тағы басқа қалаларында ӛткен мәслихаттар еліміздің ӛз
тарихын құрметтеуінің, ӛткенді ұмытпауының куәсі. Әлемдегі әр халық ӛзінің ӛткен тарихын, ӛзінің ұлы
тұлғаларын құрметтейді. Бұл заңды нәрсе. Ӛткен тарихқа терең үңілсек қазақ халқымен қатар Армян, Ноғай,
Ойрат, Америка үндістері сияқты халықтар адамзат тарихында ӛз ізін қалдырды. Бірақ ӛкінішке орай тарихи
оқиғалардың әр түрлі себебімен бір халықтар ӛсіп, екіншісі ӛшіп отырған. Қазіргі уақытта ӛкінішке орай
жаңа құрлықта ӛз ӛркениетін құрған Үндістер ізім-қайым жоғалыудың алдында тұр. Армяндар ӛз ата
қонысының жартысының кӛбінен айырылды. Ұлы даланы тәлтіреткен Ноғай мен Ойраттардан қалған
ұрпақтың саныда мардымсыз. Осы уақытта халықтардың ішінде ӛз жерін сақтап қалған, жүздеген жылдан
кейін отаршылдық буғауынан құтылып егеменді ел құрған қазақ халқы. Тарихшы Мұхаммет Қайдар Дулати
Қазақ хандығының құрылған уақытты хиджраның 870 жылы деп атайды. Батыс Жетісуда Шу мен Талас
ӛзендерінің ортасында құрылған осы хандық Еуразияның аймағында геополитикалық саясатқа жаңа бір леп
әкелді. Ең бастысы олар шығысқа қарай бет алған Ойрат тайпаларының алдында алынбас қамал ретінде
құрылды. Шын мәнінде Қазақ хандығы кіндік Азиядағы мұсылман ӛркениетінде шығыстағы Ойраттардан
солтүстіктегі Орыс мемелекетіне алынбас қалқан болды. XV ғасырдың соңында Еуропа елінің теңізшілері
жаңа құрлық пен Үндістанға жетті. Сонымен, отаршылдық дәуірі басталды. Шығыс Еуропада Алтын
орданың буғауынан құтылған Ресей біртіндеп шығыс ұлттарға ауыз сала бастады. 1552 жылы Қазан қаласын
алған Ресей әскерлері тӛрт жылдан кейін Хадж Тарханды алды. 30 жыл ӛтпей Сібір хандығы құлады. Ал сол
уақытта Дешті- Қыпшақ даласында үлкен ӛзгерістер болып жатты. 1428 жылы Ақ орданың соңғы ханы
Барақ қаза тапты. Кейін таққа Шайбан ұрпағынан шыққан 17 жасар Әбілқайыр отырды. Бірақ оның билігі
тым әлсіз еді. Осы уақытта 1457 жылы кіндік Азияда мұсылман әлеміне ойламаған қатер келді. Бұл қатер
Моғолстан хандығын баса кӛктей ӛткен Ойраттар еді. 1457 жылы Сығанақ қаласының түбінде болған
қырғын шайқаста Әбілқайыр хан Ұлы Темір басқарған Ойрат қолынан оңбай жеңіліске ұшырады. Осы оқиға
шындап келгенде тек қана Дешті- Қыпшақ емес бүкіл кіндік Азия мұсылман ӛркениетіне тӛнген қауіптің
басы болатын. Осы оқиғадан кейін он жыл ӛтпей Орыс хан ұрпақтары Жәнібек пен Керей алғашқы қазақ
хандығының туын кӛтерді.
Ӛзбек Қазақ қауымдастығын этносаяси тұрғыдан нығайта түскен тағы бір маңызды нәрсе
Әбілқайыр ӛлген соң Ӛзбек мемелекетінде бүліншіліктер басталып, ондағы ру тайпалар Қазақ хандығына
кӛшіп келе бастады. Мұның ӛзі ӛзбек қазақ елінің Дешті-Қыпшақта тәуелсіз мемлекетті орнықтыруына жаңа
мүмкіндіктер ашты. Бұл маңызды істе әсіресе Керейдің қанды шайқастардың бірінде ертерек қайтыс болып
кетіуіне байланысты Жәңібектің бір орталыққа бағынатын хандықты нығайтудағы рӛлі үстем. Сондықтан
да, дәстүрлі деректердің бәрі Жәнібектің қазақтың алғашқы ханы деп кӛрсетеді.Ол бұл жолда, әсіресе
тайпалық кӛсемдердің бытыранқылығын, билік қумарлығын шектеуге күш салады. Сондықтан да, оның
есіміне билер «Әзіз», яғни «Бәрінен үстем», деген қасиетті есімді тіркеді. Қазақ билері мұндай жоғарғы
мәртебені Жәңібектен кейін Тәукеге ғана бергені белгілі.
138
Қазақ хандығының құрылуы шын мәнінде 300 жылға созылған Қазақ Ойрат соғысының
басталуымен сәйкес келеді. Үш ғасырға созылған осы қырғын соғыста басты маңызы қазақтардың тек қана
дербестігін, ұлттылығын сақтап қалғаны ғана емес оның бір басты маңызы еліміздің ӛз кеудесімен Ӛзбек,
Қырғыз, Қарақалпақ, Тәжік халықтарын Ойрат шапқыншылығынан құтқарғанын, осы арқылы орта
Азиядағы халықтар бізге қарыздар екенін естен шығармауымыз керек. Сол бір кезең туралы қазақтың
кӛрнекті жазушысы білгір тарихшы Мұқтар Мағауин «Орталық Азиядағы үстемдік үшін күрескен екі
халық арасындағы кенеусіз ұрыстар 1520 жылдары басталып, ара-арасында аз ғана үзілістермен 1758 жылға
дейін, яғыни екі ғасырдан астам уақытқа созылды. Екі елдің де барлық күш-қуатын сарқып, эканомикалық
және рухани дамуын тежеп, тікелей ұрыстарда мыңдаған адамының қанын тӛгіп, халықтардың табиғи ӛсімін
бір жолата шектеген екі жүз жылдық соғыс нәтижесінде Ойрат жұрты ажал қақпасынан аттап, жер бетінен
мүлдем жоғалды, ал қазақ жұрты құлдық қақпасынан аттап, отарлық кепке түсті»- деп, жазды 1.
Тарихи мәліметтер бойынша, Жоңғар мемлекеті билігінің тізгінін Сыбан Раптан ұстаған кезеңде,
жоңғарлар қазақ жеріне жеті рет (1698-1711-1712-1714-1718-1723-1725 жылдары) жойқын шабуыл жасап,
басып кіріпті. Соның ішінде тӛрт алапат соғыс әз Тәуке ханның тұсында орын алған 2.
. Шын мәнінде Орта Азия ӛркениетін сақтап қалуы қазақтар үшін зор апат болды. Шәкарім
Құдайбердінің жазуынша қазақтар халқының 2/5 жоғалтты. Осыған ұқсас мәліметтерді демогроф Мақаш
Тәттімов растайды 3. Бұл тарихи шындық. Тарихи деректерге сүйенсек XVII ғасырдың II жартысынан
бастап Ойрат мемелекеті құлағанша Орталық Азияда оларға қарсы тұратын бірде-бір қарулы күш болған
жоқ. Жалғыз ғана күш ол қазақтар еді. Бұқара, Хиуа одан кейін пайда болған Қоқан мемелекеттері ӛз -
ӛздерімен қырлысып жатқан болатын. Мысалы: олардың қолында ірі қарулы күштер болса осы хандықтар
Ақтабан шұбырынды кезінде-ақ қазақтарды отарлап алушы еді және Ойраттарды Мауренахыр жеріне аяқ
бастырмас еді. Бірақ ондай күш оларда болмады. Расын айтқанда осы хандықтар жаудан жеңіліп безіп келе
жатқан қазақтарды да тоқтатуға күші болмады. Самарқан, Хиуа қалалары қазақтардың босқындарына тӛтеп
бере алмауы осыған куә. Іс жүзінде қазақ хандығы тарихта кездесетін сирек феноменді жасады. Бұл оқиғаны
1812 жылы Наполеонді тоқтатқан, Еуропаны азат еткен Орыс армиясының ерлігімен, Батыс Рим
инпериясын құлатып кӛптеген халықтарды Рим езгісінен құтқарған ғұндардың жорығымен қатар қойуға
болады. Сақ, Ғұн, Сарматтардың батыр ұрпақтарының ерлігі тарихта ескерусіз қалды. Тарихта бұндай
оқиғаларда болады. Ұлы Еуразиялық зерттеуші Лев Гумилев қытайлықтардың Еуропаға жетуіне ғұндар
кедергі болды деп санаса, Рим әскерінің Қытай әскеріне қарсы еш қауқары жоғын Талас бойындағы соғыс
анық кӛрсетті. Сонда да, Еуропалықтар кӛшпенділерге жақсы атақ бермеді. Еуроцентризім аталған бізге жат
идеалогия басталуы сол кезде қалыптаса бастамағанына кім кепіл? Ӛкінішке орай осыған ұқсас жағыдай
XIX ғасырдың басындада қалыптасты.
«Ӛзім асыраған күшігім, ӛзімді қапты», - деген дәуір басталды. Мыңдаған қазақ балалары құлдыққа
сатылып мыңдағаны ӛлтірілді. Бірақ батыр халық бұл қырғынанда аман шықты. Абылай хан қайтқаннан
кейін (1881 жылы) ауыз бірлігінен айырылған қазақ сексен жылға жуық Ресей басқыншылығынан шын
мәнінінде мұсылман ӛркениетін қорғап тұрды. Кенесары, Есенгелді, Саржан, Жанқожа, Есет, Бекет, Исатай,
Маханбет қозғалыстары шын мәнінде тек қана Қазақ хандығын емес Орталық Азия ӛркениетінің мүддесі
үшін болған қозғалыстар еді. Екі жарым ғасыр бойы солтүстіктен ентелеген орыс әскерін шын мәнінде
қазақтар ұстап тұрса, оған Орта Азиялық үш хандықтың не бәрі 9 жыл ғана қарсылық кӛрсетуге шамасы
жетті (1864-1873. Бір Кенесарының қозғалысын (1837-1847) жаныштау үшін Ресей империясының он жыл
уақыты кетті. Қозғалысты басыуға Орынбор, Сібір орыс казактары, тұрақты армия бӛлімдері, қазақ
сұлтандарының жасақтары қимыл жасады. Ал орталық Азияны жаулап алған әскерлердің саны шын мәнінде
5 мыңнан аспайтын және жоғарыда айтылғандай Орталық Азияны жаулап алуға 9 ақ жыл уақыт кетті.
Осының ӛзі қазақтардың болат қалқаны Орталық Азияның халықтарына солтүстіктенде, шығыстанда берік
қорған болғанының дәлелі еді.
Осы айтылғандарды тұжырымдай келе мынадай қорытынды шығаруға болады: Еуропа мен Азияны
байланыстырып ұлан байтақ аймақты алып жатқан қазақ елі шығыс ӛркениетінің Орта Азияда жойылып
кетпеуіне үлкен үлес қосқанын ӛзгелер тұрмақ ӛзіміз де біле бермейміз. Бұл турасында біздің тарихшылар
жастарға, келешек ұрпаққа осыны дәйекті мысалдармен дәлелді етіп түсіндірсе ӛз тарихымызға, игі
істерімен қазақтың ұлт ретінде жойылып кетпеуіне, ӛзгелерге тәуелді болмай, ӛз жері, ӛз елі болуына бар
мүмкіндікті жасап кеткен кешегі ата-балаларымызға болашақтың иелері жастардың құрметі арта түсер еді
дегіміз келеді.
Әдебиет тізімі:
1. Мұқтар Мағауин, Шығармалар жинағы, Алматы 1998 ж.
2. Жылқыбай Жағыпарұлы, Ойрат одағы, «Егемен Қазақстан». 30 қыркүйек, 2015 жыл
3. Мақаш Тәттімов «Елбасы және ел саны», Алматы 2004 жыл
139
УДК 659.1525 (574)
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨРМЕ – «ЕХРО 2017»
Абдихалыкова К.С. – А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің
аға оқытушысы, Шаукен Ж. – А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
журналистика мамандығының 1 курс студенті
Мақалада халықаралық кӛрмелелердің қысқаша тарихы және 2017 жылы Астана қаласында ӛтетін «ЭКСПО-
17» кӛрмесі жайлы айтылған.
Статья посвящена краткой истории международных выставок, а также выставке «ЭКСПО-17» которая
проходит в г.Астане 2017 году.
The article discusses the short history of international exhibition, and the exhibition «EXPO20-17» will be held in
Astana in 2017.
Дүниежүзілік «ЭКСПО» кӛрмесі – ресми түрде танылған халықаралық кӛрме. Оның негізі мақсаты
әр елдің бір немесе бірнеше сала бойынша ӛндірістегі жетістіктерін кӛрсету болып табылады. Дүниежүзілік
кӛрмені сайып келгенде адамзат шабыты мен ой тереңдігінің жеңісі мен жетістігі, жинағы деп қарастыруға
да болады. Мұнда әр елдің экономика, ғылым, технология және мәдениет саласындағы жетістіктерімен
танысу мүмкіндігі туындайды. Елдер мен сол елдердегі түрлі фирмалардың, халықаралық трансұлттық
компаниялардың бір-бірімен тәжірибе алмасуы, инновациялық идеялармен бӛлісуі де осы алаңда тоғысып
жатады. Дүниежүзілік әмбебап кӛрмелер ӛзінің ауқымдығы, қоғамдық-саяси және экономикалық мәні,
кӛркемдік жағынан алғанда Олимпиадалық ойындармен парапар. Бұл кӛрмелердің арқасында халықаралық
сауда айналымы арта түседі 1.
1851 – 2015 жылдар аралығында ӛткен Дҥниежҥзілік кӛрмелер
№ Ел
Қала (жыл )
1.
Ұлыбритания
Лондон (1951, 1962), Уэмбли (1924)
2.
Франция
Париж (1855, 1867, 1878, 1889,1900, 1908, 1925, 1931, 1937)
3.
Испания
Барселона (1888), Барселона и Севилья (1929), Севилья (1992), Сарагоса (2008)
4.
Италия
Милан (1906, 2015), Турин (1911) Генуя (1992)
5.
Канада
Монреаль, (1967), (Ванкувер1986)
6.
Жапония
Осака (1970), Окинава (1975), Цукуба (1985), Нагоя (2005)
7.
Бельгия
Брюссель (1897, 1910, 19351958), Льеж(1905), Гент (1913), Антверпен (1930)
8.
Австралия
Мельбурн (1886), Брисбен (1988)
9.
Оңтүстік Корея Тэджон (1993), Йосу (2012)
10.
АҚШ
Чикаго, Иллинойс (1893, 1933) Сан-Франциско Калифорния (1894, 1915, 1939)
Филадельфия, Пенсильвания (1876, 1926) Атланта, Джорджия (1895), Буффало, Нью-Йорк
(1901) Сент-Луис, Миссури (1904), Хэмптон-Роудс, Виргиния (1907), Сиэтл, Вашингтон (1909,
1962) Сан-Диего, Калифорния (1915), Нью-Йорк (1939, 1964) Сан-Антонио, Техас (1968),
Спокан, Вашингтон (1974) Ноксвиль, Теннесси штаты(1982), Жаңа Орлеан, Луизиана (1984)
11.
Австрия
Вена (1873)
12.
Ирландия
Дублин (1907)
13.
Бразилия
Рио-де-Жанейро (1922)
14.
Португалия
Лиссабон (1998)
15.
Германия
Ганновер (2000)
16.
ҚХР
Шанхай (2010)
Интернет материалдары бойынша кестені құрған авторлар
«Экспо» кӛрмесі негізі әмбебап және мамандандырылған болып екі түрге бӛлінеді. Бұл екеуінің
арасында мынадай айырмашылықтар бар:
- әмбебап (адамзат қызметінің әр түрлі саладағы жетістікері кӛрсетіледі);
- мамандандырылған (белгілі бір саладағы жетістіктердің нәтижесі ұсынылады).
Кӛрмелер бастапқыда қандай да бір реттелген мерзімсіз 2 жылдан 7 жыл уақыт аралығында
ӛткізілді. Алғашқы Дүниежүзілік кӛрмелер негізінен ӛнеркәсіптің жетістіктерін сарапқа салса, кейін
кӛрсетілім ӛнімдерінің тақырыбы, түрлері кеңейе түсті.
Соңғы 20-25 жылдан бері әмбебап кӛрмелер әр 5 жыл сайын ӛткізіліп келеді, ӛткізетін мерзімі 6 ай,
ӛткізілу алаңының кӛлеміне шектеу қойылмаған.
Мамандандырылған кӛрмелер екі әмбебап кӛрмелердің арасында ӛткізіледі, ӛткізу мерзімі 3 ай,
кӛрсетілім алаңы 25 га. Кӛрме қандай да бір арнайы тақырыппен ӛткізіледі.
Ең алғашқы Дүниежүзлік әмбебап кӛрме 1851 жылы «Барлық ұлттардың ӛнеркәсіп бұйымдарының
1851 жылғы Ұлы кӛрмесі» деген атпен Лондон қаласында ӛткізілген болатын. Онда 40 мемлекеттен 17 мың
экспонат қойылды. Кӛрмеге 6 млн. адам қатысты, 5000 астам экспонатқа жүлде берілді.
Халықаралық Көрмелер Бюросы Париж қаласында 1928 жылғы 22 қарашада қол қойылған
140
Халықаралық көрмелер Конвенциясының басшылығы мен өтінімдерін қамтамасыз ету үшін құрылды.
Қатысушы елдердің Үкіметтері оның мүшелері болып табылады. 1851 жылдан бүгінгі күнге дейін 63
халықаралық көрме өткізілді: 20 рет АҚШта, 9 рет Францияда, 7 рет Бельгияда, 4 реттен Жапония, Испания
және Италияда, 3 рет Ұлыбританияда, 2 реттен Канада, Австралия және Оңтүстік Кореяда, 1 реттен
Австрия, Ирландия, Португалия, Германия және Қытай елінде.
Қалалар бойынша: 9 рет Парижде (Франция), 4 рет Брюссельде (Бельгия), 3 рет Сан-Францискода
(АҚШ, Калифорния), Нью-Йоркте (АҚШ), 2 реттен Лондонда, Барселонада и Севильяда, Сиэтлде,
Вашингтонда, Филадельфияда, Пенсильванияда (кестені қараңыз).
Енді біздің еліміздің осы айтулы көрмені өткізуге мүмкіндік алған шараға тоқталып өтелік. 2012
жылдың 22 қарашасында ҚазАқпараттың Еуропадағы меншікті тілшісі Димаш Сыздықов Париж қаласынан
ақпарат агенттіктері арасында алғашқы сүйінші жаңалық жариялады. 2017 жылы ЕХРО мамандандырылған
көрмесін өткізу құқығының финалдық кезеңінде Қазақстан елордасы – Астанамен бірге бельгиялық Льеж
қаласы үміткер болды. Бельгия өзінің өтінімінде «Адамдарды біріктіре отырып» деген тақырып ұсынды.
Қазақстан елордасы ұсынған тақырып – «Болашақтың энергиясы» – энергияның баламалы көздеріне және
«жасыл» технологияларға арналған.Әрбір үміткер елге таныстырылымын жасау үшін 30 минуттан берілген.
Осы берілген уақыт ішінде оның қатысушыларына Қазақстан және оның елордасы Астананың ЕХРО
өткізетін орын ретіндегі әлеуетін көрсететін бейнероликтер көрсетіледі. Қазақстанның вице-премьері
Қайрат Келімбетов пен Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов сөз сөйлеп, соңынан Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнежолдауы қорытындылады. Халықаралық
көрмелер бюросының 161 мүше-мемлекеттері өкілдерінің жасырын дауыс беруі барысында әсем Астана
бельгиялық Льеж қаласын басып озып, ЕХРО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу
астанасы болып таңдалды. Астананың өтінімін Халықаралық көрмелер бюросының 103 қатысушы-елі
қолдады, 44-і - «қарсы» дауыс берді2.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында ЕХРО-2017 халықаралық
мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссияның
отырысында сөйлеген сөзінде: «Көрме біздің елімізге ірі инвестиция тартуға мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ
ЕХРО көрмесін өткізу арқылы Қазақстан «жасыл экономиканы» дамытуға тікелей септігін тигізетін жаңа
технология мен инновация алады» - деді. Астана “ЕХРО- 2017” көрмесі «Болашақ энергиясы» ұранымен
өтеді, тақырыбы жан-жақты қызығушылық тудыратын энергия болып табылатын кең ауқымды жоба ретінде
ойластырылған, ол оны осы қауымдастықтардағы адамның күнделікті өмірі және қауымдастықтарының өмір
сүруін анықтайтын фактор ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.«Болашақ энергиясы» ЕХРО-2017 көрмесі
тұрақты энергия көздерін дамытуға, энергия үнемдеу сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған
стратегияларды, бағдарламалар мен технологияларды зерттеуге бейімделген. Оның мақсаты – жаңармалы
энергия көздерін пайдалануды және энергетикалық ресурстарды тиімді тұтынуды ынталандыру.Бүгінгі күні
бізге қол жетімді энергоресурстар адамзаттың ажыратылмас мұрасы болып табылады, оны жауапты және
ұтымды пайдалану қажет. Бұл жаһандық іс-шараның міндеті – энергия тұтынуды жоспарлау мен бақылау,
сондай-ақ болашақ ұрпақтардың өмірі үшін қажетті тұрақты энергия көздері мен біздің ғаламшарымыздағы
бүкіл жандыны сақтап қалу үшін халықаралық қоғамастықты жауапкершілік сезіміне шақыру. Астана
ЕХРО-2017 бүкіләлемдік аренада Қазақстанның танылуы мен туристік тартымдылығын арттыруға, біздің
халқымыздың қонақжайлылығын көрсетуге бағытталған. Көрме өткізу, сонымен қатар елорданың, тұтастай
еліміздің экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы үшін қосымша стимул болады. ЕХРО өткізу
орнында салынатын объектілер болашақта Қазақстан мен оның елордасын ірі халықаралық, көрмелік және
ақпараттық- презентациялық алаң ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Астанадағы ЕХРО-2017 Орталық Азия аймағы мен ТМД елдерінде өткізілгелі отырған алғашқы
халықаралық көрме болмақ 3.
Астанадағы ЕХРО көрмесі 3 айға – 2017 жылғы 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін созылады. Оған
әлемнің 100-ге тарта елі және 10-ға жуық халықаралық ұйымдар қатысады деп күтілуде. Көрмеге 5
миллионнан астам адам келеді. Бұл Қазақстанның халықаралық ілгері жылжуы жолындағы үлкен қадам
болмақ. ЕХРО-2017-ні өткізу елорданың, сондай-ақ тұтастай алғанда республиканың экономикалық және
инфрақұрылымдық дамуын қосымша ынталандыруға қызмет ететін болады. Қорыта келгенде, күннен күнге
дамып жатқан заманауи технологияларды тиімді пайдалану үкіметтік деңгейде қолға алынса, біздің дәстүрлі
энергия көздеріне тәуелділігімізді айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік туар еді. Сонда біз қоршаған ортаны
зиянды қалдықтардан қорғап қана қоймай, көптеген жұмыс орнын құрып, сатып алу қабілеттілігін арттыра
аламыз. ЭКСПО-2017 көрмесі тек Астана үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін экономикалық дамудың жаңа
қадамы болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |