бағытталған арнайы түрі. Адам таным бойынша әрекеттің екі негізгі түрін жүзеге
асырады: - қоршаған дүниені өзге ұрпақтардың танымдық қызметінің нәтижелері арқылы
таниды (кітаптар оқиды, білім алады, материалдық және рухани мәдениеттің; барлық
түрлерімен қауышады); - қоршаған дүниені тікелей таниды (өзі немесе адамзат үмітін бір
жаңалық ашады). Таным - білім алу және дамыту үдерісі үнемі тереңдетіліп және
кеңейтіліп отыратын, нәтижесінде, жаңа білім алынатын таным объектісі мен
субъектісінің әрекеттесуі. Білім әрқашан тәжірибелік ақпараттық сипатта болады. Егер
белгілі бір идеяға практикалық қажеттілік туа қалса, онда олар университет зертханалары
мен кафедраларға қарағанда өндірісте, практикада тез жүзеге асырылады. "Білім"
терминінің үш аспектіде қолданылатынын естен шығармау керек: - бірдеңені істеу, жүзеге
асыру үшін хабардар болуға негізделген білім мен машық қабілеттері; - кез келген
танымдық мән бар ақпарат; - практикамен өзара байланыста болатын ерекше танымдық
бірлік. Соңғы екі аспекті ерекше философиялық пән - таным теориясының
(гносеологияның) зерттеу объектісін құрайды. Таным теориясының философиялық пән
ретіндегі зерттейтіні мыналар: тұтас түрдегі танымның сипаты, оның мүмкіндіктері мен
шекаралары, білім мен шынайылықтың, білім мен сенімнің, таным субъектісі мен
объектісінің ара-қатынасы, ақиқат және оның өлшемдері, танымның формалары мен
деңгейлері, оның тарихи, әлеуметтік-мәдени негіздері, сонымен қоса білімнің түрлі
формаларының ара-қатынастары. Қазіргі философияда таным ортақ мәселелердің бірі
болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: